Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет19/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   190
Буын құрамының өзгеруі
Тілдегі әр түрлі морфемалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеу үстінде көбіне бірнеше морфема бірігіп, түйдек құрап айтылады. Әсіресе жеке буын, тіпті жекелеген дыбыс түрінде келетін қосымшалар өз алдына қолданылмайтын белгілі. Олар сөзге жалғанған кезде өздерінің дыбыстық құрамына кейде сақтап, көбіне дауыссыздан басталатын қосымшалар өз алдына буын құрай алады. Мысалы: а-на-лар-ға, а-на-мыз-дың, ал-ма-ды, ой-ла-ды т.б Ал дауыстыдан басталатын қосымша міндетті түрде өзінің алдында тұрған буынның соңғы дауыссыз дыбысын өзіне қосып алады, яғни алдыңғы буынның соңғы дыбысы кейінгі буынның құрамына өтеді, мұны дыбыстың жылысуы деп қараған жөн. Мысалы: ал-а-а-ла, ал-ып-а-лып (көсемше формалы етістік)
Дауыстыдан басталатын қосымшалар жеке дыбыс түрінде, дыбыстардың қосындысы түрінде де болады. Жеке тұрып қосымша алатын дауыстылар:
–а, -е
1) септік жалғау : ойым-а, ойың-а, сөзім-е;
2) көсемшенің жұрнағы : айт-а, жаз-а, кел-е, кет-е;
3) сөз тудыратын жұрнақ : сан-а, бос-а, мін-е, мөлдір-е, шылдыр-а.
–ы,-і;
1) тәуелдік жалғау : ат-ы. ақыл-ы, ес-і,дәптер-і
2) сөз тудыратын жұрнақтар :бай-ы, шыж-ы, қазақ-ы, кем-і
3) -ө,-ү,-ұ
Бұлар жазуда ескерілмейді. Еріндік дауыстысы бар бір буынды сөздерге жалғанатын –е,-ы,-і қосымшалары айтуда сөз жоқ -ө,-ұ,-ү түрде дыбысталады: өлө-өл-е, өсө-өс-е, өнө-өн-е, өрө-өр-е, ұлұ-ұл-ы, қолұ-қол-ы, өрү-өр-і, төсү-тө-сі.
Ал дауыстыдан басталатын тұйық буын қосымшалар тілімізде көп: ай,ақ,ар,ат,ау,ей,ек,ер,ет,ес,еу,ық,ыл,ым,ың,ыз,ыр,ыс,ыт,ыш,із,ік,ім,ін,ір,іт,іш т.б.
Сонымен дауыстыдан басталатын қосымша морфемалар алдыңғы буынның соңғы дыбысын өзіне қабылдау арқылы көрші екі буынның дыбыстық құрамы да өзгеріске ұшырайды.
Сондай-ақ, басқа буындар мынадай жағдайда бір-біріне алмасып отырады. Олар мыналар:
Екі дыбысты ашық буындардан соң жалаң ашық
буын немесе тұйық буын келсе қатар тұрған екі дауыстының алғашқысы түсіп буын ықшамдалып қалады. Мысалы: торы ала - торала (то-ра-ла) .
Жалаң ашық буыны екі дыбысты тұйық буыннан кейін келсе, дауыссыз дыбыс кейінгі буынға сырғып кетеді. Мысалы: ат-ы, а-ты. Яғни бұл буын алмасуын төмендегіше түсіндіруге болады.
Тұйық буын+ жалаң буын, жалаң буын+ ашық буын. Бұл құбылыстың формуласы төмендегідей болады: АВ+А - А+ВА. Яғни тұйық буын +тұйық буын - жалаң буын+бітеу буын.
Екі дыбысты тұйық буын сол тұйық буыннан кейін келсе, алғашқы буынның дауыссызы кейінгі буынға сырғиды. Мысалы: ат-ақ - а-тақ. Мұның формуласы төмендегідей: АВ+АВ - А+ВАВ. Яғни тұйық буын+тұйық буын - жалаң буын+бітеу буын.
Үш дыбысты тұйық буын үш дыбысты бітеу буыннан кейін келсе, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға жалғасады: Мысалы: жоқ+алт - жо+ғалт формуласы төмендегідей. ВАВ+АВВ - ВА+ВАВВ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет