Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет23/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   190
Тіл үндестігінің ерекшелігі
Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуіне тіл үндестігі дейді. Түркі тілдерінде әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танып келеді. Яғни тіл үндестігі сингармонизмге синоним болып келеді. Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады. Түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшаның ара қатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тілінде түбір сөз буын құрамына қарай көбіне бір буынды, екі буынды үш буынды және төрт-бес буынды болады. Қысқасы тіл үндестігі – тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң. Кейбір азын-аулақ ауытқулар бұл заңға ешқандай нұқсан келтіре алмайды.


Ерін үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуіне ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарының да еріндіктен тұруы да мүмкін. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін ерін дауыстыларымен көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру тиіс.
Еріндік дауыстылар сияқты қос ерін дауыссыз да өзінен кейінгі езуліктерге ықпал ете алады. Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады.
Дыбыстар үндесуінің түрлі болуына байланысты үндестік заңы да түр-түрге бөлінеді. Дыбыстардың үндесуі қазақ тілінде өзінің, негізгі ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді: 1.Буын үндестігі (сингармонизм үндестігі). 2.Дыбыс үндестігі (ассимиляция үндестігі).

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет