Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет142/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   190
Жалпылау есімдіктері
Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айту мағынасында қолданылатын сөздерді айтамыз. Бұл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді. Мәселен, «Правдада» барша артистер ойнына талдау жасалынып, қатты мақталынып, ал актер Жандарбеков күлкісі «Бекежандай дала тағысының психологиясын аша түсуге кілт болды» - деп жазыпты (Ш.Жиенқұлова). Бір қызық нәрсе, үкімет наградаларын алған біздердің қуанышымызға бүкіл Қазақстан қуанып, Москваға жер-жерден телеграммалар жаудырыпты (Бұл да). Құдай-ау, саяжай дейсіз бе, самолет, машина дейсіз бе, тіпті үстіңізден шыбын ұшырмауға бар күзет дейсіз бе --бәрі бар (Д.Қонаев).
Жалпылау есімдіктерінің тарихы туралы А.Ибатов: «Жалпылау есімдіктері - түгел дерлік бертін пайда болған сөздер. Дәлірек айтқанда, жалпылау есімдіктері - түгелдей өзге сөз таптарына тән сөздерден, яғни жеке сөздердің өзіне тән лексикалық мағыналарынан айшақтай келе, белгілі бір заттар мен құбылыстарды топтай, жинақтай көрсету дәрежесіне түсу нәтижесінде келіп пайда болған сөздер»-дейді .
Жалпылау есімдіктерінің барлығына бірдей тәуелдік жалғауы қосыла бермейді. Бұл топтағы есімдіктердің ішінен бар, барлық, барша, түгел есімдіктері ғана тәуелденеді. Мысалы, - Кешегі Қазақстан К(б)П Өлкелік комитетінің қаулысын баршаңыз оқып құлақтанған шығарсыздар (ШЖиенқұлова). Ал бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тәуелденбейді. Жалпылау есімдіктері сустантивтенгенде тәуелденіп барып септеледі. Мысалы, Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттыктаймын дегендегі баршаңызды сөзі тәуелденіп барып септеліп тұр.
Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды.
Бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тек қана атрибутивтік мәнде жұмсалады.
Кейбір жалпылау есімдіктерінің жасалу жолдары туралы қысқаша мына жайларды айтуға болады:
1. Бәрі деген жалпылау есімдігі бар есімдігіне III жақ тәуелдік жалғауын (- і) қосу арқылы жасалған. Қазақ тілінің үндестік заңына сай бұл бары болу керек еді, бірақ олай емес бәрі болып кездеседі. Мүмкін ерте кезде бары түрінде қолданылуы да ықгимап.
2. Барлық есімдігі бар сөзі мен -лық қосымшасының қосылуы арқылы жасалған.
3. Барша есімдігі бар сөзі мен -ша қосымшысының жалғануы арқылы жасалған.
4. Күллі, тамам есімдіктері араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Мәселен, күлліесімдігі күллүн араб сөзінен ауысса, тамам сөзі тамамун сөзінен пайда болған.
Есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болғанымен, ол мағыналар зат және заттық белгі деген ұғымдармен байланысты. Дәлірек айтсақ, есімдіктер зат пен заттық белгіні білдіріп, солардың жалпылама түрдегі атауы болып саналады. Сондықтан есімдіктер, алдымен, заттық ұғымдағы сөздер, субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұғымындағы сөздер, атрибутивтік есімдіктер болып екіге бөлінеді. Осылай екі салаға бөлінуі есімдіктердің түрленуінде де негізгі қызмет атқарады.
Есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады. Субстантивтік есімдіктер зат есімдер сияқгы көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те жұмсала береді. Ал атрибутивтік есімдіктер өз мағынасында жұмсалғанда грамматикалық жағынан түрленбейді.
Сондықтан есімдіктердің бөріне бірдей ортақ деп танитындай өзіндік морфологиялық түрлену ерекшелікгері жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет