Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Барыс септігін меңгеретін септеуліктер



бет176/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   190
Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, сан есімге, есімдікке және есімшелерге тіркесіп, мезгіл-мекен мағынасын білдіреді. Мәселен, Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ (М.Әуезов). Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады (Сонда). Ол қазір шешесіне қарай тарпылдап жүгіріп, дәл от басынан Абайдың төсегіне дейін бір-ақ секіріп, Ґлжанның тізесін соға дүрс етіп кеп түсті (Сонда). Бұл мысалдардың «шейін» септеулігі қатысқан алғашқы екеуінде мезгілдік мағына болса, соңғы үшінші сөйлемде «дейін» септеулігі тіркескен «төсегіне дейін» тіркесте мекен мәні бары байқалады.
Қарай, таман септеуліктері зат есімдерге, көмекші өсімдерге, есімдіктерге және үстеулерге тіркеседі. Мысалы, Қызылшоқыдан Шыңғысқа қарай тартатын көш соқпақгың сол жағында, жағада бір жалғыз төбе бар еді (М.Әуезов). Балалар аттарына мінісіп, беттерін ауыл жаққа бұрғанда, жаңағы асқан белден асып, ойға таман түсе келе жатқан қалың көш көрінді (Сонда).
Салым, тарта, жуық септеуліктері зат есім мен сан есімге тіркесіп, мезгілдік мәнді білдіреді. Мысалы, мыңға тарта, күзге салым, отызға жуық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет