Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет21/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Буын дегеніміз не? Оның қандай сипаты бар?

  2. Қазақ тілінде буынның қандай түрлері бар?

  3. Буын құрамының өзгеруі дегенде не түсінесің?

  4. Буын санының артуы мен кемуіне мысалдар келтіріңдер.

  5. Буынның жіктелу кестесін жасаңдар.

  6. Көркем шығармадан үзінді алып әрбір буын түріне мысалдар топтаңдар.



Екпін және оның түрлері


Қазақ тілінің екпіні сөз ішінде соңғы буындарда болады. Сондықтан да қазақ тілінің екпіні сөз және сөз аралығында болу ерекшелігіне қарай үлкен-үлкен екі топқа бөлінеді: 1.Сөз екпіні. 2.Тіркес екпіні.
Сөз екпіні болуының негізгі себебі екпін сөз ішінде болатындықтан және сөз соңында кездесетіндіктен сөз екпіні деп аталады.
Қазақ тіліндегі екпін басқа түркі тілдеріндегі екпін тәрізді сөздің көбінесе соңғы буынында болады. Екі немесе үш буынды сөздер не көп буынды сөздердің бір буыны негізгі екпінге ие болады да, қалған буындарына екпін түспейді. Мысалы: шағала, кереге. Екпіннің сөз ішінде келуіне қарай оларды екі топқа бөлуге болады. 1.Негізгі екпін. 2.Көмекші екпін.
Қазақ тіліндегі негізгі екпін қосымшада болады, яғни қосымшалы сөздер негізгі екпінге ие болады. Ал, көмекші екпін негізгі түбір сөзде болады. Мысалы: о-рақ, о-рақ-шы-лар. Алғашқы буындағы екпін көмекші екпін болады. Кейінгі буындағы (-лар) екпін негізгі екпін болады. Қазақ тіліндегі қосымшалардың көпшілігі екпінді өз бойына тартып алады. Көптік, септік, тәуелдік жалғаулары екпінді болып келеді де, жіктік жалғаулы екпінсіз болады. Мысалы: оқушылар, мұғалімдер дегенде екпін көптік жалғауына түседі. Оқушыға, мұғалімге дегенде екпін септік жалғауына түседі. Сондай-ақ менің студентім, сенің студентің, оның інісі дегенде екпін тәуелдік жалғауына түсіп тұр. Ал мен оқушымын, сен студентсің, сіз мұғалімсіз дегенде екпін жіктік жалғауына түспейді.
Дауыс екпіні бір сөзбен екінші сөздің жігін ажыратумен ғана емес, бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып отырады. Сондай-ақ тілімізде белгілі бір сөз тіркесі немесе сөз шумағы екпінге ие болады. Сөйтіп, оларда акцентуациялық комплекс жасалады. Ал мұндай екпінді фразалық (ритмикалық) немесе тіркес екпіні деп жүргізеді. Қазақ тілінде тіркес екпіні болатын сөз топтары мыналар:

  • Қос сөздер тіркес екпінге ие бола алады. Мысалы: бала-шаға, ығай-сығай, жөн-жосық.

  • Негізгі мағыналық сөздер мен шылау сөздер тіркес екпініне ие бола алады. Мысалы: үйге дейін, ол үшін, өзі ғана, мың қаралы.

  • Күрделі сөздер түйдегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: оқып отыр, ән салды, жығыла жаздады.

  • Пысықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тізбегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: кеше келді, жақсы оқыды, қалада болды.

  • Идиома сөздер тізбегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: қабырғаңмен кеңес, сөз байла.

  • Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тізбегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: газет оқыды, хат жазды, кино көрді.




Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет