Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет141/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   190
Болымсыздық есімдіктері
Бұл топқа жататын есімдіктер болымсыздық мағынада қолданылады. Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауга негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайдағана қолданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).
Болымсыздық есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайсы т.б. бұлардан басқа бір де бір, дәнеңе, түк, дым деген сөздер жатады.
Көптік жалғауы тәуелдік жалғауларымен бірге жүреді. Мысалы, ештемелері, дәнеңелері, ешқайсылары, түктері.
Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің бәріне жалғана бермейді. Жекеше түрдегі ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тәуелденеді. Мысалы, - Балам-ау, мен гастрольде жүрген кісімін, жүк затымнан басқа ұстап жүрген дәнемем жоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білетін менен осыншама адамды риза етерлік не қауқар талап етесің? (Ш.Жиенқулова).
Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе есімдіктері жекеше түрде тұрғанда ғана септеледі, көптік жалғауы жалғанғанда септелмейді.Ал тәуелденіп барып жекеше, көпше түрде де септеледі.
Болымсыздық есімдіктері тікелей жіктелмейді.
Болымсыздық есімдіктері үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:
1. Лексика-семантикалық тәсіл
2. Морфологиялық тәсіл
3. Синтаксистік тәсіл.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдіктеріне түк, дым есімдіктері мен парсы тілінен енген еш сөзі жатады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдіктерге есімдіктердің басқа түрлерімен еш қосымшасының бірігуі арқылы жасалған ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқайсысы, ешқашан, ешбір есімдіктері болып табылады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасапған болымсыздық есімдікгеріне «бір» сөзі мен «де» шылауының тіркесінен жасалған бір де, бір де бір есімдіктері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет