5.Болжалдық демеуліктері -мыс/міс өзі тіркескен сөзге тек болжалдық мағына жамайды. Ол көбінесе етістіктермен тіркесіп, болжалдық мәнді береді. Мысалы, Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, төлеуіт тайпалары жатады-мыс (Ә.Кекілбаев).
6.Қомсыну демеулігіне тек қана екеш демеулігі жатады. Екеш демеулігі үнемі қомсыну мәнінде жұмсалады. Мысалы, Жан рахатын құс екеш құста біледі (Ш.Мұртаза).
7.Салыстыру демеуліктеріне жататын түгел, тұрсын, тұрмақ демеуліктері сөз таптарына қалай бірдей тіркессе, сөзге үстейтін мағыналары да сондай ұқсас. Мысалы, Мұны естігенде, Күләштің қаптырағаны былай тұрсын, зәрем зәр түбіне жеткендей жүректен жүрек қалмады (Ш.Жиенқұлова).
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар
Шылаулардың зерттелу тарихы жайлы мәлімет беріңдер.
Шылаулардың жалпы сипатттамасы
Шылаулардың түрлері жайлы не білесіңдер? Олардың әрбіріне мінездеме бере отырып мысалдар топтаңтар.
Шылау сөздердің өзіндік сипаты мен жіктелуіне сызба жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |