Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс



бет3/12
Дата04.11.2016
өлшемі3,24 Mb.
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ө л е ң

Дара күндерiмнiң, өткiншi сезiмдердi көрiп,

нала түндерiмнiң кешегi «доспын» дегеннiң,

серiгi болғаның үшiн, минутта жерiнгенiн көрiп,

сенiмi болғаның үшiн кiмнен өшiмдi аларымды бiлмей,

мен сенi аялаймын. кiмдерге кiнә тағарымды бiлмей,

Бiреудiң пасықтығынан, алдыңа лапылдап келем,

бiреудiң жасып мұңынан жарылуға жақындап келем.

жүрегiм сыздаған кезде Өмiрдiң өткелдерiнен

жаным мұздаған кезде қиындық көп көргенiммен,

мен сенi саялаймын. өртенiп от басқаныммен,

Бiреудiң күлкiсiн көрiп, өзiңмен қоштаспадым мен.

бақыттының түр-түсiн көрiп, Күлкiмдi, жайлы күнiмдi,

шаттанып қалған шағымда азапты қайғы-мұңымды

жеткендей арман-сағымға, өзiммен бөлiскенiң Үшiн,

қуаныштан дiрiлдеп денем, қатем мен жеңiстерiм Үшiн

алдыңа күлiмдеп келем. менiң мынау қиындау

Ажалмен айқасқан сәтте тағдырым болып

қыршын жас көз iлгенiн көрiп, о баста көрiскенiң үшiн

Өлең, мен сенi аялап өтем!

«Айек» есiмдi ақын Маржан Ершуованың «Шырақ» атты жыр жинағына дес берейiк. Бұл жинақта Маржан өзiнiң ақын басын тасқа да ұрып тауға да қысқасы шарқ ұрып iзденгенiне куә боламыз. Ендеше, ақынның өлеңдерiнен үзiндi келтiрейiк.

«Ақ бетiнiң сүтi тамып…»

Керуендей ұзын күн, Мұхит түбiн бойласам

Кешегiден көшедi. Үмiттенем қуыапен:

Шапағындай қызыл тым, Тасқын жұтып қоймаса.

Арманымды төседiм. Арман өлмей, жоқ күмән,

Ұшқан ұям – орнында, Пендемiн ғой, айыбым.

Кеттiм алыс, жырақтап. Көзiм алды көк тұман,

Жүрегiме, жаныма Кiмнен күтем қайырым.

Үмiт деген шырақты ап. Тарғыл, тарғыл,

Жеткiзбеген жол шетi, Тарғыл тас

Мың сүрiндiм, құладым. Табанымды қариды.

Дүниенiң бөлшегi Аялайды – көзде жас

Тас кескендей шыдадым. Анашымның әлдиiн.

Күн айналып. Түн келер. Ернiн керген езу – күн

Түксие ме төге мұң. Елiре ме желменен?!

Аспандағы денеден Жоқты iздеп, кезуден,

Арманымды енемiн. Кесiр таптым көлденең.

Кете ме, - деп әл дәрмен, Көк Аспан мен Қара жер

Шыңырауға шын ауса. Қауышса егер не дейдi:

Жеткей, - деп ем, жан-кемем, Бақыт деген - қара тер

Тауға жетiп құлауға. Қазаныңды жебейдi.

Қанатымды жайып мен,

Поэзиясында өз суреткерлiгiмен елдi ойланта келген ақынның бiрi – Дүйсенбек Қанатбаев. Соған орай өзi де «Жазушы» баспасынан шыққан жыр жинағын «Арыстардың мен де бiр жалғасымын» атты өлеңi ерекше мәнге ие. Қай тақырыпқа барса да, өзiнiң шама-шарқында дес бермейтiн ақынға оң-солы бiрдей екендiгiн тағы бiр танытқан сияқты. Онда қазiргi заман шындығының ащы-тұщы жайлары түгел қамтылған деуге әбден болады. Оның өлеңдерiнiң iшiнен «Қош поэзия» деген өлеңiнен үзiндi келтiрейiк.

Маған сенбе, өлеңiм, өзiңе сен.

Уақыттың төзе бiл тезiне сен.

Емiренсең - елiм деп емiренiп,

Еңiресең - елiм деп еңiре сен.

Еленбедiм деп қазiр елеңдеме.

Еленесiң. Болсын тек Елiң есен –

деген ақынның поэзиямен қоштассамын деуi көңiлге қонбайды.



Бауыржан Жақып «Жазушыдан» шыққан жыр жинағының атын «Уақыт ұршығы» деп атаған. Қалай дегенде де ақынның суреткерлiгi мол. Мысал үшiн «Бұлтты жұбату» деген өлеңiнен екi шумақ алайық.

Осқандай-ақ әлдекiмсемсерменен,

Ойбай салған дауыстан теңселдi әлем.

Жай қамшымен сұр аспан тартып қалып

Бұлт иегi бұлтиып кемсеңдеген.

Мөлдiрлiктi қаншама құйса да анық.

Құтылмады-ауқамшыдан бишара бұлт.

Арудай-ақ ұрып ап қатал аспан,

Сұрамайды кешiрiм ишара ғып.

Бұл табиғат құбылысы және нақтылай айтсақ, найзағайдан таяқ жеген бұлттың суретi.

Немесе Кәбiр Ғабдуллиннiң «Астана» баспасынан шыққан «Алтын мүйiз ақ құлжа» атты жинағын алайық. Кiтаптың аты осы аттас дастанымен берiлген екен. Ақын, жалпы жырмен онша шұғылданбағандай. Бiреулерге қиналып келетiн өлең жолдары бұл ақынға оп-оңай төгiле салатын сияқты. Ойы да, тойы да қоса қабатталып жатқан бұл ақынның екпiнiнiң де саябыр тауып кететiн жерлерi де аз емес.

Бүгiнгi күнде оқырмандарға өзiнiң жырын ұсынып жүрген ақынның бiрi – Мұратбек Оспанов. Ақынның шығармашылығы азаматтық лирикадан тұрады. Бұл ретте тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң түйткiлдi мәселелерi сөз болады. Оның «Сандықтас», «Сүмбiле», «Дүние дидар», «Жырұйық» атты жыр жинақтары ақынның қоғамдық шаруаға деген қағылездiгi, заман ауысқанда адамның жан-жүйесiндегi өзгерiстердi тамыршыдай тап басып, жыр тiлiне аударудағы ысылған шеберлiгi қызықтырады, жастық жiгерi сүйсiнтедi.



Кiрпiгiнашып тырысқан шыңның,

Уыздай таңда уыстап күлдiм.

Тыртығын жамап трактор жыртқан,

Тың далам жатыр тыныстап, шiркiн!

Бұл шумақта Тәуелсiздiктiң шуағына шомылумен бiрге кешегi кеңестiк дәуiрдiң келеңсiздiгi де қамтылған.

Мұратбек Оспанов жан-жақты толысқан ақын. Елiне деген махаббат сезiмi таңғы шықтай таза, тұнық тұмадай мөлдiр. Ендеше:

Өлеңiм жүрегiңе жетер бәлкiм,



Өткiзсең көңiлiңнiң кеденiнен! – деп өзi жазғанындай, «Жырұйық» жинағын көңiл «кеденiнен» өткiзiп, «Тәуелсiз елiнiң кеңiстiгiн Асан қайғыдай кезiп, жыр ұйығын табатындығына сенемiз.

Өлең деген

Бiлесiңдер, менiң сырлас достарым,

Өмiр өтiп бара жатыр қас-қағым.

Өлең деген жалғыз түйiр дән едiм,

Қауызымды ендi жара бастадым.

Күннен жылу, жерден ылғал алдым да,

Қан жүгiрдi тарам-тарам тамырға.

Айналамды ырысыммен асырап,

Айналармын көкорайлы шалғынға.

Қарамай-ақ, жалаңаяқ күнiме,

Жалғанамын бұлбұл құстың тiлiне.

Тiрегiм мың сендер қоршап тұрғанда,

Жүрегiмнiң бойласаңдар түбiне.

Ат басындай алтын да бар, маржан бар,

Жайым жоқ қой жайдақ тартып арзандар.

Сара жол бар соқпағында санамның,

Салып кеткен ұлы Абай мен Мағжандар.

Төрт құбылам теңелгендей бҮгiн де,

Құлақ түрем поэзия – дүбiрге.

Қадыр менен Тұманбай жүр жанымда,

Фариза мен Жәркен де бар үнiмде.

Отыз өттi ойын-тойды қуалап,

Қырық келiп қысып жатыр сұрақ ап.

Ойларымның күзетiп тұр есiгiн,

Ұлықбек пен есенғали тұра қап.

Өзiнiң әдемi ой-өрнегiмен поэзиямызға үзбей ат салысып келе жатқан ақынымыздың бiрi – Төрегелдi Тұяқбаев. Бұл ақынның «Астана» баспасынан «Сүймегендер сағынбайды» деген жинағын айтуымызға болады. Сол жыр жинағынан «Күзгi көрiнiс» атты өлеңiнен үзiндi келтiрейiк.



Ауада дымқыл сыз бардай,

Түсердей аспан бiр аунап.

Сабақтан қайтқан қыздардай

Тырналар қайтты тыраулап.

Томсарып тұрған салқын бақ,

Егiлдi-ай келiп егiлдi!

Жапырақ бiткен жалпылдап,

Көз жасы болып төгiлдi.

Қандай жарасымды! Ендi осы жерде тағы да бiр ақынның шығармасына тоқталып өтсек. Ол – Жәркен Бөдешұлының «Бөрiнiң асығы» атты жинағы. Адал жанды ақынның бiр құрсаудан бiр құрсауға түскен азабында өзiнiң атамекен аруағы жебеп, қаншама жыр жазса да өзiн үнемi қабыршақ мұздың үстiнде жүргендей болады. Қай кезде де балапан жүрегiнiң қанатын қаққыштап, көңiл күрсiнiсiне ем iздегендей жыр жолдары алдымыздан қайта-қайта мен-мұңдалап шығып отырады. Дәл бiз айтқан жоғарғыдай табиғаттағы бiрегей ақын екендiгiнде сөз жоқ. Өзiнiң жеке тағдырына жазылған «Өксiк» жырындай аласұрған алапат жәй поэзиясының өн бойына еркiнен тыс сiңiп кеткендей. Ендеше оның жыр жолдарына жүгiнейiк.



Мұхиттай тулап толқыдым.

Жарасын жанның елемей.

Тағдырдың кешкен толқынын

Жүрегiм жүрдек кемедей.

Шегiнбей артқа мен ендi,

Белiмдi қойдым тас буып.

Абайлап келем кемемдi,

Алмайын деп те тасқа ұрып.

Ойланам ауыр жүгiме.

Шындықты айтпай не етермiн.

Түлейдiң түнек түбiне

Бiр күнi шөгiп кетермiн.

Етiме балық таласар,

Түнектi жүрген мекендеп.

Тебiренiп еске ала сал,

Тереңдеп кеткен екен деп.

Осы екi өлеңнен-ақ ақынның қай биiкте тұрғанын және жанын қандай сақтық жайлап алғанын сезiнбейтiн оқырман болмас.

Өзiнiң жырларынан батылдығы мен парасаты қатар өрiлетiн екi ақынның жыр жинақтарына келейiк. Оның бiрi Ертай Ашықбаевтың «Нақыштар мектебi», екiншiсi Ғалым Жайлыбайдың «Қаршығымдағы қара өлең» атты жинақтары. Осы екi ақынның жырларынан бiздiң қазақ халқының өнерiне келген, оның iшiнде әдебиетiмiзге, қала бердi поэзиямыздың төрiне ұмтылған парасаттылықтың батыл да бекем ойлы белесiне тап боласың. Ертай Ашықбаевтың «Өлең» деген жыры.

Хан Абылай бiз емеспiз түйе баққан құла түзде –

Құла түзде шөппен, гүлмен,

Таумен, таспен достаспадық.

Ақы берiп бiлiм алдық.

Ақша берiп көш бастадық.

Көш бастадық.

Қыр басында алқа-салқа көш келедi,

Жоқ iшiнде Бұқар жырау –

Автомобиль бос келедi. – дейдi ақын.

Бұл жинақта қазақ халқының iшкi-сыртқы трагедиясының бәрi толық қамтылған деуге әбден болады. Былай алып қарағанда айтар жырдың ағыны үстемелеп жатқандай әсер тастайды. Ал ол құр үстемелеу болса, одан ештеңе де ұқпаған болар едiк. Бiрақ бұл жерде iштегi өкiнiш пен күйiнiш, сырттағы ұсқынымызбен ұласып, кешегi қасiреттi де қағылездiк өмiрiмiздi өзiнше өрнектеп берген. Ал бүгiнгi iшкi күйзелiстi де жан дүниесiндегi қыжылмен қуаттандыра отырып, байсалды қалыпта жырлайды. Бұл ақында қазымырлық жоқ, қанаттандыру бар. Кектену жоқ, келеге келтiретiн даралық жолы бар. Әр-бiрден соң ақынның ешкiмге ұқсамайтын батылдық әрекетiнiң соны соқпағы жатыр. Бұл мiнез бүгiнгi таңдағы байсалдылыққа бет бұрғызған қасиет деп бiлсек жарасар.

Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қарашығымдағы қара өлең» жинағына келер болсақ, мұндағы байсалдылық бiз ойламаған тұстан өзiнiң қанатын жаяды. Бiр ғажабы мақтан даңғазадан iргесiн аулақ салып жырлауы. ­алым ақында бүкiл қасiретiңдi де, қуанышыңды да асығып, аптықпай ақырын ғана өрнектеп, саналық өреңе өрiс ашқандай жеткiзетiн тәсiл бар. Барынша нақты айтуға, жинақы айтуға тырысатындығы ғажап. Және әрбiр өлең шумақтарының өзiнiң арқалаған жүгiн ақтап шығатындығы сонша, емi-еркiн жекелеп ала беруге болатындығы. Ал тұтастай оқығанда бiр-бiрiне жымдасыпкеткен шумақтар ақын межелеген жырдың күдерi жалын көтерiп шығатыны тағы бар. Мiне солардан бiр үзiндi мысал келтiрейiк.

..Жаны асыл мұрам,

дара шұғылам.

Арымның арын аршыдым.

Қара өлеңiмнiң қарашығынан

Ыршып бiр кеткен тамшымын…

Немесе

.. Жалғанда жалғыз келемiн,

Жанымда жарық жалқындар.

Су емес ақын дегенiң -

Сүмбiле туса салқындар…

Осы шумақтардағы соны теңеулер кiмдi болса да тебiрентпей қоймас және байсалды да парасатты жырдың маңызындай орнықты ойлар өз өресiнен шыққан.

Сонымен бiрге бүгiнгi күнде жас ақындардың да шығармашылығына көңiл бөлсек. Қазiргi жас ақындарды ынталандыруға ықылас та ұшар кеңiстiк те көп. Компьютердiң арқасындатопан судай жайлаған толассыз басылымдар да толымды шығармаға зар. Кезiнде жазғаныңды жақындатуға жасқанатын «Қазақ әдебиетi» газетiнiң «Жас қалам» қосымшасы арқылы да жастар үшiн жиi көрiнуге мүмкiндiк бар. Олардың жыр мүшәйралары «Шабыт» фестивалi, «Жас ақындар антологиясы» басқа да мүмкiншiлiктер арқылы кейiнгi жастар алдыңғыларға қарағанда көп кеңшiлiкке ие. Мұндай қошемет жастарды өсiре ме, өшiре ме, ол жағы ертеңгiнiң еншiсiнде.

Сол жас ақындардың бiрi – Анар Шамшадинованың «Жоқсың сен..» жыр жинағы. Бас жағы босаңдау басталған бұл кiтапты оқыған сайын бiрте-бiрте жанды суреттерге көзiң түсiп, жаның ризашылық табады. Мысалы, «Жапырақтар өлiп жаты қабiрсiз», «Кiлттенiп ап отырам ойларыммен» немесе:

Өлеңiмнiң әр жолы әрбiр жақтан

Тауып жатыр бiр-бiрiн өздерi кеп… -

дейдi. Кiтаптың әр жерiнен осындай сәттi жыр жолдары оқырманын елең еткiзгенiмен көлемi он үш баспа табақ шығарма үшiн оның аздығы да байқалады. Техникалық жағына келсек, «қалыпты» деген сөзге «ардақтым» дегендi, «мидай ғаламға»«сиған қалай» деген тiркестердi ұйқастырған iшiнара кемшiлiктер аңдаусыздан кеткен болуы мүмкiн. Өлең техникасын ойдағыдай меңгерген Анардың бұл жыр жинағы көркемдiк жағынан да сапалы шығармалармен жалғасын табатындығын аңғартты.

Ендi Алмас Темiрбайдың «Аллажар» жыр жинағына тоқталсақ, әу баста жырларынан аңғаратынымыз да – кiтаптың атына сай бiр Аллаға деген сенiмi мен құлшылығы. Оны құран хадистерiнiң шағын өлеңге айналдырған жыр жолдары да дәлелдейдi. Жырды шариғатпен жазу Әбубәкiр Кердерi, Шәкәрiм тағы басқа да ақындарымыздан жалғасқан дәстүр. Бұрын да жыр мүшәйралары мен баспасөз беттерiнен жалт етiп көрiнiп жүрген оның:

Өлеңдерiң жүрекке жас үйiрер



Өзегiнен өмiр исi бұрқырап, - деген суреттi жыр жолдарынан кейiн.

Арам шөптер арасында күн кешкен



Сортаң жердiң соры қалың шөбi едiң, - деген жолдарды оқығанда философиялық таразылаудың тағы бiр олқы тұсын аңғарасың. Мұнда қажетсiздеу өсiмдiктер бiзге арам шөп болып көрiнгенiмен, қанша қаптаса да өзiнiң тектi топырағында тыныш өсуге мүмкiндiк ала алмай, сонда да тiрлiктi оттегiмен жарылқап жатқандығы ескерiлмейдi. Мүмкiн ол қарсылықтар заңдылығына сәйкес болашақ поэзияның көтерер тақырыбы болар. Сол сияқты аллитерацияға құрылып, кiлең «Қ» әрпiнен басталған Кенесары жайлы ассонансқа құрылып, кiлең «А» әрпiнен басталған Махамбет жайлы жырлары да өзiндiк құрылымдық iзденiстен туған.

Десек те:

Қыпшақ, Керей, Арғын да,

Қозған, Найман, Уақ та,

Қабақ, Шектi, Табын да,

Қоқпақ, Жаппас, Дулат та, - деген шумақтардың ұйқастары дыбыстық жағынан әлсiреп тұрғандығын ескеру керек. Жалпы А.Темiрбай кейiнгi толқынның бел ортасындағы ысылған ақын.

Бүгiнгi күнде жас ақындарымыздың шығармашылығғнда да талай ұйқасты сөздердi байқауға болады. Мәселен, Айдос Имантаевтың :



«Тонына жырдың оранған

Тоңбайды жүрек тек қана», -

сияқты Ұлан Сағадиевтың:



«Шiркiн мен де есейген соң ақын боп

Ажар берем мына өмiрдiң түсiне», -

сияқты Бақытжан Байболовтың:



«Өзге қойға телiмесе қозыны

Асыраймын жырдың сауған сүтiмен», - сияқты өлең жолдарындағы кейбiр жалт еткен тұстары ғана болмаса, жастардың кiтап шығаруға көбiрек дайындық, iзденiстерiмен келгенi абзал едi.

Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесi, «Қазақ әдебиетi» газетi мен Алматыдағы халықаралық айтыстардың жүлдегерi - Мекембай Омарұлы поэзия жанрында да қалам тартқан ерекше тұлғалардың бiрi. Поэзия - ақынның жан сыры. өмiр жыры болып табылады. Поэзияны ақынның қай дәрежедегi арыны, дарынын өлең жолдарына құйып, сыртқа шығаратын жан тебiренiстерi деп ойлаймын. Жыр – сапырылысқан сезiмдермен iлiп тҮсер ұшқыр ойлардың да ұшқыны.

Мекембай ақынның «Махаббат» атты бұл жинағына Отан, адамгершiлiк, махаббат жайында шынайы сыр толғайтын және балалар өмiрiн жүрегiмен көре бiлетiн өлеңдерi енген. «Ойы бардың - оты бар» дейдi халық мәтелi. Сол айтпақшы, өлеңге де мiнез керек. Ал, қан тамырыңды шарпып, от өткендей ете бiлетiн мiнездi жырлар ақынның өлеңдерiнде мол кездеседi. Ақынның «Түркiстан» поэмасы мен «Маржан», «Төле би толғауы», «Беташар термесi» атты өлеңдерi бар. Солардың бiрi ретiнде «Қоғалы көл», «Қылтанақ», «Меннiң Отаным», «Бостандық Қаңтар», «Ақындар», «Бiздiң ел» сияқты жырларындағы бiр ерекшелiк сол - мұнда азаттық тұлға тұтас көрiнедi.

Айтқандай бiр шүкiршiлiк,

Күн де бүгiн аса қызды.

Пияз кессем, сүтi шығып,

Көздерiнен жас ағызды.

Сөзiмдi кiм құптар екен?

Ташкент деген - құт-берекем.

Бiздiң елдiң сиыр түгiл,

Пиязында да сүт бар екен.

Бұл жолдар ақынның «Бiздiң ел», деп аталатын өлеңiнен.Осы сегiз жолдың өзiнен айтайын деген жақсы ойын Мекембай Омарұлы ақындық сезiмтал жүрегiмен жеткiзiп отыр.

«Түркiстан» атты поэмасында ақын:

Тiлек пен жүректегi сан армансың,

Содан ба, сен киелi саналғансың.

Бiшкексiң, Бұхарасың, Самарқансың.

Ұл-қызың асқақ арман жетелеген.

Қазығұрт, Қараспанмен сарыарқамысың.

Тұрса да күтiп өзiн алдан үш сын,

Аспаныңда қаоықтап арман ұшсын.

Әйтеуiр тегiн Отан емессiң сен,

Манассың, Қобыланды, Алпамыссың.

Күн деген көңiлге нұр құя тұрсын.

Сен Қанқамсың, Отырар, Қиятымсың.

Арымсың, Ожданымсың жүректегi.

Жүзiмдегi иба мен ұятымсың.

Гүл - тағдырың айналған дерексiзге.

Ұлы десе, ұлы-ақ ел ек бiз де.

Ананың жүрегiндей бөлiнбейтiн.

Бiр Түркiстан бәрiбiр керек бiзге, - дегендi айтады. Тарихтың, қоғамның алдындағы үлкен жауапкершiлiктi сезiнген көзi қырағы, жүрегi нәзiк ақын ғана осындай поэтикалық қорытынды жасай бiлсе керек.

Он сегiз мың ғаламның iшiнен бөлiп алып, туған жердiң суретiн салу - төрт тұяғы болаттай дүлдүл жүрiстi ақындардың ғана қолынан келедi. «Қараманас» деген өлеңiнде:

Қызығар-ай,

Қызыл арай дала суып,

Жұдырыққа бет алды бала суыт.

Қараманас.

Қарасы батпас бiлем,

Беттi қарып барады қара суық, - деген жолдар – жүйрiк көңiлдiң шалқып кетiп барып, әдемi сурет болып көрiнiс тапқаны.

Ақынның шабыты шалқыса, айтпайтын және айтылмайтын сыры қала ма? Туған жердi тiлiне тиек етпеген ақын ақын ба? «Шәукеншек. Ақпан» өлеңiнде өзiнше және өзгеше де ой айта бiлiптi:

Мүлгiп тұр Сiңлiм бабам бiр шуақты,

Ақ адал iс қылған жер.

Дүниенi оятып жүр сияқты

Желкеден ысқырған жел.

Сергек сезiмдiлiк, тапқырлық және байқағыштықпен өмiрлiк өлең жазу деген, сiрә, осы болса керек.

Бәрiнiң жабыла жазып жүргенi - өмiр, өмiр шындығы. Ал, Мекембай ақын сол өмiр туралы не деп тебiренедi?

Көктемiмдей көк жұлын өңiрге мен

Келгелi көп сүрiндi көңiл - дөнен.

Қайтып қана, айтсаңшы, көңiлденем?

Күшiк күйеу болып та қап кететiн

Қайын жұртым емес қой өмiр деген.

Жалтақсыз шындықты айту дегенiмiз – осы. Көңiлге көп түйгенi болмаса, ақын бұлай деп сiрә да айтпаған болар едi.

Ақынның «Махаббат» деген өлеңi бар. Бұл жыр азды-кемдi ұйқасқан сөздердiң тiркесi емес, Мекембай туындыларының озық үлгiсi сияқты:

Өмiр деген шырын ғой бал жақпай да,

Бiрлiгi мен тiрлiгi бар жақ қайда?

Қу шаштық ағарғаны түк те емес,

Басында биiк таудың қар жаппай ма?

Өмiр деген ұлы дүниенiң тамырының соғуын – жан лүпiлiн кейде тамыршыдай тап баса бiлетiн ақында:

Өнерiме қол соғып, күлiп елi,

Қуантқан тәңiрiмнiң күнi менi.

Ақынға айта алмайтын жылы бiр сөз,

Досым-ау, дүниенiң құны ма едi? – дейтiн жолдардың да барлығын айта кетсек, терiс болмас.

Ендеше, Мекембай Омарұлының «Махаббат» жинағы бүгiнгi өскелең поэзиямызға өзiндiк жаңа өрнегiмен қосылған дүние деп бiлемiз. Ақынның өлеңдерiнде шынар жайы да тiлге тиек болар екен. Халық ұғымында шынар – биiктiк пен адалдықтың белгiсi. Дәмдi сөз бен әсем әуен, азаматтық үн, ырғақ – бәрi ақынның жырларында өз жарасымын тапқан. Ақынның 1996 жылы жазылған мына бiр өлеңiне көңiл аударалық:

Менiң Отаным

Ташкент – тектi-түптi жер, Қызылнұра – iнi тау.

Қамысы да түктi жер. Еңке бабам iзi бар

Дәуiрi мен сәуiрi, Ақ тастай қайда ұлы тау?!

Гәуiлi де мықты жер. Ақсақ, Бозсу – сайлы өзен,

Ата-бабам туған соң, Шақ-шақ Шыршық – жайлы өзен.

Қайда мұнда құтты жер?! Сақ-сақ Саңырау – сайлы өзен.

Әбiлқасқа - тiрi тау, Жанында қалқам жүрген соң,

Көкқия- жаны сiрi тау. Қарасудай қайда өзен?!

Ал Бесiктау – iрi тау,

Мұнда ақын өзiнiң туып-өскен жерi туралы айта келiп, ол өзендер мен тауларды жырлаған.

Мұхтар Әуезовтiң 100 жылдығына арналып, Алматыда өткен ақындар мүшәйрасының жүлдегерi - Мұрат Бекей.

Қашан да зұлымдықпен бетпе-бет келiп жататын, түнектен де нұр iздейтiн, бойынан iзгiлiктi Тургеневтiң торғайынша қорғайтын тосын күш таба алатын ұлы мейiрiмнiң қайнар көзi – Поэзия. «Адам жаны» деп аталатын құдiреттi симфонияның сиқырлы әуенiндей боп естiлетiн осынау сөзде ақындықтың ақсақ мұраты жатыр. Осы ақсақ мұратқа жетуде сұлулықты сезiнудiң орны мүлде бөлек.

Сұлулыққа табыну…Мұрат жырларын оқығанда, ақынның бүкiн талпынысының негiзiнде осы қасиет жататыны аңғарылады. Ол тектен-текке алғашқы жинағын «Сұлулық сыры» деп атамаған. Бұл жинақ жайлы «алғашқы» деген сөздi айтудың өзiнде де шарттылық бар сияқты.



Әуенiмен арманның сазын аңғар,

Әз-ағаға iнiлiк базынам бар:

Қап кетпесiн қапыда қалтарыста

Жан нұрынан жинаған қазынамды ал.

Газеттерде көрiнген алғашқы топтама өлеңдерiнде алдыңғы толқын ағаларға назын айта, базына айта келген Мұрат ақынның мұнысы - өмiр бойы өзi үшiн өлең жазып, белгiлi бiр кезеңге жеткенде, жазған дүниелерiн жұрт көзiнен жасырудың қиянат екендiгiн сезiнген ақынды шырт ұйқыдан шымшып оятқан серпiлiс секiлдi. Ақынның «Арман сапары», «Найман ана», «Абай - Мұхтар» атты поэмалары мен «Жыр әлемi», «Армандарым бар», «Туған жерге күз келдi», «Өмiрде қаншама сырлы iз бар», «Төлеген Айбергенвты еске алу», «Сұлулық», «Сүйем сенi поэзия», «Әндi сүйсең менше сүй», «Қайран өлең», «Жаңа таң», «Жастық шаққа барайық» сияқты өлеңдерi бар. Солардың бiрi – «Армандарым бар» атты өлеңi.

Көлдерге қанат көктемде жайғанда қулар,

Махаббат әнiн шалқыта салғанда арулар,

Кiрпiктерiне iлiнiп қалғанда мұңдар,

Күйiнiш пенен сүйiнiш, бал үмiттерден,

Сағыныштардан – мен мәңгi табынып келген,

От сезiмдерден тұратын армандарым бар.


Yкiлi басын паң ырғап тұрады шыңдар,

Құлағын содан кеудемде нұр-ағысым бар.

Сұлу сезiмдер жанымда сыланысыңдар –

Iзгiлiк күйi тартылып жырымда мәңгi

Сүйетiн бәрiн жақсыға ырымдағанды

Армандарымның серiгi-қуанышым бар.


Нұр алып содан бақтарым ашты гүлiн бар,

Еркелететiн гүлдерiн шатты үнiм бар.

Сағыныштарым, кеудемнен ақтарылыңдар, -

Аруларымның аяулы махаббаттарын,

Аялай-тұғын менде ұлы шапағат барын

Әйгiлер айдай әлемге отты жырым бар.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақ поэзиясының бүгiнгi таңдағы орны дегенде ненi түсiнесiң?

2. Бүгiнгi тақырыпта жазылған қандай поэзиялық туындыларды бiлесiң?

3. Тәуелсiздiк жылдардағы ақындар шығармашылығының қандай өзiндiк ерекшелiгi бар?

4. Оразақын Асқардың қандай поэзиялық туындыларын бiлесiң, мысалдар келтiр.

5. Ақұштап Бақтыгереева поэзиясының тақырыбы мен идеясы.

6. Фариза Оңғарсынова поэзиясының өзiндiк ерекшелiгi неде?

7. Марфуға Айтхожина шуғармаларының тақырыбы мен идеясы.

8. Есенғали Раушанов өлеңдерiндегi кейiптеу мәселесi.

9. Мұратбек Оспановтың «Жырұйық» атты жинағының мазмұны мен мәнi неде? Өлеңдерiнен мысалдар келтiр.

10. Бүгiнгi күндегi халықтың тұрмыс-тiршiлiгi туралы жазылған қандай поэзиялық туындыларды бiлесiң?

11. Соңғы уақытта жарияланған поэзиялық жинақтарды атап бер.


Қазiргi қазақ поэмасындағы жанр, түр iзденiстер және басты мәселелер
Жоспар

1.Поэма туралы түсінік.

2.Поэманың жанрлық, түр, форма жағынан баюы.

3.Қазіргі қазақ поэмасындағы тақырыптық, идеялық-көркемдік құбылыстар.

4.Қазіргі қазақ поэмасының әдеби процестен алатын орны.

5. Қорытынды.


Тірек сөздер: Философиялық поэма, публицистикалық поэма, лирикалық поэма, сюжетсіз поэмалар, эпикалық поэмалардың азаюы, ертегілік, фантастикалық, аңыздық сюжеттер, эпистолярлық поэма. М.Шаханов, О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова поэмалары, стиль, ізденістер.

Бүгінгі өркен жайып, қарышты қадаммен алға басып келе жатқан қазақ әдебиетінің іргелі жанрының бірі –поэма. Соңғы кездерде жарық көрген поэмаларға тұтастай шола қарасақ, олардағы басты тенденция - өз замандастарымыздың қазіргі өмірінің эпикалық көркем шежіресін жасау екендігін көру қиын емес. Бұларға бүгінгі замандас өмірін уақыт талабына сай суреттеген Ғ.Қайырбековтың, Т.Бердияровтың, Қ.Мырзалиевтың т.б. поэмалары толық дәлел бола алады.

Қазіргі замандас туралы жазылған қазақ поэмасының бірі – ақын Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы., оның басты идеялық түйіні – адамдар арасындағы достық сезімді ардақтау, құрметтеу проблемасы. Ақынның бұл шығармасын бір сөзбен достық, махаббат туралы асқақ жыр деуімізге болады. Поэманың алғашқы жолынан соңғы нүктесіне дейінгі барлық көркемдік компоненттері біздің дәуір адамдарының бойын биікке көтеріп келе жатқан достық атты қасиетті сезімнің күш-қуатын танытуға бағытталғаны көрініп тұр.

«Танакөз» поэмасында ақын шағын шегініспен жас кейіпкерлер әкелерінің кешегі ІІ дүниежүзілік соғыстың дауылды жылдарындағы қасиетті ұлы достығын тебірене толғайды. Сол әкелер достығын лайықты түрде жалғастырушы екі жастың –лирикалық кейіпкер мен Мұраттың достығы поэмада бастан аяқ әдемі де әсерлі бейнеленген. Майдан жылдары қан қақсап, жесір қалған аналардың екі баланы егіз қозыдай етіп әлпештеп тәрбиелеуі де өмір шындығын танытады.

Адам тіршілігінде достыққа, ынтымаққа кедергі де, сын да көп. Сол ауыр сындардан, қатерлі өткелдерден сүрінбей өткендер, адамгершілігі мықтылар ғана достық атты қасиетті сезімге дақ түсірмеуге тиіс. М.Шаханов поэмасының кейіпкерлері де өмірдегі сол қатал сындарға мойымай, майыспай төтеп беріп отырады. Әсіресе, шығармадағы лирикалық кейіпкер мен Мұрат арасындағы сезім қақтығыстары өте нәзік бейнеленген. Қайғылы апатқа ұшырап мүгедек болып қалған Мұрат пен Танакөздің табысуы, достарының аса қиын сәттерінде ұшып жеткен лирикалық кейіпкердің үлкен адамгершілігі поэмада әрі қарапайым, әрі суретті жолдармен келісті өрнектелген. Ақын кейіпкерлерін өмірдегідей шынайы қалыпта көрсетуге ұмтылады. Поэманың құнын көтеріп тұрған жағдай – жастар өмірінен алып, шын мәніндегі адамгершіліктің нәтижесінде тууы мүмкін сыйластықты өнеге етуі. Автор еш бүкпесіз ағынан жарыла сыр шертумен бірге, төтеннен, күтпеген жерден қисынды детальдар енгізіп отырады. Мәселен, Мұраттың аяғы сынып, мүшкіл халде болады деп ешкім ойлай қоймайды. Бірақ мұны кірістіргеннен автор ұтылмаған, қайта жігіт жігерінің қандай қиындық үстінде де мұқалмайтынын дәлелдейтін фактор ретінде көрінеді.

Лирикалық геройдың іштей Танакөзге деген қызғанышы болуға тиіс: ол да арманшыл жас. Дегенмен, көзіне оттай басылатын сол қыздың өз досы – Мұратқа жар болғанына қуануы – жарасымды. Басқа біреу Мұраттың әлгіндей аянышты күйін, алғашқы әйелімен сәнді тұрмыс құра алмай, қайын енесі үйіне алып кеткен келіншегінен кейінгі тіршілігін мүсіркеуі әбден мүмкін. Бұл арада өзінің қара басыңның қамынан шын досыңның қамын ілгері қой деген идеяны ұсынады ақын. Поэма осынысымен және мұны сендіре өрнектеуімен қымбат. Поэманың соңғы жағында:

Сендер өшпей жаныңдаршы,

Сендер бақыт табыңдаршы.

Онсыз өмір мәнді ме?

Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам,

Соқыр болып қалсын көзім мәңгіге ,- деген жолдар бар. Мұның жадағай ұран еместігі түсінікті. Бұл шын махаббатын енді тапқан достарға айтылған риясыз тілек.

Шығарманың лирикалық қаһарманы Мұрат, Танакөз – қазіргі жас ұрпақты үлкен адамгершілікке, адамдыққа қанаттандырып, биіктететін берік достыққа баулитын өнегелі кейіпкерлер

Ақынның бұл поэмасында аталған ұнамды кейіпкерлермен қатар, арамызда ұшырап тұратын ойы жеңілтек, көңілі тар, мейірімсіз, тілі ащы, тамыр-таныстықты сағалап күн кешетін Зеркүлдің шешесі сияқтыларды өте батыл әшкерелеген.Абзал қасиетті, асыл мінезді замандастарымызға кедергі болып, кесірін тигізетін ондай жексұрын пенделерді автор жеңіл юмормен қатты әжуалап отырады.



А.бектаев, т.турткулбаева
Есенғали раушанов.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Сұрақтар мен тапсырмалар

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу