Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Одағайдың интонациялық ерекшеліктері



бет186/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190
Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
Одағай сөздер қолданылуында түрлі интонациямен айтылатын, әуезділікке, құбылмалылыққа бай. Мысалы: -Жә, тұра тұр енді, мен барып шығайын (М.Ә.), - дегенде «жә» одағайы сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, жеке әуенмен айтылып тұр.
Интонация жағынан ерекшеленеді. Бірқатар одағайлар контексте бір-ақ мағынада қолданылса, енді бір қатары екі-үш, не одан да көп мағынада жұмсалады. Осыған орай одағайларды білдіретін мағыналарына қарай көп мағыналы одағайлар және бір мағыналы одағайлар деп екі топқа бөлінеді.
Бір мағыналы одағайлар сан жағынан аз. Бұл топтағы одағайлар қай ситуация, қай контекске түспесін, қандай интонациямен айтылмасын, үнемі бір-ақ мағынада жұмсалады. Бұған мына одағайларды жатқызуға болады: Алақай!, Ура!, Қап!, Әттеген-ай!. Бұлардың алдыңғы екеуі тек шаттану, қуану сезімін білдіруде қолданылатын болса, соңғы екеуі әр уақытта өкіну мағынасында жұмсалады. Мысалы: - Ура! Әкем жеңімпаз атанды! Алақай! Ата! Апа! Елбосындар келіп қалды! Ағалар келді! Соғыс бітті!.. (Ғ.Сланов).
Қап, Есенейдің бар дүниелігін шаштырып алғанымды қарашы! (Ғ.Мүс.)-Әттеген-ай, менің қолымда билік болса, басқаша болар ма еді ?! -Жә, тұра тұр енді, мен барып шығайын (М.Ә.)- Мұндай одағай сөздер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, жеке әуенмен айтылады.
Көп мағыналы одағайлар сөйлемде әр түрлі мағынада жұмсалады. Кей одағайлар біреудің іс-әрекетіне не сөздеріне риза болып, оны қоштау, қолпаштау, көтермелеу мақсатымен айтылатын шаттық, қуаныш, таңдану мағыналарын білдірсе, енді біреулері біреудің сөзін жақгырмай, наразылық, қарсылық білдіру мағыналарын білдірумен бірге таңырқау мағыналарында да білдіреді.
Қазақ тілінде жеке одағай сөз ретінде жұмсалатын бір фонемалы одағай сөздер көп мағыналы болып келеді. Олар сөйлемде қолданылуына қарай «таңдана таңырқау, сұқгана сұрау», «іс -әрекетті ұнатпай жақтырмағанда наразылық білдіру», «мазалау, қайталап шақыру, қарату мәнін білдіру», «біреуге ашуланып жаны күю, қаһарланып зекіру, ұрсу, жек көру», «мақтау, мадақтау, және табалау» сияқты бірнеше мағынаны білдіреді. Бір ғана «Ә» одағайының көп мағынада қолданылуына мысал келтірейік: - Ә? -деді қалың ойда отырған Ықлас (С.Ерубаев) - деген сөйлемде «ә» одағайы біреудің сөзін анық естімей, аңғармай қалғанда қайта сұрау мағынасында қолданылған болса, -Жоқ, Ақтан ағай, ондай берекесіз қиялды ойлайтын біз бала емеспіз. - Ә, бала емей сендер кімсіңдер!? (Ш.Хұсайынов) деген сөйлемде «ә» одағайы сұрау мағынасының үстіне ренжу, жекіру мағынасын білдіруде қолданылып тұр. Бұл одағай бір нәрсе есінен шығып кетіп, кейіннен еске түскендігін немесе бір нәрсені түсінбей қалып, кейін түсінгендікті аңғарту мақсатын білдіруде де қолданылады. Мысалы: Хат! Кімнен хат? Ә - ә, бағана мен берген хат екен ғой! (Ғ.Сланов). Ә - ә, мен білдім! - деді Асан. (С.М.). Кейде біреуді өзіне қарату мақсатымен қолданылатын қаратпа сөз мағынасында да жұмсалады. Мысалы: Келін, ә, келін! -деді ол шамды тұтатқасын. (С.Мұқанов). Сөйлем соңында келген «ә» одағайының бойында әжуа, мысқыл реңк мағыналары да байқалады. Мысалы: Өзің мені әдейі жалғыз жібергің келіп, естімейсің де, енді келіп өкпе айтқан боласың, ә?! Әй, қусың-ау! (Ә.Әбішев). Мұндай көп мағыналылық қасиет негізінен көңіл-күй одағайларына тән, императивтік одағайлардың көп мағынада қолданылуы сирек, ал тұрмыс-салт одағайларында мүлде кездеспейді.
Одағайлар көркем шығарма тілінде көп қолданылады, әсіресе диалогқа құрылған шығармаларда жиі кездеседі. Ол одағай сөздердің басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуезділікке, ырғаққа, эмоциялық құбылмалылыққа, интонацияға өте бай екендігін көрсетеді. Тіліміздегі көп мәнді одағайлардың әрбіреуі жұмсалу ыңғайына, интонацияның құбылуына қарай бірде созылыңқы баяу, бірде тез, жылдам айтылады. Сөйлем интонациясының құбылуы одағайдың беретін мағынасын да өзгертіп тұрады. Жай кею мағынасында айтылатын сөйлемдер, бірқалыпты сазбен айтылады. Мысалы: Әй, мен осы күні көп қорқатын болдым. Ызалануды білдіруде одағайдан кейін интонация көтеріңкі айтылады да, дауыс сөйлем соңында бәсеңдейді. Мысалы: Тфу! -деп бетіме түкіріп жібергені. Ау, бар немемісің? Жоқ сұрасам, бетіме түкіресің. Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Мұндай ерекшелік одағайдың сөйлемдегі орын тәртібіне де байланысты болады. одағайлардың айтылу интонациясы да басқа-басқа болып келеді. Егер одағай сөз біреудің сөзін анық естімей, не аңғармай қалып қайта сұрау мақсатымен қолданылғанда қысқа және көтеріңкі дауыспен айтылады. Мысалы: Е, олар неғыпты? Тыңдап отыр ғой, Қызың Бізбикені киіндіріңіз, -Е, не үшін (Х.ауыз. әдеб.).
Егер одағай сөз ұнатпай, жақгырмай, қайталап сұрау мағынасында келсе, жұлып алғандай қысқа, әрі көтеріңкі үнмен айтылады. Мысалы: Ә-ә! Қашан айттым барам деп? Қой, айналайын, біреумен шатастырып тұрған шығарсың. (Ғ.Мұст.).
Егер одағай бір нәрсе естен шығып кеткенде, кейін еске түскендігін немесе оны алғашқыда түсінбей қалып, кейін түсінгендігін аңғарту мағынасында қолданылғанда, созылыңқы айтылып, баяуырақ ырғақпен тынады. Мысалы: -Ана жылы сізді Шалқарға апара жатқанда шұңқырда отырған... Есіңізде ме? -А... Шұңқырда жалғыз үй ме? (Ә. Нұрп.). - О-о-о! орнын жаңа тапқан.
Одағай сөйлем ортасында немесе соңында келіп, сұрау мәнінде жұмсалғанда, қысқа және баяу үнмен айтылады. Мысалы: -Сен кеткелі үш жыл болып қалды, ә! (Қ.Ж.). - Әлгілер тағы да үйлеріне кетіп барады-ау, ә! (Ғ.М.).
Бір фонемалы одағайлардың екі неімесе одан көп қайталануы көркем шығармалардың диалогтарында кейіпкерлердің көңіл-күйіне байланысты динамикалық, жұмыр, экспрессивті әсермен ерекшеленіп естіледі. Олардың созылыңқы ерекше интонациямен айтылып, мағынасының құбылуы айтылу мелодиясына, интонациялық ырғаққа байланысты.
Тіліміздегі көп мағыналы одағайлардың әр біреуі жұмсалатын мағынасына қарай әр түрлі интонацияда айтылады. Бірде созылыңқы, баяу, біресе жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. Мысалы: Әй, мен осы күні көп қорқатын болдым. Әй, Ақкүміс-ай, адамның ойындағысын табасың-ау (З.А.). Әй, сен өзі мені тыңдап тұрсың ба, жоқ па, а?-деді сөзіне жауап естімеген Құрманбекке қарап.
Бірде одағайдың соңғы буыны жоғары интонациямен көтеріңкі айтылса, бірде басқы буыны ерекше екпінмен айтылып, соңы баяу ырғақпен тынады. Мысалы: Ойбай! Одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да, сөздің өзі жұлып алғандай тез жылдам айтылады. Егер таңырқау, таңдану мағынасында жұмсалатын болса, онда екпін соңғы буынға түсіріледі де, дауысты дыбыс мейлінше созылып айтылады.
Одағай құрамындағы кейбір дауысты дыбыстардың созылыңқы, ерекше интонациямен айтылуы - сол одағайлардың мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады. Ендеше кей одағайлардың көп мағыналы болып құбылуы, олардың айтылу әуезділігі мен интонациялық ырғағына байланысты болады.
Көп мәнді одағайлардың бойындағы қыруар көп мәндер, сол одағайдың өз бойынан шықпайды, олар ондай қасиетке сөйлемдегі, контекстегі ситуация және интонация арқылы ие болады. Контекстің, ситуацияның және белгілі бір жағдайда интонацияның қатыстығы болмаса, одағайлар көп мәнді сипатқа ие бола алмас еді. Сондықган одағайлардың семантикалық сипатын ашуда, мәнін айқындауда контекстің, ситуацияның, интонацияның сөйлемдегі орнының атқаратын мәні зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет