ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-тақырып. Грамматика мен жазу сабақтарының тҥрлері
Білім мен дағды беруде іске асырылатын оқу жҧмысының ең негізгі тҥрі
- сабақ болып есептеледі.
Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мен шығармашылық қабілетін қалыптастыратын сабақ тҥрлері негізінен мыналар: біріккен сабақ, жаңа сабақ, қайталау, бекіту, жаттығу, Оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу сабағы, жазу сабақтарын талдау сабағы, саяхат, диспут, бәйге, ойын, т.б. сабақтар.
Біріккен сабақта ҥй тапсырмасын тексеру, бҧрын ӛтілген материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау, тҥрлі жаттығу жҧмыстары, ӛз бетімен орындайтын жҧмыстар, ҥйге тапсырма беру, сабақты қорыту, т.б. жҧмыс тҥрлері орындалады.
Біріккен сабаққа қойылатын талаптар:
сабақтың әр бӛлігі жымдасып, жҥйелі бір тҧтас сабақ болып ӛтуі қажет;
Оқушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық тҥсінуі қажет;
сабаққа қажетті материалдарды алдын ала іріктеп алып, толық дайындалған жӛн;
сабақтың жоспары жасалуға тиіс.
Сонымен қатар мынадай дидактикалық талаптар да қойылады:
Жаңа материал ӛткен материалмен байланысты және оған негізделіп келуі шарт.
Тәрбиелік мәні кҥшті мысалдарды іріктеп қолдану қажет.
Жаттығудың тҥрлері, формасы мейлінше тҥрленіп отырылуға тиіс; (грамматикалық тапсырмалар, жазба жҧмыстары, кӛшіру, сӛйлем қҧрастыру, мазмҧндама, шығарма).
Қайталауды сабақ сайын ҧйымдастыру, оқу жылы-ның басында, бӛлім сайын, тоңсан аяғында.
Сабақтың әр минутын ҥнемдеп пайдалану. Ол ҥшін алдын ала жҥйелі
жоспар жасау, оқу қҧралдарды дайындау.
Мҧғалімнің тҥсіндірмесі анық, қысқа, нақты, тартымды болуы керек.
Грамматика мен жазу сабақтарында тіл дамыту жҧмысы іске асырылып отыру керек.
Қазақ тілі сабақтарында кесте, схема, дидактикалық материал, суреттер, заттар, техникалық-ақпараттық қҧралдарды пайдалану.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерек-шеліктерін ескеру;
Сабақ бірде ӛткен материалды жаңа материалмен бай-ланыстырудан басталса, бірде жаңа материалды тҥсіндіруден не жаттығу жҧмыстарынан басталады. Оқушылар сабақ бойы орындаған істердің негізінде бағаланады. Сабақ барысында байқау, тҥсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау, т.б. әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Бҧлардың барлығын бірден пайдалану мҥмкін емес, тиімді деп табылғандарын ғана алуымыз қажет.
Сабақта ҥй тапсырмасын тексеру бӛлігінде оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін айтады және сыныпта істеген жҧмыстарының нӛтижесін береді. Жаттығуларды талдап, қателерін тҥзетеді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тҥсіндіруде мҧғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады. Мысалы, тақырып: "Бір буынды және кӛп буынды сӛздерді буынға бӛлу". Мақсаты: бір буынды және кӛп буынды сӛздерді буынға бӛлу сӛздерін ажырата білуге ҥйрету.
Жаңа материалды тҥсіндіру барысында оқушылар мҧғалімнің кӛмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сӛйлемдерді, сӛздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды. Жаңа материалды бекіту бӛлімі де тҥрлі жолдармен ҧйымдастырылады, оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жҧмыстары, топшамалар арқылы жҥргізілуі мҥмкін.
Ҥй тапсырмасын оқушылар дәптерлеріне жазып алуы тиіс.
Сабақтың әр бӛлімі әр тҥрлі дәрежеде ҧйымдастырылады. Мысалы:
Ҥй тапсырмасын мҧғалім толық және ішінара тексеруі мҥмкін.
Егер оқушылар ҥйге берілген жаттығуды тҥгел оқып, қалай орындағанына тҥсінік беріп шықса - толық тексеру, ал кейбір маңызды сӛздерді, немесе сӛйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса ішінара тексеру жҥзеге асады. Сонымен қатар тексеру жалпы және жеке де болады. Алғашқысында оқушылардан тҥгел сҧралып, же-ке тексеруде Оқушы мҧғалімге дәптерін тапсырады.
Жаңа материал мҧғалімнің тҥсіндіруі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да ӛткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар ҥшін әсіресе әңгіме әдісі тиімдірек, әңгіме барысында сҧрақ-жауап қолданылады. Қойылған сҧрақтарға қарай балаларға кітаптағы ережені оқымас бҧрын қорытынды шығарту кӛзделеді.
Ҥйге берілетін тапсырмаларда балалардың белсенділігін, ӛздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты кӛзделуге тиіс.
Мҧғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты байланысты сабақтың әр бӛлімі немесе кезеңі әр тҥрлі ҧйымдастырыл ады.
Жоғарыда кӛрсетілген бӛлімнің барлығы бірдей бір сабақта міндетті тҥрде іске асырыла берілмеуі де мҥмкін. Кейбір сабақтарда жаңа материалдар тҥсіндірілмесе, кейбіреуінде ҥй тапсырмасы тексерілмеуі де мҥмкін.
Сирек болғанымен, кейде тҥгелдей жаңа материалды тҥсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мҧндай сабақ жаңа материалды тҥсіндіру сабағы болады.
Сабақтың бҧл тҥрінде мҧғалімнің назары материалды оқушылар санасына жеткізуге арналады да, уақыттың дені осыған жҥмсалады. Жаңа материалды ӛткен материалмен байланыстырып сабақтың басында, жалпылай қойылған сҧрауларға жауап алу арқылы немесе кіріспе әңгіме арқылы немесе жаңа материалды тҥсіндіру процесінде ӛткен материалдармен салыстыру арқылы іске асырылады. Ӛткен мен жаңа
материалды байланыстыру арқылы мҧғалім оқушылардың ықыласы мен ынтасын оятып, жаңа материалды меңгертуге дайындық жасайды.
Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, тҥ-сіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме әдістері арқылы жеткізіледі. Бҧл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың кӛлеміне, сабақтың мақсатына байланысты .
Жаңа материалды тҥсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бӛлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты тҥсінгенін байқау ҥшін, сыныпқа сҧраулар қоюға немесе бір-екі сӛйлемді талдатуға болады. Ҥйге берілетін тапсырма шағын, творчестволық сипатта болуы керек.
Жаңа материалды тҥсіндіру сабағы белгілі бір тақы-рып бойынша оқушыларды бӛлшектемей, тҧтас білім беру керек болған жағдайда ӛткізіледі.
Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін жетілдіру мен дағдысын қалыптастыра тҥсу мақсаты кӛзделеді. Сондықтан мҧндай сабақтарда тҥрлі- тҥрлі жаттығулар жҥргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады; ӛткен материалдардан тҥсінбей қалған жерлерді пысық-тайды.
Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір ҥлкен тақы-рыпты аяқтаған кездерде оқушылардың ӛтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жҥргізіледі. Бҧл сабақтар, бір жағынан, ӛтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ҧйымдастырылады. Мҧнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Балалар тҥрлі жаттығулар орындайды, мәтіннен қажетті объектіні табады, мысалдар келтіреді, талдау жасайды, диктант, мазмҧндама, шығармаларжазады. Оқушылар жазу жҧмыстарында кететін қателерді болдырмау мақсатында кейбір жағдайларда сабақ тҥгелдей жазу жҧмыстарын талдауға арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |