2. Императивтік ишара одағайлары. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағытталып отырған обьектісіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - адамға бағышталып айтылатын одағайлар, екіншісі - малға, үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар.
Адамға бағышталып айтылатын одағайларға адамның атына, адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу, мақсатымен қолданылатын одағайлар қатарына Айда!, Ау! Әй! Тәйт!, Сап-Сапі, Марш!, Стоп!, Кәне!, Жә!, Тек! (Тәк), Әлди!, Әуп! Тәй-тәй! Қаз-қаз! тағы басқа сөздер жатады. Біреріне мысал келтірейік, -Жә, тұратұр енді, мен барып шығайын! (М.Ә.)- - Ау, жігіттер, бұларың не? (Ғ.М.). -Енді аздап сыбырлауларыңа болады. Кәне, кім не айтады? (Газеттен). - Әй, әрі кетші мазаны алмай! Тәй-тәй балам тәй балғын, жүре қойшы жай балғын, Қаз-қаз, балам, қазбалам, қадам бассаң, мәз болам. Әлди, әлди, шырағым, көлге біткен құрағым (Х.ауыз.әдеб.).
Малға бағышталып айтылатын одағай сөздерге: Моһ-моһ!, Шөре-шөре!, Сорап-сорап!, Көс-көс!, Шәуім-шәуім!, Әукім-әукім!, Мәліккелгір! Пұшайт! Ауһау! Айтақ!, Жамандатқыр! сияқты сөздер жатады. Бұлар үй жануарларын жемге шақыру, тоқтату, айдау, үркіту, қарғау мақсатымен қолданылатын одағай сөздер. Мысалы: Әукім.Әукім! Мал деп осы көксиырды айтсайшы! (Б. Майлин). Моһ-моһ!-деп кешкі тынық даланы басына көтерді.
Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Шекетайым, қайдасың? Шөре, шөре! Құлыным менің, қайдасың? Құрау-құрау! Әукешім менің, қайдасың? Ауһау, ауһау! Ботақаным, қайдасың? Кес, көс!
Достарыңызбен бөлісу: |