Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


Ауызша сӛйлеуді жазбаша сӛйлеуден бҧрын меңгеру қағидаты



Pdf көрінісі
бет10/151
Дата11.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#142420
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
Байланысты:
ana tln oqytu adstemes 2

5. Ауызша сӛйлеуді жазбаша сӛйлеуден бҧрын меңгеру қағидаты.
Бҧл қағидат та адам тілінің дамуына ықпал етеді және тілді оқыту 
әдістемесін қҧрастыруға қызмет етеді. 
Әдістеме қағидаттары дидактика қағидаттары секілді оқытушы мен 
оқушының 
мақсатты 
қызметін 
белгілеуге, 
олардың 
біргеліктегі 
жҧмыстарында қолалы бағыттарды таңдауға септігін тигізеді, әдістеменің 
ғылым ретінде теориялық негіздеу элементтерінің бірі болып қызмет етеді. 
3
-тақырып. Ана тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері 
Практикалық ғылымдар ҥшін практиканық маңызы зор. Ана тілін 
оқыту әдістемесі де практикалық ғылымдар қатарына енеді. Кез келген 
практикалық тҧжырымдар сенімді болуы, жоғары ғылыми дәрежеде, яғни 
тиянақты әрі негізді болуы керек. Әдістеме ҧсыныстарының ғылыми 
дәрежесі, теориялық мақҧлдануы жоғары деңгейде болуы зерттеу 
әдістерінің тиянақтылығына да байланысты. 
Зерттеу әдістері екі тҥрлі. 
1. Теориялық зерттеу әдістері. Олар мынадай жағдайларда 
пайдаланылады: 
а) белгілі бір қҧбылыстың әдіснамалық негізін, онымен байланысты 
басқа ғылымдарды ҥйрену, гипотезаны негіздеу, ізденістің негізгі бағытын 
айқындауда; 
ә) мәселенің тарихы, шетелдік мектептердің тәжірибелері және 
тақырыпқа қатысты әдебиеттерді ҥйрену, тәжірибені талдау, мәселенің 
дәлелденбеген, шешілмеген тҧстарын анықтау, бҧрынғы тәжірибе мен 
қазіргі жағдайды салыстыру, Бҥгінгі кҥн талабы тҧрғысынан баға беруде; 
б) бір-біріне жақын ғылымдардың (психология, тіл білімі, социология) 
зерттеу әдістерін, ғалымдардың зерттеу жҧмыстары тәжірибесін ҥйрену, 
қолайлы әдістерді таңдау, ӛзінің жаңа эксперименталды әдістемесін жасау, 
материалдарды дайындау мақсатында; 


15 
в) эмпирикалық тәжірибе жолымен алынған материалдарды талдау 
және жалпылау, оқытушылардың жҧмыс тәжірибесін ҥйрену, эксперимент 
нәтижесін талдау, іс жҥзіндік ҧсыныстарды қалыптастыруда. 
2. Эмпирикалық әдіс (тәжірибеге негізделген әдіс). Бҧл әдіс мынадай 
мақсаттарда пайдаланылады: 
а) оқытушылардың жҧмыс тәжірибесін ҥйрену, жаңалықтарды таңдау, 
жалпылау, бағалау және бҧқараландыру, оқытушы мен оқушы қызметінің 
дәрежесін анықтауда; 
ә) оқыту ҥдерісін мақсатты кҥзету (сабақ немесе оның бірер бӛлігін, 
оқушылардың жауабын, әңгімесін және жазба жҧмыстарын тексеру), 
оқытушы мен оқушы қызметін сҧраулар арқылы тексеруде; 
б) эксперимент (тәжірибе) әдісін пайдалануда. Қазіргі кезде кеңінен 
тараған бҧл әдісті пайдаланғанда, әдетте дедуктивтік жолмен барады, яғни 
гипотеза қойылады, тақырыпқа негізделіп эксперимент ҥшін материал (оқу 
материалы) дайындалады. Эксперимент бірнеше рет қайталанады, бірнеше 
сынып немесе топта ӛткізіледі. Экспериментте 2 сынып таңдалды. Оның 
бірі тәжірибе сыныбы, екіншісі зерттеу ҥшін таңдалған бақылаушы сынып 
болады. Тәжірибе сыныбында жаңа әдіс, жаңа оқулық, жаңа сабақ жоспар 
пайдаланылса, бақылаушы сыныпта қолданыстағы әдіс, оқулық, сабақ 
жоспарлары пайдаланылады. Екінші рет сыныптар ауыстырылады. Егер екі 
жағдайда да нәтиже оңды болса, демек жҧмыс тәсілі пайдалы деп саналады. 
Эксперименталды зерттеу мақсатының кеңдігімен де ерекшеленеді: кейбір 
әдістемелік тәсілдерді тексеруде бҧқаралылық шарт емес, бірақ жаңа 
бағдарлама, жаңа оқулықтарды бақылау ҥшін аудан, кейде облыс аумағы 
жҧмылдырылады. 
Эксперимент міндетіне қарай мынадай жағдайларда ӛткізіледі: 
1)
жаңа әдіс, жаңа оқулықтың сәйкестігін бақлағанда; 
2)
әдіс 
немесе 
қолданбаның 
пайдалылық дәрежесін 
бақылағанда; 


16 
3)
әдіс немесе қолданбаның сәйкестігі мен нәтижелілігін 
анықтағанда. 
Эксперимент 
нәтижесін 
қорытындылағанда 
белгіленген 
баға 
мӛлшеріне мойысҧнылады. Мҧндай мӛлшер нақты, барлық жағдай ҥшін де 
бір тҥрлі болуы керек. Ана тілін оқыту әдістемесінде жазба жҧмыстарда жол 
берілген қателер саны мен ерекшелігі, белгілі бір уақытта оқылған не 
жазылған сӛздер саны, ауызша әңгімелеу мен жазылған шығарманың кӛлемі 
және бірізділігі мӛлшері пайдаланылады. 
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі ӛзінің предметі және 
міндеттеріне сәйкес эмпирикалық зерттеу әдісін мына жағдайларда да 
пайдаланады: 
1. Озат оқытушылардың жҧмыс тәжірибесін жалпылауда. Бҧл ҥшін 
озат оқытушылардың іс-тәжірибелері ҥйреніледі, талданады, ең пайдалы 
тҧстары анықталып, жалпыланады. Бҧл әдістеме пәнінің теориялық 
қорытындыларының дҧрыстығын тексеруде басты ӛлшем болып, пәнді 
жаңалықтармен байытып отырады. 
2. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі саласындағы мирас 
пен жаңалықтарды ҥйренуде.
3. Білім берудегі тәсілдер мен қҧралдардың пайдалы екендігін 
тексеруде. 
4. Ана тілінен оқушылардың оқуы, жазуы, дербес орындаған және 
шығармашылық жҧмыстарын бақылауда. 
5. Оқушылардың шығармашылық қызметінің нәтижелерін ауызша 
қайта әңгімелеу, жазба жҧмыс сияқты тәсілдер арқылы талдауда. 
Жоғарыда санап ӛтілген бақылау әдістері осы пәннің заман талабына 
сай дамуында ҥлкен маңызға ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет