Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер



бет81/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   190
Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер
Біріккен, кіріккен сөздер деп - екі, кейде үш сөздің мағына және дыбыстық жағынан біртұтас лексикалық бірлікке көшкен сөздер аталады. Құрамындағы сыңарлардың бір-бірімен дыбыстық жағынан тұтасуы, бірге жазылуы арқылы, кіріккен сөздер басқа күрделі сөздерден ерекшеленеді, өйткені күрделі сөздердің басқа түрлерінің сыңарлары бөлек жазылады.
Индоевропа, орыс тіддерінде тек қана біріккен сөздер күрделі сөз саналатыны белгілі. Бұл тілдерде сөздің мағына тұтастығымен бірге, тұлға (дыбыстык құрам) тұтастығы да күрделі сөздің негізгі белгілеріне жатады.
Ал қазақ тілінде ол зандылық күрделі сөздердің бір түрі біріккен және кіріккен сөздерге ғана қатысты. Солай болса да, индоевропа тілдерінде де, қазақ тілінде де бұл мәселеде алалық күшті. Қазақ тілінде бірсыпыра сөздер емлесі қалыптаспай, сөздіктердің өзінде бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүр және қаншама сөздер бөлек жазылып, біріккен сөз деп танылмай жүргенін Б.Қалиев анық көрсеткен. Ол орфографиялық сөздікте 360 қана біріккен сөз беріліп, әлі де 950 біріккен сөздің оған ілікпей калғанын дәледдеген .
Ғалым М.Балақаев біріккен сөздің жазылуындағы алалыкган қүтылу үшін, бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүрген сөздердін бөрін бірге жазуды үсынады .
Біріккен сөздер де басқа күрделі сөздер сиякгы жай сөз тіркестерінен бастау алған, сондықтан оның кұрамындағы сыңарлары сез тіркестерінің құрамындағы сыңарлармен ыңғайлас келеді. Сондыктан біріккен сөз бен тіркесті күрделі сөз және жай сөз тіркестерінде ұксастық өте көп, бұл осы мәселелерді ажыратуда үлкен қиындык туғызады.
Қазіргі сөз тіркестерінің барлық үлгісі біріккен сөз құрамында барын оны зерттеген Г.Жаркешева дәлелдеген.
Қосымшасыз екі түбір сөздің біртұтас мағынаға көшу үлгісімен жасалған біріккен сөздер тілімізде өте көп: абжылан, абырой, адамата, адамзат, адыраспан, айбалта, айдала, айбақ, айнакөз, айылбас, айырбас, асқабақ, асқазан, атауыз, атқонақ, атқосшы, атқұйрық, атқұлақ, аюқұлақ, бақабас, балақыз, балауыз, балбөбек, балықкөз, басалка, баспана, баспасөз, бәйшешек, бұзаубас, бұаутас, гүлсерік, дәуқабақ т.б.
Изафеттік тіркестің барлық түрінен біріккен сөздер жасалған. Изафеттің екінші түрінен жасалған біріккен сөздерге мысал келтіргенде, олар төмендегідей: отағасы, қолбасы, елубасы, қонакасы, сәресі, отгегі, елбасы, түнеугүні, күсбегі, атбегі, колбасшы, өмірбойы, казоты, киікоты, бакаоты. Мүнда бірінші сыңар қосымшасыз болса, екінші сыңардағы тәуелдік жалғау сақталған.
Изафеттік тіркестегі екі сыңардың да қосымшалары сақталған біріккен сөздер де бар, бірақ бұлар аз. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні. Бұл біріккен сөздердің бірінші сыңарындағы ілік септіктің соңғы дыбысы сақталмаған, қыскарған, бірақ -ды буыны сақталған, ал екінші сыңардағы тәуелдік жалғауы толық сақталған.
Біріккен сөздердің бір тобы сыңарларының өте ықшамдалуы арқылы жасалған. Мысалы, биыл (бұл жыл), бүгін (бүл күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай етіп) т.б. Мұндай сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады.
Кіріккен сөздер - құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамай немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер. Мысалы, әкел (алып+кел), өпер (алып+бер), әкет (алып+кет), биыл (бұл+жыл), бүгін (бүл+күн), сәресі (сахар+асы), ағайын (аға+іні), қарлығаш (қара ала құс), білезік (білек+жүзік), сексен (сегіз+он), тоқсан (тоғыз+он), белбеу (бел+бау), қайтіп (қалай+етіп), түрегел (тұра кел), белуардан (бел+буардан), ендігәрі (ендігіден+әрі), ашудас (ашу+тас), сөйтіп (солай+етіп), өйтіп (олай+етіп), бірдеме (бір+неме), біресе (бір+ерсе), қолғанат (қол+канат) т.б.
Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгеріске ұшыраған, бұлардың ішінде бір сыңардан бір ғана дыбыс қана сақталып, сөздің құрамындағы дыбыстары өте ықшамдалғандары.
Есімдік+есімдік үлгісі өнімсіз болып табылады, бұл үлгідегі жасалған біріккен сөздер аз. Мысалы, ешкім, әлдекім, әркім әлдеқалай, әлдеқашан, ешқашан, ешқайда, әрқайсысы т.б.
Етістік+етістік үлгісімен жасалған біріккен, кіріккен сөздер санаулы, бұл өнімсіз үлгі. Мысалы, өткел, әкел, епер, әкет, түрегел сияқгы сөздер ғана осы үлгімен жасалған.

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет