Фонетика казіргі қазақ тілі білімінің басты саласы болып табылады. Фонетика зерттейтін нысаны жағынан да, қарастыратын мәселесі жағынан да тіл білімінің басқа бөлімдерінен ерекшеленіп отырады.
Қазіргі қазақ тілінің фонетика саласы тілдің дыбыстық кұрамын және оның жүйелі зандарын тексереді. Фонетика гректің рhоnеtikоs деген сөзінен жасалған. Қазақша дыбыс мағынасын анғартады.
Тіл білімінде фонетика адам тіліндегі дыбыстық тіл объектісін зерттейді. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі болып табылады. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тілдегі дыбыстарды, олардың құрамын, өзгеру зандылықтарын зерттейді.
Сондықтан да фонетиканың тіл білімінде алатын орны үлкен. Фонетика тіл дыбыстарын және оның заңдылықтарын тексеруде белгілі бір тілдік теориялық қағидаларға сүйенеді. Фонетика жалпы дыбыстардың кұрылысын, олардың жіктелу ерекшеліктерін, дауыс қатысын, дыбыстау аппараттарын, екпін, буын қасиеттерін, үндестік заңының өзіндік белгілерінің қыр-сырын үңіле зерттейді. Біз дыбыс дегенде әрбір қазақ тіліндегі дыбыстарды күрделі тұлға ретінде қарастырамыз. Сондықтан да фонетика тілдегі дыбыстарды фонемалық қасиетіне қарай сұрыптайды. Фонеманың басты объектісі фонема теориясы болып табылады.
Фонема - күрделі дыбыс деген сөз. Сонда фонема дегеніміз не? Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаларды фонема деп атайды. Фонема туралы ғылымды фонология деп атайды.
Тілдегі сөздер бір-бірінен мағынасы мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы: Қазақ тіліндегі тас пен тес сөзін, тоз бен тез сөзін мағынасы мен тұлғасына карап ажыратуға болады. Мағына мен дыбысталудың әр басқа болуы сөздердің формаларын да морфемаларын да ажыратады. Сөйтіп, фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.
Сонымен, фонема дегеніміз де тіл дыбыстары болғанда сөздердің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс болып табылады.Фонетика тілдің материалдық единицасы, мағына ажыратушылық қызметіне карап фонемаларды өзара ұқсастығы мен жақындығы жоқ екен деп қарауға болмайды. Фонетика өз алдына үлкен сала болуымен қатар, оны зерттейтін салалар мен бөлімдерге ие.
Фонетиканың зерттейтін салалары мыналар: