Сҧраққа толық жауап алу арқылы сӛйлемдер қҧрастыру.
Бҧл не? - Қарға қайда қонды?
Бҧл дәптер. - Қарға сымға қонды.
Сенің атың кім? - Айдос не істейді?
Менің атым - Айдос. - Айдос кітап оқиды.
Байланыстырып сӛйлеуге ҥйрету жҧмыстары сауат ашу кезінде әрбір сабақ сайын жҥзеге асырылып отырылуға тиіс.
Байланыстырып сӛйлеу дегеніміз - оқиға мазмҧнын жҥйелі тҥрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сӛй-лемдер арасындағы ой байланысын сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру. Байланыстырып сӛйлеуді дамыту
оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, кҥнделікті ӛмірден кӛрген-білгендері бойынша және ойын, т.б. туралы әңгімелер қҧрастыру арқылы жҥзеге асырылады.
Тіл дамытуға байланысты логикалық жаттығулар жҥргізудің мәні зор. Логикалық жаттығулар айналадағы затттар мен қҧбылыстарды таныту арқылы оқушылардың жалпы ой-ӛрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мҧндай жаттығулар әр топтағы заттар мен жануарлардың атын, сипаты мен қимыл- әрекетін білдіретін сӛздерді талап, жинақтап тҥсіндіріп, оқушылардың сӛздік қорын байытуға мҥмкіндік береді.
Мысалы: "қҧстар: ҥйрек, қаз, қарға; аңдар: тҥлкі, қоян, аю", т.б. сияқты сӛйлемдер қҧрастыру нәтижесінде заттардың тобы, тегі туралы жалпы ҧғымдар қалыптастырып, алуан тҥрлі жеке сӛздер ҥйретіледі. Одан әрі әр топтың ӛзіне тән жеке ерекшеліктеріне тоқталу керек. Мысалы: қҧстың екі қанаты, екі аяғы бар. Ол ҧшады. Осылайша логикалық жаттығу тақырыптарын әрі қарай жалғастыра беруге болады.
Мысалы: жиһаздары, ыдыс-аяқ, киім-кешек, ӛзендер, теңіздер, газет- журналдар, т.б.
Логикалық жаттығулардың басқа бір тҥрі - хабарламақ ойдың логикалық жҥйесін сақтап, әңгімені жоспар бойынша айтуға және жазуға ҥйрету. Мысалы: "Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Мҧғалім келді. Сабақ
басталды" деген әңгімедегі сӛйлемдердің орнын ауыстырып; "Сабақ басталды. Мҧғалім келді. Балалар сыныпқа кірді. Қоңырау соғылды" деп қҧрауға болады.
Сауат ашу сабақтарында сӛйлеу мәдениетіне баса назар аударылды. Сабақтағы сӛйлеу мәдениетінің талаптары мҧлтіксіз орындалып отыруға тиіс. Мҧғалімнің сӛзі мазмҧнды, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болуы керек. Ӛйткені, оқушы сӛйлеуді мҧғалімнен ҥйренеді. Оқушыға сӛйлеу ортасының да ӛсері мол. Сондықтан қабырғаға ілінген, тақтаға жазылған жазулар мен кӛрнекі қҧралдар - мазмҧнды, сауатты әрі кӛркем болу керек
Оқушылардың тілін дамыту мақсатында ӛткізілген сабақтарда олардың ҥйренген, меңгерген сӛздерін ҥнемі қайталап, еске тҥсіріп, сол сӛздерді кірістіріп, ауызша да жазбаша да сӛйлем қҧратып жаттықтыру тиімді. Сонымен бірге бҧл кезеңде тіл дамыту жҧмысы оқушылардың ауызекі байланыстырып сӛйлеуін жаңа сапаға кӛтеру арқылы жалғастырылып, олардың жазба тілінің негіздерін қалау міндеті жҥзеге асырыла бастайды. Сӛз тіркесі және сӛйлем туралы ҧғымдар да осы кезеңде меңгертіледі.
Дауыс ырғағын, сӛйлеу қарқынын тәрбиелеуге байланысты жҧмыстар да ҧмыт қалмайды.
Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту жҧмыстарында оқушылардың байланыстырып сӛйлеуі қайтадан бірінші кезекке шығарылады. Бҧл кезеңдегі тіл дамыту -оқушылардың байланыстырып сӛйлеуге бағытталған жҧмыстар сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мҥлде ӛзгеше. Оқушылардың сӛз тіркесі мен сӛйлемді саналы тҥрде тҥсініп, ойларын жҥйелі баяндау тәсілдерін меңгерту кӛзделеді.
Ең бастысы - олардың жазба тілінің негіздері қаланып, ӛз ойларын баяу болса да баяндап жазу машықтарына жаттығады.