Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет148/151
Дата03.03.2022
өлшемі0,55 Mb.
#134156
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
ana tln oqytu adstemes (1)

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Тіл дамыту жҧмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?

  2. Тіл дамыту жҧмысының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері жӛнінде айтыңдар?

  3. Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік, жетістіктерін кӛрсетіңдер.

  4. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін шығарма тақырыптары қалай және қандай тақырыптарда беріледі?
  1. тақырып. Оқушылардың мазмҧндама мен шығарма жҧмыстарынан жіберген қателерін тҥзету жолдары


Мазмҧндама мен шығарманық тҥпкі мақсаты -оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен Бҧл жҧмыстардың мазмҧны мен тіліне кӛңіл аударылуға тиіс. Бірақ Бҧл айтылғаннан орфографиялық
қателерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Орфографиялық қателерді тҥзету осы кезге дейін бірінші міндет болып келді, әлі де осылай бола бермек.
Бҧл жҧмыс екі тҥрлі әдіс арқылы жҥргізіледі:

    1. Балалар ӛзін-ӛзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте-бірте ҥйретіледі.

    2. Балалар ӛзін-ӛзі тексеруге бір-бірінің жҧмысын оқып тҥзету арқылы ҥйретіледі. Бҧл жҧмысты мҧғалім оқушылар шығарманы тҥзету техникасын бірсыпыра меңгерген кезде бастайды. Кішкене балалар бірінің жҧмысын бірі тексеруге, яғни қолдарына қызыл сия мен қалам алып, жҧмыстың қатесін тауып, тҥзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мҧнда ескерілетін жай - кейбір баланық дҧрыс жазылған сӛздер мен сӛйлемдерді қате тҥзетіп қоюынан сақ болған жӛн. Ол ҥшін мҧғалім оқушылардың жҧмысты жӛндеу барысына кӛз жіберіп қарап жҥреді, қажетті жерінде кӛмек береді және оларға асықпай оқып шығып, қай жерінде қате барын алдымен байқап алып қате екеніне әбден кӛзі жеткенде барып жӛндеу керектігі ескертіледі. Жҧмыстарға кӛз жҥгіртіп қарап жҥргенде бір қате 3-4 балада кездескен болса, ол сӛзді жӛндеп жатқан баладан не себепті жӛндегені сҧралады. Жҧмыс барысында осы сияқты тәсілдер арқылы балалар бір-бірінің қатесін тҥзетіп болған соң, дәптерлерді мҧғалім жинап алып кетеді, балалардың тҥзеткендерінің дҧрыс-қателіктерін қарайды, баға қояды.

Бастауыш сынып оқушыларының жазған жҧмыстарында кездесетін қателіктерді жоюдың екінші амалы -ол жҧмыстарға толық талдау жасау. Бҧл сабақтарда балалар ӛз жҧмыстарында кеткен қателермен танысады, мҧғалім Оқушылардың жҧмыстарын тексеріп болған соң, ондағы қателерді топ-топңа жіктеп, барлық жҧмысты салыстырады. Балалардың кӛпшілігіне тән қателерді анықтап, қатені талдау сабағын да осыған орай ҧйымдастырады. Мысалы, оқушылардың кӛпшілігі бір сӛзді бірнеше рет қайталаған болса, сол қайталаған сӛздер тақтаға жазылады. Балалар ол сӛйлемдердің қатесін тҥзейді. Балалар ӛз жҧмыстарынан осы сӛйлемдерді
табады, қателері болса тҥзетеді. Жҧмысының тҥзетілген жері кӛп оқушы оны қайта кӛшіреді.
Оқушылырдың қателерін талдауға арналған сабақтың алғашқы 5-7 минутын мҧғалім жазылған жҧмысқа шолу жасауға пайдаланады. Онда кейбір балалардың жетістігі аталып, тәуір жазылған жҧмыстарының біреуі тҧтас оқылып, әңгімеленеді. Кейбір жағдайда мҧғалім әр жҧмыстың жақсы жазылған жерлерінен ҥзінді оқиды, мысалы, бір жҧмыстың мазмҧнының тҥсініктілігі, екінші бір оқушының ойын жҥйелі тҥрде баяндағаны нашар жақтары айтылады.
Мҧнда да мҧғалім кейбір жҧмыстардан мысал келтіреді, сонан кейін тақтаға алдын ала жазылып қойылған сӛйлемдермен жҧмыс басталады.
Оқушылардың ӛз қателерін байқауға және оның дҧрысына кӛз жаттықтырып, екіншілей ол сӛзден қате жібермеу ҥшін қайта кӛшіріп жазудың пайдасы кӛп. Ал, оқушылар шартты белгілер қоюға екінші сыныптың алғашқы кезінен ҥйретіледі. Онда алдымен бір белгі қойылады; оқушылар бҧл белгіге әбден ҥйренген кезде екінші белгі қойылып, оның нені білдіретіні тҥсіндіріледі. Белгілер осылайша бірте-бірте меңгеріледі. Оқушылардың шығарма, мазмҧндама жҧмыстарында кездесетін қателерді жоюдың ҥшінші жолы - қатенің тҥріне қарай жаттығу сабақтарын ӛткізу. Мҧндай сабақтарда балалар ӛздерінің жазба жҧмыстарында мән бермеген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дҧрыс жазбағандарын саналы тҥрде тҥсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады.
Мазмҧндама мен шығармаларда кездесетін қателерді тҥзету ҥшін дидактикалық материалдарға байланысты жҥргізілетін жҧмыстардың маңызы зор.
Оқушылардың жазу жҧмыстарында кездесетін қателерді болдырмау жолындағы жҧмыстарды тиісті дәрежеде жолға қойып, ҥзбей жҥргізіп отырмаса, ол қателер қайталана береді де, балаларда динамикалық стереотип жасалады, яғни ми қабығында шартты рефлекстер жҥйесі
орнығады. Соның салдарынан кейбір қателерден олар жоғары сыныптарда да арыла алмайды.
Шығарма жұмысын талдау былайша жүргізіледі:

  1. Шығарма жазған оқушылардың саны.

  2. Тақырыпты дҧрыс ашып кӛрсеткен және орфографиялық қате жібермеген оқушылар саны.

  3. Жазған шығарма жҧмысының мазмҧны нашар оқушылар саны: а) жоспардың бірде-бір пункті ашылмаған;

ә) жоспар тҥгел қамтылмаған.

  1. Стильдік жағынан қате жіберген оқушылар саны: а) сӛйлемдегі сӛздердің тәртібі бҥзылған;

ә) бір сӛзді қатар келген сӛйлемдерде бірнеше рет қайталайды; б)сӛз орынды қолданылмаған;
в)сӛйлемдегі сӛздердің байланысы нашар.

  1. Орфографиялық, пунктуациялық қате жіберген оқушылардың саны (әсіресе қандай ереже бойынша кӛп қате жіберген; кӛпшілігіне тән жекелеген қателерді жазып кӛрсету керек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет