Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс



бет8/12
Дата04.11.2016
өлшемі3,24 Mb.
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Постмодернизм үлгісіндегі туындыларға көзқарасың қандай

2. Әдебиеттегі еркіндік дегенде нені түсінесің

3. Постмодернизм үлгісіндегі шығармаларды талдау



КIРIСПЕ
Көркем сөздiң құдыретi – шексiз. Мәнерлеп оқу өнерiнiң үлкен әлеуметтiк мәнге ие болғандығының негiзгi себебi оның рухани және эстетик күшке ие болуында. Бүгiнгi күнде мәнерлеп оқу курсы республикамыз көлемiндегi бiлiм беру жүйесiнiң әр сатысында мемлекеттiк стандартқа сәйкес белгiленген бағдарламалар негiзiнде оқытылып келедi. Жоғары оқу орындарының қазақ тiлi және әдебиетi бөлiмдерiнiң студенттерi мәнерлеп оқудың теориялық және практикалық негiздерiн, сөйлеу, оқу техникасын меңгерген болуы керек.

Мәнерлеп оқу курсы көркем шығармалардың идеясы мен мазмұнын терең үйренуден және көркемдiк ерекшелiктерiн ашуда үлкен мәнге ие. Барлық жанрдағы шығармалар бiрдей оқылмайды, сол сияқты студенттер де бiрдей мәнерлеп оқу қабiлетiне ие емес. Әсiресе, жоғары оқу орындарында көпшiлiк студенттер диалект сөздердi көп қолданады. Бұл әрине өз жергiлiктi сөзiнде мәнерлеп оқу шығарманың мазмұнына керi әсерiн тигiзедi. Соның үшiн де болашақ мұғалiмдердi бұл жағдайдан сақтау үшiн оларды мәнерлеп оқуға үйретудiң тәрбиелiк маңызы ерекше. Мәнерлеп оқығанда оның көркемдiк маңызын ашуда оған жәрдем етедi.

Мiне, осындай жәйттердi ескере отырып, құрастырушы ретiнде бұл оқу құралында мәнерлеп оқудың характерi, мазмұны, мақсат-мiндеттерi, мәнерлеп оқудың техникалық негiздерi мен оған жаттығудың жолдары, интонация және кiдiрiс түрлерi, поэз иялық, прозалық және драмалық шығармаларды мәнерлеп оқу, келiстiрiп оқу, ақын-жазушылардың шығармаларынан үлгiлер берiлген.

Бiздiң пайымдауымызша, көркем шығарманы мұқият (сiңiре) оқып шығу аз, сонымен қатар сол шығарманың мәнiн талдай түсiнiп, мейлiнше терең игеру керек. Сонда ғана адамның көркемдiк талғампаздығы арта түседi.

Оқу құралы тәуелсiз Өзбекстан Республикасында тұңғыш рет жоғары оқу орындары студенттерiне жазылып отырғаны үшiн онда келтiрiлген ой-пiкiрлер мен теориялық бiлiмдер Н.Нұрмаханова, С.Тiлешова, Қ.Орипов, М.Обидова, С.Иномхожаева, А.Зуннунов, С.Матчанов, Т.Қалдыбаев сияқты ғалымдардың еңбектерiне негiзделген. Сонымен бiрге ондағы берiлген әдеби туындылар қазақтың көрнектi ақын-жазушыларының мазмұнды да мағыналы шығармаларынан алынған.

Соның бiрi деп, мәселен, Абай Құнанбаевтың «Жасымда ғылым бар деп ескермедiм», М.Мақатаевтың «Отан туралы», Қ.Мырзалиевтiң «Домбыра» т.б.

Жалпы алғанда, оқу құралы студенттердi көркем туындыларды мәнерлеп оқуға, әрi поэзиялық шығармаларды жатқа мәнерлеп айтуға дағдыландырады, үйретедi деген үмiттемiн.

Әрине, мәнерлеп оқу курсы бұл еңбекпен шектелiп қалмайды. Халқымыздың рухани байлығы өсу нәтижесiнде бұдан да ауқымды, мазмұнды оқу құралдары жарыққа шығуы күмәнсiз.

Соңғы жылдары мәнерлеп оқу курсы бойынша С.Тiлешова, М.Қожахметова, Қ.Орипов, М.Обидова, С.Матчонов, Т.Қалдыбаев сияқты ғалымдардың еңбектерi жарық көрген. Мұның бәрi мәнерлеп оқуға қосқан сүбелi үлестерi едi. Бүгiнде бұл оқу құралының осы аты аталған ғалымдардың еңбектерi қатарынан орын алуы еңбегiмiздiң жемiсi деп ойлаймын.

Жоғары оқу орнында оқитын студенттер үшiн келiстiрiп оқудың мәселелерiн меңгерту мақсатында 3- курста «Мәнерлеп оқу» пәнi көркем әдебиеттiң сыры мен сипаты, мәнi мен маңызы жайында жалпы бiлiм беруге бағытталады. Мәнерлеп оқу пәнi «Қазiргi қазақ әдебиетi», «Әдебиет теориясы», «Қазақ халық ауыз әдебиетi», «Қазақ әдебиетi тарихы». «Әдеби процесс» атты пәндермен тiкелей байланысты.

Оқу құралы өзiндiк тәжiрибеге сүйене отырып, көркем әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу мәселелерiн қызықтыратын педагогика институттары мен университеттерiнiң филология факультеттерi студенттерi мен қазақ тiлi және әдебиетi мамандарына арнап жазылған.

МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ ХАРАКТЕРI МЕН МАЗМҰНЫ ЖАЙЫНДА
Сөйлеу - мұғалiмнiң негiзгi құралы. Мұғалiм өзiнiң мазмұнды, анық, түсiнiктi сөзiмен студенттерiне әсер етедi. Мұғалiмнiң сөзiн ешбiр оқулықпен теңестiруге немесе басқа нәрсемен айырбастауға болмайтындығы белгiлi. Өйткенi мұғалiм қандай пән болса да өз атынан сөйлеп түсiндiредi. Сондықтан мұғалiм ойын мазмұнды етiп құрумен қатар, әрбiр сөйлемдi өз әуенiмен түрлендiрiп, сазына келтiрiп айта бiлуi қажет. Студент мұғалiмнiң не сөйлегенiнен гөрi қалай сөйлегенiне көңiл аударады.

Демек, мәнерлеп, тиiстi дауыс ырғағымен сөйлеу, оқу - мұғалiмнiң негiзгi құралы. Ол тек тiл мен әдебиет сабағының мұғалiмiне керектi жағдай деп қарауға болмайды., бұл барлық мұғалiм атаулыға тән қасиет болуы керек. Онсыз қандай пәндi болса да оқыту да, тұсiндiру қиын, өйткенi мұғалiмнiң ойын студенттер толық қабылдай алмайды.

Студент мұғалiмнiң сөйлеу мәнерiне қарай оның ойын толық түсiнедi. Сондықтан А.М.Пешковский: «Бiз өз сезiмiмiздi сөзден не интонация арқылы түсiндiремiз», - десе, В.Н.Всеволодский-Гернгросс та «адамның жан-дүниесiнiң қанша құбылысы болса, соның бәрiн интонация арқылы беруге болады», - деп көрсетедi. Демек, мұғалiм сөзi мәнерлi дауыс ырғағымен айтылғанда ғана студенттiң құлағына жағымды тиiп, оның сол сабаққа деген ынтасын оятып, қабiлетiн күшейте түсетiндiгi белгiлi нәрсе.

Профессор құдайберген Жұбанов – қазақ тiлiндегi сөйлем сазына тоқтай отырып, адам көңiлiнiң түрлi күйiне сөздiң түрлi әнi сәйкес келедi. «Адам көңiлiнiң қобалжуының түрi көп, ұшы-қиыры жоқ десек те болады. Бұларды бiлдiруге арналған амалдың - дауыс сазының да түрi көп», - деген болатын.

Мәнерлеп оқитын кiсiнiң даусы ашық, дикциясы анық, әрбiр сөздi өз әуенiмен айтатын, әдеби тiлде дұрыс сөйлей бiлетiн болуы керек. Бұған қосымша оқитын материалды жақсы түсiнiп, оның идеясын, мазмұнын толық меңгерумен қатар, оны мұғалiм барлық жан-дүниесiмен, сезiмiмен (қуанып та, қиналып та, тебiренiп те, қобалжып та) айта алатын болуы керек. Қазiргi кезде сөзге талап күшейдi, өйткенi мәдениеттi сөйлеу бұрынғыдай бiрлi-жарым кiсiнiң ғана құралы болып қалмай, жалпы қалың бұқараның күштi құралына айналды.

Қазақ халқы қай заманда да терең ойлы, көркем тiлдi, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтiн дүлдүл шешендердiң есiмiн көздiң қарашығындай қастерлеп, бiздiң дәуiрiмiзге жеткiзген. қазақ халқы табиғатынан әндi, әсерлi, сұлу сөздi қадiрлеумен қатар оны майын тамызып айта да бiлген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Өнерлi тiлдiң үлгiсiн бiзге Абай бердi. Абайдан үйренейiк. Онан соң сынаптай таза, күмiстей кiршiксiз қазақтың ауыз әдебиетiнен , бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерден үйренейiк», - деп орынды айтқан. Сұлтанмахмұттың «Өнерлi тiл» деп отырғаны тiлдiң сан қырлы функциясы. Ол көркем сөздi қастерлей бiлумен қатар, оның айтылуына да аса көп көңiл аударған.

Мәнерлеп, ырғағына түсiрiп айтып немесе оқып берудегi негiзгi шарттың бiрi - оның мазмұны. Мұғалiм немесе дауыстап оқушы кiсi сөйленетiн мәтiннiң мазмұнын егжей-тегжейiне дейiн толық меңгерген болуы керек. Сол тақырыпқа байланысты қосымша деректермен де танысып, өзiнiң ойын студентке терең, толық, сенiмдi етiп түсiндiрудi мықты ойластырғаны жөн. Мұғалiмнiң көп бiлетiндiгi, әсерлi, мағыналы, мазмұнды сөйлеуi студентке күштi әсер етедi.

Мәнерлеп оқу үшiн, сол тақырыпты жақсы бiлу, түсiну керек. Олай болмаса, жалаң құрғақ-сылдыр сөз қанша ырғағымен айтылса да, ешкiмге әсер етпейдi. Өйткенi оны түйiп алар түгi жоқ, құлаққа қонбайды. Ал, көркем әдебиеттен өтiлетiн материалдарды түсiндiре келiп, кейбiр әсер етерлiктей жерлерiн оқып беруге тура келедi. Бұндай материал алдын ала дайындалып, ырғағына түсiрiлiп, оқылып шыққан болу керек. Өйткенi таңдалып алынған үзiндi өзiнiң мазмұны, көркемдiгi жағынан тыңдаушысының сезiмiне дәл тиiп, түсiндiрген ойының дәлелi сияқты болып көрiнедi. Әлбетте, бұндай жағдайда мәнерлеп оқу мазмұнды тереңдете түседi, оның экспрессивтiгiн арттыра түседi.

Сөйлемдегi сөздердiң дұрыс қолданылуы өз орнымен орналасуының да маңызы күштi. қазақ тiлiндегi қара сөз жүйесiнiң белгiлi орын тәртiбi бар. Олардың орнын ретсiз өзгертсең, буынсыз жерге пышақ ұрғандай үйлесiмсiз болып шыға келедi. Ондай сөйлемнiң айтылуы да құлаққа қонымды болмайды.

Ең алдымен мұғалiмнiң тiлi бай болсын, ол студенттен де соны талап етуi керек.
МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Сөз өнерiнiң, әсiресе көркем сөздiң құдiретi шексiз. Адамзаттың сөйлеуiне нәр келтiретiн көркем сөз көркем әдебиетте әсерлi әрi эстетикалық әсер ету күшiн арттырады. Мәнерлеп оқу – ауызша тiл дамыту жұмысын жетiлдiрудiң кепiлi. Мәнерлеп оқуға соңғы жылдары жан-жақты көңiл бөлiне бастағаны сезiлiп келедi. Себебi, әдебиеттi оқытуда бүгiнгi таңда мақамдап, келiстiрiп оқу әдiсi тиiмдi әрi сапалы болып отыр.

Бұл арада мәнерлеп оқуды келiстiрiп оқу деп те атап жүргендiгiн айтқанымыз жөн. Алайда бұлардың бәрi де бiр-бiрiне жат емес…

Сонымен мәнерлеп оқудың анықтамасы қалай болмақ? Бұл жөнiнде С.Тiлешова: «Мәнерлеп оқу дегенiмiз - көркем шығарманы әдеби тiлдiң орфоэпиялық ережесiн, шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын түсiнiп, белгiлi бiр жылдамдықпен дауыс үндiлiгiн, ырғағын сақтай отырып оқу», - дейдi. Демек, бұл ең алдымен, көркем сөз мәтiнiн дұрыс оқу, түсiнiп оқу және белгiлi дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап оқу деген сөз.

«Оқи бiлу дегенiмiз – оқушыны шығармаға сүйсiндiру, оның көркемдiлiк ойын тереңдету, шығарманы тану, бағалау деген сөз», - деп Т.Ақшолақов өте дұрыс айтады.

Ал, мәнерлеп оқудың мақсаты - дұрыс, тез, көркем оқуға үйрету, сөйлеу тiлiнiң мәдениетiн көтеру, оқушының тiлiндегi әр түрлi кемшiлiктердi болдырмау, дем алу аппаратын, дауысын жолға қою, дұрыс, анық сөйлеуге үйрету.

Студент мәнерлеп оқу арқылы ғана әдеби шығарманың нәрiне бойлай алады. Сонымен бiрге көркем туынды туралы тұжырым жасап, талғамын танытады. Сондықтан да студенттiң ауызша тiлiн дамытуда мәнерлеп оқу өзектi әдiс саналады.

Осындай мақсатқа жету үшiн мәнерлеп оқуды меңгерту қазiргi оқытудың басты мiндетi болып отыр. Ол үшiн студенттерге келiстiрiп оқудың шарттарын үйретiп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырған жөн.

Студенттiң сабаққа ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшiн мұғалiм мәтiн талдау жұмысын көбiне көркем шығарманы сәндi үн, әсерлi дауыс ырғағымен оқудан бастайды. Студенттiң назарын жаңа мәтiнге аударады, оның шығарманы меңгеру құштарлығын оятады.

Студенттерге эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезiм, эстетикалық баға, көркемдiк талғам немесе интонация, логикалық екпiн, дауыс кiдiрiсi (пауза), жылдамдық, ырғақ т.б. туралы түсiнiк бермей тұрып мәнерлеп оқу талаптарын жүзеге асыру қиынға соғады. Сондықтан мәнерлеп оқудың мән-мазмұнын жай оқудан ерекшелiгiн, оның көркемдiк компоненттерiн студенттер бiршама танып бiлуi керек. Ол үшiн әдебиеттiң кiрiспе сабақтарында тағы басқа жоғарыда айтылған мәселелердi мәнерлеп оқудың техникалық элементтерiн, көркемдiк компоненттерiн кеңiнен талдап, одан студенттерге белгiлi дәрежеде бiлiм дағдысын үйретуiмiз керек.

Көркем әдеби шығармалардағы эстетикалық қабылдауды шығарманың мазмұн-идеясын, көркемдiк қасиетiн тану, сезiну деп түсiнсе болады. Эстетикалық қабылдаудың маңызды ерекшелiгi - оның адамның сезiм күйiн, әсерленуiн туғызуында. Сезiм күйi, әсерлену болмаса эстетикалық қабылдау да болмайды. Студенттер көркем шығарманы бiлiп, танып, оқып қана қоймай, оқу не тыңдау үстiнде ондағы кейiпкерлердiң тағдырымен ойша ортақтасатындай, оның тағдыр-талабын бастан кешiсiп, онымен бiрге қайғырып, бiрге жылап, толқып, бiрге қуанатындай күйге келсiн.

Мiне, сонда ғана көркем шығарманың шын бағасы танылады, әрi шын мәнiндегi эстетикалық қабылдау туады.

Эстетикалық қабылдау эстетикалық сезiммен тiкелей байланысты. Эстетикалық сезiм деп көркемдiк сұлулық әлемiн сезiм күйi арқылы қабылдап, өзгеше әсер, ләззат алу деп таниды. Өнер, оның iшiнде көркем әдеби шығарма эстетикалық сезiм күйiн тудыру арқылы адамдардың жан сарайын байытады, олардың рухани және идеялық жағынан өсуiне пәрмендi ықпал етедi. Бiздiң көркем шығарманың қандай түрiн болмасын талдауға, түсiнуге, тануға селқос қарай алмайтынымыз да осыдан.

Көркем шығарманы эмоциялық қабылдаудан соң, соның заңды нәтижесi ретiнде студенттерде эстетикалық пiкiр мен баға пайда болады. Студенттердiң көркем шығармаға деген пiкiрi мен бағасы неғұрлым терең, әрi мазмұнды болу үшiн оларды шығарманың сапасын, көркемдiгiн танып бiлуге, түсiне бiлуге тәрбиелеу қажет. Эстетикалық тәрбиенiң мұрат-мақсаты да сонда.

Белгiлi мақсатты көздей дамытылған эстетикалық пiкiр мен баға–студенттердiң көркемдiк талғамын қалыптастырады, ұштайды. Қалыптасқан көркемдiк талғам шын-шынайы көркемдiк пен жабайы, жасанды көркемдiктен ажырата алады. Адам жанының сұлулығы, нәзiктiлiгi көркемдiк талғам күшiнiң жетiлгенi осыдан аңғарылып сезiледi.

Мәнерлеп оқудың екi түрi бар. Бiрi – дауыстап мәнерлеп оқу, екiншiсi, iштен оқу. Дауыстап оқу барысында студент әр сөздi, әр сөйлемдi саналы түсiнiп оқуға дағдыланады, мәтiндегi оқығанын көру және есту арқылы жадында ұзақ уақыт сақтауға бейiмделедi, оқығанын дұрыс айтып беруге жаттығады.

Мәтiндi iштен оқудың да практикалық мәнi күштi. Өйткенi iштен оқу арқылы аудиторияда және үйде бiрнеше тапсырмалар орындалады. Мәселен, аудиторияда өтiлiп отырған теориялық материалдарды iштен тыңдау нәтижесiнде мазмұнын ұғады және оны жете түсiнедi. Сонымен бiрге өтiлген тақырыпты оқулықтан iштен оқу арқылы дұрыс түсiнедi.

Сөз, оның мағынасы дыбысталу (естiлу бейнесi) арқылы жанданады. Қандай сөздi болсын терең мағына, мән берiп, белгiлi мазмұнда айрықша мәнермен айтуға болады. Соның бiр көрiнiсi студенттерге өлеңдi жатқа айтқызу, баяндама жасату, кездесу кештерiнде ақын-жазушыларға өздерiнiң шығармаларын оқытып тыңдату, театр, радио, кино, теледидар арқылы артистердiң, көркем сөз шеберлерiнiң, дикторлардың оқуына зер салып, қадағалап отыруға әдеттендiру - бұлардың бәрi студенттердiң сөз мәнерiн, сөйлеу тiлiн жетiлдiре түсетiн факторлар болып табылады.

Мәнерлеп оқу дауысты жай ғана құбылту емес, мәтiннiң идеялық мазмұнын сапалы меңгеруден туған дыбыс үйлесiмi мен мағыналық екпiн, дауыстың әсерi, мәндi ырғағы. Мәтiндi алдымен мұғалiм өзi оқиды, студенттiң iшiнен оқуына, шығарма мазмұнын, идеясын, негiзгi бөлiмдерiн анғартуға мүмкiндiк бередi, содан кейiн оны мазмұндап айтқызады. Осындай жұмыстардан соң ¬ана студенттерге мәнерлеп оқудың сыр-сипаты мен техникасы туралы түсiнiк берiлiп, жаттығу жұмыстары жүргiзiледi.

Мәнерлеп оқу әдебиеттiк оқу сабағының үлесi. Оны студенттердiң қазақ тiлi мен әдебиетiнен алған бiлiмдерiн ұштастыра жүргiзген дұрыс.
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Мәнерлеп оқу дегенiмiз не?

2. Эстетикалық қабылдау дегенiмiз не?

3. Эстетикалық сезiм дегенде ненi түсiнесiң?

4. Мәнерлеп оқу пәнiнiң мақсаты мен мiндеттерi не?

5. Белгiлi бiр мәтiндi немесе өлеңдi мәнерлеп оқуға жаттығу.



МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI МЕН

ОFАН ЖАТТЫFУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Мәнерлеп оқуға қажеттi элементтер мен сөйлеу техникасы жайлы мәселелердi қарастырған жөн.

Сөйлеу техникасы, өз объектi және фунукциясына қарай дауыс, тыныс алу, артикуляция және дикция деген топтарға бөлiнедi. Мәнерлеп оқитын студенттiң сөйлеу техникасы сөз орындаушылық өнерi дәрежесiнде болуы керек.

Мәнерлеп оқуға керектi шарттардың бiрi – тыныс пен дауыс. Белгiлi мәтiндi оқығанда дауыс тұншығып, мiңгiрлеп, болмаса шаңқылдап шықса, не оқып тұрғанда орынсыз жерде жиi-жиi тыныс алса, не басынан аяғына дейiн бiрыңғай тонмен оқылса, ондай оқудан әсер алу былай тұрсын, оны тыңдаудың өзi ауыр. Ондай оқу тыңдаушыны мезi қылып зерiктiредi, шаршатады. Мәнерлеп оқуда тыныс пен дауысты жетiлдiруге ерекше көңiл бөлiнетiндiгi осыдан.

Ендеше тыныс алу мен дауыстың пайда болу жолдарына тоқтап кетсек, тiл дыбыстарының өкпедегi ауыз қуысы арқылы сыртқа шығуынан пайда болып, құлаққа естiлетiнi белгiлi. Дыбыстар сөйлеу аппараты: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, тiл, таңдай, ерiн тағы басқалардың қатысуымен жасалады. Оларды тiл бiлiмiнде дыбыстау мүшелерi деп атаймыз.

Өкпе көрiк секiлдi бiрде ауаны сыртқа теуiп, бiрде ауаны iшке тартып тұрады. Екiншi сөзбен айтқанда, ондай физиологиялық процестiң бiрi – дем шығару, екiншiсi – дем алу деп аталады. Дем алғанда кеуденiң аумағы кеңейедi, дем шығарғанда iшке жұтқан ауаның бiр бҚлiгi сыртқа шығады да, содан өкпе тартылады. Оқығанда, сөйлеп тұрғанда дем алу мен дем шығару мөлшерi үндемей тұрғандағымен бiрдей болмайды. Сөйлеп тұрғанда өкпедегi ауа сыртқа бiртiндеп шығады да, дем алғанда сырттағы ауа iшке тез енедi. Ал жайшылықта дем алу мен дем шығаруға жұмсалған ауаның мөлшерi бiрдей болады.

Артикуляция деп, сөйлеу мүшелерiнiң әрекетiне байланысты айтылады.

Сонымен, оқу, сөйлеу техникасы деп дұрыс тыныс алуды, дыбыстың, үннiң құлаққа жағымдылығы мен сөздiң, буынның құлаққа ашық, анық айқын тұтас естiлуiн айтамыз.

Мәнерлеп оқу үшiн дауыс пен тыныс қандай болса, сөз мақамы да (дикция) сондай қажет. Дикция латынша distio деген сөзiнен алынған болып, сөйлемдегi сөздiң, сөздегi буынның ашық, айқын оқылуын айтамыз. Көркем шығарманы мәнерлеп оқығанда тыныс алу мен дауыстың орны сияқты дикцияның да орны өзгеше. Егер әрбiр дыбыс ашық, анық айтылмаса, бiрыңғай тыныс пен дауыстың да атқарар рөлi шамалы. Бұл әрине дыбыстау мүшелерiнiң қызметiне байланысты.

Дикция орфоэпиямен де тiкелей байланысты. Орфоэпиялық заңдылықтар сөйлеудiң табиғи, анық және айқын, барлығына түсiнiктi болуын талап етедi.

Тiлiмiздегi дыбыстардың дұрыс айтылуы оқылған сөздiң құлаққа анық, айқын естiлуi деп бiз дыбыстау мүшелерiнiң ақаусыз қызметiн, дыбыстардың жасалу заңдылықтарының дұрыс сақталуын, сөздi тыңдаушылардың тосырқамай қабылдауын айтамыз. Тәжiрибеде тiл дыбыстарының анық естiлмеуi салдарынан сөздердi қайта айту, сөйлегенде, оқығанда сөз аяғында, сөз ортасында тұтас буынды жұтып қою тәрiздi кемшiлiктер жиi ұшырайды. Сонымен бiрге студенттердiң сөзiнде, оқуында ширақтық пен шымырлықтан гөрi баяулық пен болбырлық басым келедi.

Көркем оқу – әдеби шығарманы мәнерлеп оқу өнерi болып табылады. Шығарманы оқыған уақытта оны келiстiрiп оқу қажет. Келiстiрiп оқу дегенiмiз – әдеби мәтiндi сазына келтiрiп, мәнерлеп оқу. Бұл ең алдымен, көркем сөз мәтiнiн дұрыс оқу, түсiнiп оқу және белгiлi дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап оқуды талап етедi. Студенттер осы шарттарды толық орындап, оқу техникасын меңгергенде ғана әдебиеттiк шығарманы келiстiрiп оқи алатын болады.

Келiстiрiп оқу әдебиет сабақтарында аса маңызды орын алады. Келiстiрiп оқу қарсаңында жүргiзiлетiн дайындық жұмыстарда шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдiк ерекшелiктерiн дұрыс түсiнуге айрықша көңiл бөлiнедi. Шығарманы мәнерлеп оқи бiлу студенттердiң оқығанын дұрыс ұғуға, шығарманың қайшылықта байқалмай қалатын өзгешелiктерiн танып оқуға жаттықтырады. Студент оқу дағдысына төселе, жаттыға отырып, мәтiндi аңғарып оқуға, оқығаннан әсер ала бiлуге үйренедi, тiлiн дамытады. Студенттердiң мәтiндi келiстiрiп оқу кезiнде алған бiлiм дағдылары олардың тiл мәдениетiн арттырып, сөзiн мазмұнды, мәнерлi етiп сөйлеуге көмек етедi.

Кейбiр студенттер арасында көркем шығарма мәтiнiн келiстiрiп оқи алмаушылық бар. Мысалы, мәтiннiң идеялық-көркемдiк өзгешелiктерiн ескермей, үнемi бiр сарынмен оқушылық немесе үзiп-бөлiп, жаңылыс оқушылық кездеседi. Студенттердi келiстiрiп оқудың техникасына төселдiру үшiн мәтiндi дұрыс оқудың бастауыш түрдегi қағидаларымен таныстыру керек. Ол үшiн әдебиет сабағы мен грамматиканы керектi жерiнде өзара байланыстыруға болады. Мәселен, бiрiншi курс студенттерi грамматикадан фонетиканы өткенде, олар сөйлеу мүшелерiнiң атқаратын қызметiн жақсы ұғынумен қатар, содан алған бiлiмдерiн мәтiндi дұрыс оқуға жарата бiлуге тиiс.

Студенттер осымен дұрыс дем алудың ережесiмен танысады. Жайшылықты адам демiнiң сыртқа шығару ұзақтығы мен iшке алуының ұзақтығы бiрдей болады. Ал кiтап оқыған уақытта дем алу шұғыл өзгередi, яғни демдi iшке алу өте жиi болса, сыртқа шығару онан сирегiрек болады. Мұғалiм студенттердi дем алудың кеудемен және диафрагмамен (көк етпен) таныстырады. Сөйтiп оларды дұрыс дем алып үйренуге дағдыландырып, тиiстi жаттығулар жүргiзедi.

Студенттерге фонетика сабақтарында дыбыстардың жiктелуiмен қатар әр дыбыстың жасалатын орны мен жолы түсiндiрiледi, оны дәл етiп айтуға үйретiп, олардың тiл мүкiстiгi сияқты кемшiлiктерiн жайып отырады. Ал грамматикалық екпiндi өткенде, студенттердiң сөздi есiту қабiлетiне көңiл бөлiнедi, ондай екпiндердi айрықша үнмен, өзгеше рең бере оқуға жаттықтырылады. Студенттердiң сөз екпiнi жөнiнде жiберетiн қателерi де осыған байланысты түзетiледi. Жай және құрмалас сөйлем тақырыптары өтiлгенде, студенттерге логикалық екпiн, кiдiрiс туралы түсiнiк берiледi. Сабақтың алғашқы күнiнен бастап-ақ мұғалiм көркем сөз мәтiнiн оқыған уақытта студенттердi демiн дұрыс алуға, дыбысты айқын, анық айтуға, сөзге дұрыс екпiн қоя бiлуге, сөйлемдi сазына келтiрiп айта бiлуге әдеттендiредi.

Студенттер келiстiрiп оқудың техникасына жаттықтырудың негiзгi бiр жолы мәтiннiң мазмұны, ой-сезiмiнiң әр түрлi болып келу өзгешелiгiне қарай дауыс сазын құбылта бiлуге үйрету болып есептеледi. Ол үшiн дауысты реттi жерiнде көтере де, баяулата да күшейте де бiлуге үйрету қажет. Ал бұларды көркем сөз мәтiнiн оқыған уақытта қисынын тауып қолдану, iске асыру жақтары әрбiр әдеби шығарманың өзiне тән идеялық-көркемдiк мазмұнына байланысты.

Студенттердi келiстiрiп оқуға үйрету үшiн бағдарламаға енген шығарманың қай жанрын алса да болады. Бiрақ алынатын шығарманың көлемi шағын болуы керек. Егер көлемдi шығарма болса, оның аяқталып бiткен үзiндiсi алынады. Ең алдымен студенттер шығарманы iштерiнен оқып шығып, мазмұнын ұғады. Одан кейiн мәтiннiң мазмұн ерекшелiгiне байланысты студенттерге сұрақтар қойылады. Бұдан соң бұл шығарманы қандай дауыспен оқу керектiгi қарастырылады. қай мәтiндi қандай дауыс сазымен оқу – әр шығармада әр түрлi. Баяндау түрiнде жазылған проза мен ертегiлердi, мәселен, «Күн астындағы Күнекей қыз» (ертегi),»Аяз би» (ертегi), «Кiтап оқуға құмарлық», «Он бес үй» сияқты шығармаларды әңгiмелеу түрiндегi дауыс сазымен оқылады. Лирикалық шығарманы ақынның көңiл-күйiн, ой-сезiмiн бiлдiрерлiк сазбен оқуға болады. Әрине шығарманың қандай дауыспен оқылу керектiгiн оның жанрлық өзгешелiгi (белгiлерi) үзiлдi-кесiлдi шешiп бере алмайды. Өйткенi бiр жанрға жататын шығармалардың әрқайсысы өзiнiң идеялық-көркемдiк өзгешелiгiне сәйкес сөзбен оқылады. Сондықтан қай шығарманың қандай дауыспен оқылатынын сол шығарманы идеясына, мазмұнына, көркемдiк ерекшелiгiне байланысты алып қарастырған жөн.

Мәтiндi өту жұмысының алғашқы кезеңiнiң өзiнде-ақ шығарманың қандай дауыс сазымен оқылатынын алдын ала белгiлеп қойған жөн. Бұл сол шығарманы қалай талдауға, онда қандай мәселелердi қарастыруға болатынын анықтап, шығарманың мазмұнын тереңiрек түсiнуге жәрдем етедi.

Шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнымен байланысты қандай дауыспен оқылатыны шешiлгеннен кейiн, оның құрылысы қандай бөлiм, жiктерден тұрғаны қарастырылады: қай бөлiмi қалай оқылатыны, қай жерде қандай дауыс кiдiрiсi болу керектiгi анықталады. қажет болған жерде кiдiрiстi сақтап оқу – келiстiрiп оқу шарттарын орындаудың белгiсi. Әрине, кiдiрiстi сақтап оқу оңай емес. Өйткенi ол – мәтiннiң қай жерiнде қалай болатындығын бiрден тауып алу қиын, мәтiннiң қай жерiнде кiдiрiс қалай болатыны белгiлi болғанның өзiнде де кiдiрiс сақталмай оқылуы ықтимал. Ол кiдiрiс дағдысының берiк қалыптана алмағандығынан да, топ тыныштығын бөлетiн кейбiр себептерден де болуы мүмкiн.



Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Оқу техникасы дегенiмiз не?

2.Көркем шығарманы келiстiрiп оқуда негiзiнен қандай элементтерге көңiл бөлiнедi?

3.Көркем шығармалардан үзiндiлер оқуға жаттығу.



ИНТОНАЦИЯ ЖӘНЕ ДАУЫС КIДIРIСТЕРI

Мәнерлеп оқу үшiн дем алудың дұрыс болуымен қатар дауыстың естiлуi, үндiлiгi мен жуан-жiңiшкелiгi, әуенi, екпiнi, дауыс кiдiрiсi, әрi ырғағына көңiл бөлу өте қажет.

Мұғалiм сөзiнiң тартымды, әсерлi болуы оның үнiнiң тазалығына, ойының саралылығына және дауыс ырғағына – интонациясына байланысты.

Сөздiң айтылу мәнерiне А.П.Чехов та көп көңiл бөлгендiгiн айта келiп, профессор З.Қабдолов: «Әр сөздiң айтылуына қарай мың мағынасы бар», - дейдi. Бұл салада әр сөзге ажар берiп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсiлi – интонация (латынша iptepage - дауыс ырғағы) яки әр сөздiң айтылу мәнерi.

Ғалым Ф.Мұсабекова: «Пунктуацияны дұрыс қолдана бiлудiң үшiншi критерийi – интонация. Интонациясыз сөйлеу болмайды. Пунктуация жазба тiлiмiздiң құралы болса, интонация ауызекi тiлiмiздiң құралы. Бұл екеуi бiр-бiрiмен тығыз байланысты», - деп жазады.

Егер ғалымдардың пiкiрiне сүйенер болсақ, Зәки Ахметов өзiнiң «Әдебиеттану терминдерiнiң сөздiгi» атты еңбегiнде интонация жайлы мынадай пiкiрдi iлгерi сүрген: «Интонация –дауыс толқыны, сөйлегенде сөз мағынасын әсерлi жеткiзу үшiн дауыстың құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгерiп отыруы, сөздiң мәнерiмен, әр түрлi сезiммен айтылуын айтамыз. Сөздiң көтерiңкi леппен, салтанатты түрде, не терең ойға шомып, сабырмен, байсалды қалыпта немесе нәзiк сыршыл сезiммен айтылуға орай дауыс толқыны да бiрде биiктеп, өршеленiп, бiрде төмендеп, бәсеңдеп, сөздердiң үндiлiгiн, саздылығын ұдайы өзгертiп отырады. Дауыс толқынының өзгешелiгi дауыстың көтерiлiп төмендеу қалпынан, сөздiң, сөз тiркестерiнiң қандай сазбен, қандай жылдамдықпен айтылуынан, дауыстың өзiндiк бояу-реңкiмен, құбылмалы әсерлiгiнен тағы сол сияқты белгiлерден айқын аңғарылады. Мәселен, көтерiңкi лептi интонация бiр түрлi де, сұрақ қою интонациясы мен одан басқа түрде де болатыны белгiлi.

Әдеби шығармадағы сөздiң интонациялық байлығы мәтiндi мәнерлеп оқығанда әсiресе айқын танылады. Көркем шығарманы мәнерлеп оқу шеберлiгi өз алдына үлкен өнер болып саналады. Поэзияда интонация, дауыс толқыны өлеңнiң ырғағымен тығыз байланысты болады, өлең сөздiң ырғағын түрлендiруге үлкен әсер етедi. Оқылатын, сөйлеп, тақпақтап айтылатын өлеңдерде интонацияның, дауыс толқынының неғұрлым құбылмалы келiп, түрленiп отыруы айрықша қажет».

Мәнерлеп оқуда сөздiң дұрыс айтылуына, дұрысырақ айтқанда әдеби айтылу нормасына ерекше мән берiледi. Әсiресе, тiлiмiздiң орфоэпиялық заңдылығының қатаң сақталуына назар аударған жөн.

Ал, Н.Нұрмаханованың «Мәнерлеп оқу практикумының программасы» атты еңбегiнде мынадай пiкiрлер айтылады: «Интонацияның ауқымы кең, мүмкiндiгi мол. Интонация құрамына: дауыс екпiнi, оның фразалық және логикалық түрлерi, дауыс кiдiрiсi (пауза), оның логикалық және психологиялық, грамматикалық түрлерi, дауыс мөлшерi (темп), сөздердiң бiрде көтерiңкi, бiрде бәсең, бiрде баяу, бiрде жылдам оқылуы, сөз ырғағы (ритм), үннiң мелодиясы мен дыбыс саздылығы жатады». Ал, методист-ғалымдар интонацияны тыныс белгiлерiне байланысты жинақтау интонациясы, санамалау интонациясы, сұраулық интонациясы, леп белгiсiне байланысты интонациялар деп жiктеп жүр.

Дауыс айтылуына, құлаққа естiлуiне қарай: дауыс күшi, биiктiгi, қарқыны, әуенi деп бөлiнедi. Дауыс күшi дегенде, оқығанда дауыстың құлаққа қатты не жай, көтерiңкiлiгiн не бәсеңдiгiн дауыс қарқыны деп, не жылдам не баяулығын, дауыс әуенi дегенде не қатқыл, не жұмсақтығын ұғамыз.

Сөйлем жеке сөзден де, сөз тiркестерiнiң өзара бiр-бiрiмен байланысып келуi арқылы жасалады. Сөйлемдегi сөздiң белгiлi буынында дауыстың көтерiңкi айтылуы «екпiн» деп аталады. Екпiн түскен буын өзгелерден көтерiңкi дауыспен айтылады. Ондай екпiндi буынды екпiндi буын деймiз.

Сөз бен сөздiң шегiн бөлiп, жiгiн ажыратып қоймай, дауыс екпiнi бiр сөз табы мен екiншi сөз тiркестерiнiң арасын бөлiп тұратын дауыс екпiнi фразалық екпiн деп аталады.

Оқығанда сөйлем iшiндегi бiр сөзге айрықша назар аударыла оқылады. Ол сөз өзгелерден ерекше екпiнмен дараланып оқылады, айрықша әуенмен айтылады. Оны логикалық екпiн дейдi. Ал көтерiнкi дауыспен оқылатын сөздi логикалық екпiнге ие сөз деп атайды. Логикалық екпiн мәтiнде жасырын келедi. Көркем шығармаларды мәнерлеп оқудан алдын жасырынған логикалық екпiндi анықтау үшiн мәтiндi алдымен бiрнеше рет оқып, автордың мақсатын түсiнгеннен кейiн логикалық екпiндi анықтауға болады. Әдетте, логикалық екпiннен кейiн қысқа кiдiрiс (пауза) жасалады.

Тiлдiң құрылыс материалы сөз болса, сөздер белгiлi бiр тиянақты ойды бiлдiру үшiн бiрiмен–бiрi жалғасып сөйлем құрайды. Сөйлем бiр немесе бiрнеше мағыналы сөз табынан не сөз тiркесiнен тұрады.

Студенттер көркем шығарманы оқығанда оның мазмұнын меңгерiп қана қоймайды. Сол мазмұнды беру қызмет етiп тұрған сөздер тобын, олардың мағыналы тұтастығын игередi. Сөйлемдегi сөздердiң ондай жiгi, мағыналық тобы – синтагма деп аталады.

Шығарманың әуен-сазы, ырғақ-ұйқасы, барлық интонациялық құрылымы сөйлегенде ғана көрiнедi.

Мәнерлеп оқуда темп пен ритмге де көңiл бөлген жөн. Темп латынша «темпус» сөзiнен алынған болып, «дәреже», «уақыт» деген мағынаны бiлдiредi. Темп дегенде мәнерлеп оқудың iшкi сезiмi, оның тебiрене тыныс алуды айтамыз. Әдеби шығармаларда кейiпкерлердiң iшкi сезiмдерi, оқиғалар дамуының қайшылығына байланысты өзгерiп отырады. Мәнерлеп оқуда темптi көтеру, әсiрелеу дегендi емес, керiсiнше жандандыру дегендi бiлдiредi. Сонымен бiрге мәнерлеп оқуда темпке көңiл бөлiнбесе сөз жансыз болып, әсер ету күшi төмендейдi. Ал, ритм гректiң «ритмос» сөзiнен алынған болып, «дыбыстас, дауысы бiрдей» деген мағынаны бiлдiредi. Мәнерлеп оқуда ритмнiң орны ерекше мәнге ие.

Осында ырғаққа аса көңiл бөлген жөн. Өйткенi ауызша сөйлеуде де, мәнерлеп оқуда да ырғақтың орны бөлек.



Ырғақ дегенiмiз - өлең сөз бен қара сөздiң сөйлемдерiнде дауыс толқынының бiрде бәсең, бiрде көтерiнкi келiп отыруы. Бұған мысал ретiнде Абайдың И.А.Крыловтан аударған «Шегiртке мен құмырсқа» атты мысал өлеңiн алайық. Мысал өлең автордың, шегiрткенiң және құмырсқаның сөздерiне қарай бiрнеше бөлiмдерге бөлiнедi. Сонда бұлардың сөйлеген сөздерi әрқайсысының өздерiне тән көңiл-күйi, ой-сезiмiне сәйкес дауыс ырғағымен оқылуы керек. Мәселен, автордың сөзi баяу, салмақты дауыс реңкiмен оқылады:

Шырылдауық шегiртке,

Ыршып жүрiп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап

Қызықпен жүрiп жазды алған...

Ал шегiрткенiң:



- Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра,

- деген сөзi жалбарыну реңкiнде бәсең оқылса,

-Мұның, жаным, сөз емес.

Жаз өтерiн бiлмеп пе ең?

Жаның үшiн еш шаруа

Ала жаздай қылмап па ең?

– деп өзiне-өзi сенген шаруа иесi құмырсқаның сөздерi шегiрткенiң қылығын жақтырмаған реңкпен көтерiнкi оқылады.

Идеялық-тақырыптық мазмұнына байланысты көркем шығарма қандай дауыс сазымен оқытылатыны белгiленгеннен соң, мәтiннiң құрылысы қандай бөлiм-жiктерден тұрғаны қарастырылады. Соған орай қай бөлiмi қалай оқылатындығы, қай жерде дауыс кiдiрiсi болу керектiгi анықталады.

Пауза сөйлемдегi дауыс кiдiрiсiн бiлдiредi, ол жеке әрiптердi жалғастырады, сөз құрайды, ол сөздерден мағыналық топ құрайды, әрi ол сөздердi оқшаулайды, даралайды. қажет болған жерде кiдiрiстi сақтап оқу – мәнерлеп оқу шарттарын орындаудың бiр белгiсi.

Дауыс кiдiрiстерi грамматикалық, логикалық және психологиялық болып үшке бөлiнетiндiгi белгiлi. Бұлардың жеке-жеке анықтамаларын берiп, мысал келтiре кетейiк.

Грамматикалық кiдiрiс деп – көркем шығармаларды мәнерлеп оқығанда тыныс белгiлерiне аздап кiдiрiс жасап оқуды айтамыз.

Қазақ тiлiнде төмендегiдей тыныс белгiлерi қолданылады: үтiр (,) нүкте (.), қос нүкте (:), сұрау белгi (?), леп белгi (!), көп нүкте (…), сызықша (-), тырнақша («») т.б.

Мәселен: Нүкте мен үтiрге қойлатын кiдiрiс.

Сұр бұлт, // түсi суық // қаптайды аспан, //

Күз болып, // дымқыл тұман жердi басқан. //

Бiлмеймiн, // тойғаны ма, // тоңғаны ма, //

Жылқы ойнап, // бие қашқан, тай жарысқан. // (Абай)

Бұл үзiндiде тыныс белгiлерiне кiдiрiс «//» екi таяқша қою арқылы көрсетiлген. Әрине, тыныс белгiлерi тұрәан жерлердiң бәрiне кiдiрiс жасалмайтын реттер де болады.

Мәселен:

Мен, мен едiм, мен едiм.

Мен Нарында жүргенде,

Еңiреп жүрген ер едiм…

(Махамбеттiң Баймағамбет сұлтанға айтқаны)

дегенде алдыңғы тармақтағы бiрiншi сөзден кейiн (мен) үтiр қойылған. Бiрақ оқыған уақытта оған кiдiрiс жасалмайды. Немесе:

Нүктеге кiдiрiс жасау.

Жүйткидi поезд, жүйткидi.

Жүйткидi, желдi тұлпардай.

(Н.Байғанин «Ер туралы жыр»)

дегенде екiншi тармақтағы «жүйткидi» мен «желдi» деген сөздердiң арасындағы үтiрге кiдiрiс жасалмайды.



Меңiреу, мылқау, қимылсыз.

Мүлгiген мәңгi даланың.

Адыр-белес, биiк құз.

Саңғалтау сай-саланың. (С.Мұқанов)

Бұл үзiндiде тыныс белгiлерiне кiдiрмей, аттап өте алмайсың.

Леп белгiсiне жасалатын кiдiрiске Қ.Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келедi» атты өлеңiнен мына үзiндiнi алайық.

Ұшқыш болмай немене!

Қуат бiттi денеме!

Қанатым бар қайыспас,

Ұшқыш болғым келедi!

Ал сұрау белгiге кiдiрiс жасау Мағжан Жұмабаевтың «Мен кiм?» атты өлеңiнен мынадай үзiндiнi алуға болады:



Арыстанмын, айбатыма кiм шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кiм тұрар?

Көкте - бұлт, жерде – желмiн гулеген,

Жер еркесi – желдiң жөнiн кiм сұрар?

Қ.Бекхожиннiң «Ақсақ Темiр мен ақын» атты балладасынан мысал:



Тақсыр-ау, қалап сiздi кiм алады?

Кездескен шеңгелiне шырмалады?

Жүрегiн жұттың ба сен айдаҺардың?

Қылышын Әзiрейiлдiң қайрап алдың.

Көп нүктелi кiдiрiске Ыбырай Алтынсариннiң «Өзен» атты өлеңiнен үзiндi келтiрейiк.



Ел қыстап күн көредi жанабында,

Дәм болар, алуан-алуан балығында…

Тас-таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында…

қос нүктеге жасалатын кiдiрiс:



Арыстан айға шапты: аяқ сынды,

Жемқорлар жолда қалды: қара түндi

Ел көз жасы тиедi тұқымына,

Әдiл ұлық қуалар оңды-солды. (Жаяу Мұса)

Сызықшада қолданылатын кiдiрiс:



Бабамыздың басқан табанымен

Бiрдей екен жақсысы жаманымен:

Бiр жаманы – тынымсыз көше берген,

Бiр жақсысы – қимаған даланы кең.

Бiр жаманы – жел сөзге ерген екен,

Бiр жақсысы – тiлге ерiк берген екен.

Бiр жаманы – кетпенге орашолақ,

Бiр жақсысы – найзагер, мерген екен. (қ.Мырзалиев)

Әр жолға, тiптi жеке сөздерге, сөз тiркестерiне әдейi тоқтап, тыныс алып оқу керек. Сұрау, леп белгiлерiнiң де өзiне сай оқу ырғағы, шылау, одағай, қаратпа, қыстырма сөздердiң де оқылуы, сөйлем мүшелерiнiң жiгi әрқайсысы өзгеше, арасы ашық болады. Кейде өзi де бөлiнуi мүмкiн. Мәселен, жоғарғы үзiндiдегi меңiреу, мылқау, қимылсыз, даланың саңғалтау, саланың т.б. көптеген сөздер буынға бөлiнiп оқылуы мүмкiн. Ме-ңi-реу, мыл-қау, қи-мыл-сыз…

Грамматикалық кiдiрiс, сөйтiп шумаққа, ұйқасқа, сөйлемге, тармаққа, кейде бунаққа түссе, кейде тiптi сөзге, буынға түседi.

Логикалық кiдiрiс деп – сөйлемнiң мағынасына бiрден, тез түсiне алу үшiн, ондағы кейбiр жеке сөздердi немесе белгiлi сөз тiзбегiн өзге сөздерден бөлiңкiреп, нығырақ, ой екпiнiнiң сазын бере кiдiрiс жасап оқуды айтады. Мұндай ретте логикалық кiдiрiстерге тыныс белгiлерi қойылмайды.

Былайша айтқанда, кiдiрiстiң бұл түрi көбiне аяқталған, тиянақталған ойды бiлдiредi, сөйлемдердiң арасын, тiптi мәтiн бөлiмдерiн жалғастырады, яғни тиянақты ойдан кейiн, сөйлем соңындағы тыныстау. Дұрыс жасалмаған логикалық кiдiрiс мәтiндегi ой пiкiрдi бұзады, тыңдаушының эстетикалық әсерiн кемiтедi.

Мысалы, Жөкей көлiнiң солтүстiк жақ қабағында Аюлы деген бiр кiшкене таусымақ бар. Сол таусымақ пен көлдiң арасынан өткенде, // бiразға шейiн жолдың екi жақ шетiнде сирегiрек өскен қарағай жарысып отырып барып бiтедi.

Осы қарағайға кiргенде, // Асқардың үрейi тiптi ұшты. Оған қарағай атаулының бәрi // аңдып тұрған жаудай елестедi. (С.Мұқанов «Итбайдың сазайы»). Бұл үзiндiдегi қос сызық қойылған жерлердiң бәрiне логикалық кiдiрiс жасап оқылады. Ал олардың ұзақтығы, әрине барлық жерде бiрдей емес.

Логикалық кiдiрiс – табиғи кiдiрiс. Шығарманың бойындағы терең сыр мен философияға, өкiнiш пен үмiтке, жирену мен сүйiнуге, талап пен талғамға сай мағыналы, түсiнiктi етiп, сөйлеу тiлiне ыңғайлас оқылуы керек. Мазмұн тұтастығы сақталып ұғынуға жағдай жасалуы тиiс.

Мысалы, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңiнен үзiндi алайық:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге…

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз…

Ақыл сөнбей сөнбеңiз,

Бiр iске кез келсеңiз.

Алғашқы екi тармақ грамматикалық кiдiрiс заңымен оқылса, соңғы тармақтар бiр-бiрiне тұтасып («құмарланып шаттанба, ойнап босқа күлуге», «Ғалым болмай немене балалықты қисаңыз», «Ақыл сөнбей сөнбеңiз. Бiр iске кез келсеңiз»), тыныс белгiлерiне көңiл аударылмай, екi жол жалғасып логикалық кiдiрiс заңымен оқылады.

Ал, ендi психологиялық кiдiрiс дегенiмiз не? Соны қарастырайық. Көркем шығарманың әрбiр бөлiмiн бiрiнен-бiрiн көңiл-күйiне (шаттық, қуаныш, күйiнiш, келеке, сықақ) қарай айыру үшiн, сөйлемдер мен үзiндiлерге психологиялық мән-мағына берiп күшейте түсу үшiн жасалатын кiдiрiстi психологиялық кiдiрiс деймiз.

Келiстiрiп оқыған уақытта мұндай сөйлемдердiң ара-арасына кiдiрiс жасалады. Жасалатын кiдiрiстiң дұрыс болуын қамтамасыз ету үшiн оқылғалы отырған шығарма алдын ала оқылып, талданып, идеялық мазмұны анықталады.

Кiдiрiстiң бұл түрiнде шаттық, қуаныш, күйiнiш, ашу-ыза, кекесiн-сықақ, шындық, өрелi ойды бiлдiретiн жеке сөз, тармақтарға екпiн қойылады.

Бұған мысал ретiнде Абайдың Крыловтан аударған «Шегiртке мен құмырсқа» атты мысал өлеңiндегi автордың, шегiрткенiң және құмырсқаның сөздерiне қарай жiктелген мысал бөлiмдерiне белгiлi мөлшерде психологиялық кiдiрiс жасалады.

Немесе Абайдың «қан сонарда бүркiтшi шығады аңға» Қлеңiндегi:

Жарқ-жұрқ етiп екеуi айқасады,

Адам үшiн батысып қызыл қанға, -

деген үзiндiде «Жарқ-жұрқ етiп» тiркесiне көңiл аударайық. Бұл бүркiт пен түлкiнiң арпалысқан айқасын от шашыратқандай етiп көз алдымызға елестетiп тұр емес пе? Оған ерекше сипат берiп оқу, баса назар аудару, салмақ түсiре айту сол тармақтардың немесе бүкiл лириканың тынысын танытқандай.

Сөзде екпiндi буын болатыны сияқты сөйлем, сөз тiзбектерiнде де екпiндi айтылатын сөздер бар. Ондай сөйлем iшiндегi жеке сөздердiң бiреуiне екпiн түсiре айту ой екпiнi делiнедi. Сөйлем iшiндегi ой екпiнi түсiрiле баса айтылатын сөздердi табу, оларды дауыс ырғағын келiстiрiп оқу шығарманың идеялық-көркемдiк мазмұнын ашуда, ұғынуда маңызды орын алады. Мәселен, I.Жансүгiровтiң «Шаттық жыры» деген өлеңiнен үзiндi келтiрейiк.

Ырысты, еркiн, азат елiм қандай,

Кең байтақ, ен дәулеттi жерiм қандай!

Өлкемнiң оңы-мақта, солы-қырман,

Бiтетiн бiздiң жерге егiн қандай!

Өрбiткен алуан түрлi асыл тұқым,

Төгiлген ойда-қырда төлiм қандай!

Бал еткен малдың сүтiн, аңның етiн

Гүл жұпар, күштi дәрi, шөбiм қандай!

Немесе:


Тыңда, дала, Жамбылды!

Тыңда, қастек, қаскелең!

Сөйлесiн кәрi бауырың. (Жамбыл)

Бұл келтiрiлген үзiндiлердегi асты сызылған сөздердiң бәрi – екпiн түсiрiле айтылатын сөздер.

Кейде сөйлемдегi сөздердiң қайсысы екпiндi, қайсысы екпiнсiз оқшау келетiнiн айыру, ажырату тiптi мүмкiн емес.

Мәселен: Арыстан, аю, қасқыр, түлкi, борсық,



Сiлеусiн, жолбарыстар түнде жортып… (Жамбыл)

деген екi жолды өлеңдегi бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысына түсетiн ой екпiнi бiрдей. Әрине, мәтiндегi екпiндi сөздердiң екпiндiлiк дәрежесi бiрдей бола бермейдi. Бiреулерiне екпiн күштi түсiрiлiп айтылса, бiреулерiне сәл бәсеңдеу түсiрiле айтылады. Мәселен,



Менiң жаным отандық,

Отан деп өлем, өлсем де!

О, сүйiктi Отаным!

Балам деп көм көмсең де, (Н.Байғанин «Ер туралы жыр») - деген төрт тармақ өлеңдегi сегiз бунақтың қай-қайсысы да оқыған уақытта ой екпiнi түсiрiле, күштi айтылады. Бiрақ солай бола тұрса да, олардың екпiндiлiк дәрежесi бiрдей емес, яғни Отан деп өлем, О сүйiктi Отаным! деген бунақтар айрықша екпiн берiлiп айтылады. Өйткенi ақынның айтайын деген негiзгi ой-пiкiрi адамның отанына деген шексiз сүйiспеншiлiк сезiмiн бiлдiру, жырлау.

Қазақ тiлiнде екпiн онша аңғарылмағанмен грамматикалық екпiндi қойып оқуды үйрету керек. Сұлтанмахмұттың кекесiндi өлеңiндегi:

Калқам, жаным, қарағым!

Бетiңе келмес қарағым, – дегенде «қарағым» сөзiнiң бiрiншiсiнде екпiн үшiншi буынға, екiншiсiнде екiншi буынға түседi.

Сөйтiп, поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқуда интонациямен бiрге кiдiрiс түрлерiне және екпiнге де көңiл бөлген жөн.



А.бектаев, т.турткулбаева
Есенғали раушанов.
Сұрақтар мен тапсырмалар

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу