Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Сөзжасам - тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы. Морфология



бет73/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190
Сөзжасам - тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.
Морфология - гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология - тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары, грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.
Синтаксис – гректің syntaxis ( құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз-бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.
Баяндау жүйесі мен тәсілі, зерттеу нысаны мен әдісі қамтыған материалдары және олардың кімге, не үшін арналу мақсатына қарай, грамматика құралдары түрлі болып келеді. Олардың ішінде кең таралғандары: мектеп грамматикасы, ғылыми грамматикасы, академиялық грамматикасы, нормативті грамматикасы, тарихи грамматикасы, салыстырмалы грамматикасы, салғастырмалы грамматикасы, салыстырмалы-тарихи грамматика, сипаттамалы грамматика, жалпы грамматика, сондай-ақ, белгілі бір тілдің морфологиясы мен синтаксисі.
Осылардың ішінен сипаттамалы грамматика-жоғары оқу орындарында күнделікті өмірде жиі қолданылатын құралдың бірі. Грамматиканың бұл түрі белгілі бір тілдің қазіргі, бүгінгі таңдағы, осы замандағы грамматикалық құрылысы мен қалпы, нормалары жөнінде мағлұмат береді. Белгілі бір тілдің сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлем құрылысын тек синхрондық тұрғыдан баяндайтын сипаттамалы грамматиканы германистикада дескриптивті грамматика деп те атайды.
Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала – сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені айқындап, заңдылықтарын ашу үшін, ондағы грамматикалық әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр – тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады. Сөйтіп, ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір –бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет