Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс



бет11/12
Дата04.11.2016
өлшемі3,24 Mb.
#295
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қысқы ауылда

...Бiз үйге кiрiп келгенде, сары самауырынды ортаға алып, төрт-бес кiсi шайға бас қойып жатыр екен. Атжақты келген, шүңрек көздi қара кемпiр күпiсiн жамылып, ыстық шайға нанды малып жеп отыр. Екi жас жiгiт жалаң бастанып, терлеп-тепшiп шайды ұрттап жатыр. Екi келiншектен бiреуi шай құйып отыр, бiреуi жас балаларүа сүт iшкiзiп отыр...

—Кеш жарық... Бәрi де ажырайысып қарады. Жiгiттер ығысып орын бердi. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бiрер минут тұнжырасып отырғаннан кейiн сөзге кiрiстiк: олар менiң аты-жөнiмдi, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.

— Е, солай де: қызылордадан шықтым де... қара кемпiр бетiме тесiле қарап отырды да:



  • Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта бiздiң бiр жаман баламыз болушы едi, одан хабар бiлесiң бе?!—дедi.

  • Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, қызылордада кiмдер жоқ дейсiң, бұл жiгiт кайсысын бiле берсiн,— деп самауырынға таяу отырған бақа сары жiгiт кейiңкiредi.

Кемпiр жым болды. Жас әйелдер өзара күңкiлдесiп, жас баланы сылтау қылып, бiрдеме айтып күлiседi.

— Бетiңнiң кiрiн қара, бапан, сүймеймiн деп жүр, бетiңдi жуайын,— деп бiреу баланы жетелейiн деп едi, бала көнбей бұртиды,



  • Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кiсiнi көрдiң бе,— дедi әжесi.

  • Қойыңдаршы, баланың бетiн жуғанды қайдан шығарған-сыңдар, жуып керегi не?— деп кемпiр де кiрiстi. Бұл жолы кемпiрдiң сөзiн ерсi көрiп балалары еш нәрсе айтпады...

Шайдың артынан бiрен-саран қыдырмалар келдi. Сұлу мұртты, қара торы жiгiт кесiп сөйлеп отырды. қуландырып жұртты күлдiрген болды. Үй иесi жiгiт онымен шәлкем-шалыс сөйлесiп, iлiнiсiп отырды.

— Үкiметке ризамыз, үкiмет келгелi адам қатарына қосылдық... Бұрын елге шыққан оқыған адамдар, қайда бай болса, соны таңдап қонушы едi. Бұл күнде iздеп келетiн болды, мұнысына шүкiршiлiк,— дедi үй иесi. Сұлу мұртты жiгiт аз-кем бөгелген секiлдендi. Бiрдеңе айгуға ыңғайланған қалпы болса да, менен қаймықты ма, әлде үй иесi жiгiттен қаймықты ма, айтпады.

Қыдырманың бiреуi шокша сақал, сары кiсi — дыбдырлап сөйлейдi. Бесбатпан кiр орамалды қалтасынан шығарып, бұрышына түйген құмалағъш кигiздiң үстiне төктi, «я, бiсмiлда!» деп, быртиған саусағымен кұмалақты шашып жiберiп, ежiрейiп, үнiле калды.


  • Құмалакты кiмге салып жатырсың, Ержан?

  • Өзiме салам, от басынын, амандығына салам.

  • От басына бiрдене кiрер дейсiң бе, жалғыз сиырың бар едi, ол өлдi, ендi құдай сенiң неңдi алады?.. Одан да маған сал, мен ертең базарға барғалы отырмын, не бiтiрiп қайтар екем?— деп сары жiгiт ұмтылып жақын барып, жер бауырлап, көсiлiп жатты.

- Әй, Орман, тұрсайшы, кiсiнiң алдына сұлап жатып алғаның не?—деп сұлу мұрт оған ала көзiмен карады... Ас артынан қыдырмалар тарады. «Үй иесi жiгiттер қонақтың атын жайласуға шығып кеттi. Пеш жанында шынтақтап құмалақшы жатыр едi, кара кемпiр оған қарай түсiп, сыбырлап қана:

Бiздiң үйдiң амандығына құмалағыңды тартшы,—дедi. құмалақшы тартып болып: «Көрер кiрiс болмаса, шығын жоқ...» —деп атап келе жатып, кез маған түсiп, мүдiрiп қалды. қысылып қызарғандай болды. Әлгi сөзiн өтiрiкке шығаруға тырысқан адамдай:

— Құмалақ не бiлушi едi, әшейiн «кәләкәйт» да... дым да бiлмейдi. Бiр құдайдан басқа кiм бiлушi едi?—дедi. Бұл сөздi маған естiртiп айтты. Өзiнше әлгi сөзiн осымен жудым деп ойлады...

Оңашаланған соң, үй иесi жiгiттен елдiң шаруашылығын сұрадым; жүрiп жатқан науқанның жайына қандым.

Ауданда ұйым дүкенi бар едi. Соның бөлiмшесiн ашқан болдық. Отыз бес мүшемiз бар. Товардың келуi жақсы. Ел товарға молықты. Әсiресе, кедей-батырақ артық астығын төгiп,керегiн дүкеннен алып, қарық болып жатыр... Дүкен осы бiздiң үйде. Ертең жүрерде көрiп кетiңiз,— дедi. Үй иесi жiгiтiм сол дүкеннiң приказчигi болып шықты. Белсендi кедей екен. Астық дайындау науқанына едәуiр көмегi тиiптi.

Елде артық. астық, жоқ емес, бар, көбi бұқпантайлық қылып бермей отыр. Бiрсыпырасы артық, сатып керегiне жаратып қойып отыр... Бiздiң елде соғым сою деген бәсекең бар. Өлмелi кедей де, жылқы тауып соймаса көңiлi көншiмейдi. Семiз жылқы сатып алуға күштерi келмеген соң, арық жылқыны алып, бар астығын соған жұмсайды, көбiнiң сонымен тiлеуi құрып отыр,— дедi кейiп.



Соғым жемдеу хабарын есiткен соң, мен сол үй иесiнiң өзiн қазбалап сұрай бастадым, өйткенi табаққа салған казысы бiлектей едi.

- Өзiңiз де соғып жемдегенсiз ғой?— деп ем, қызараңдап отырды да, шынын айтты:

- Жемдеп едiм,-— дедi.



- Қанша астық жегiздiң?

- Сексен пұттай!

Кедей шаруа. Iшерлiгi мен тұқымдығынан артық астығын соятын соғымына жегiзген. Соғымы семiз, қазысы жырта қарыс. Бiрақ үкiметке беретiн артық, астығы жоқ. Артығының барлығын қазыға айналдырып, бес саусақтан майын тамызып жеп отыр. Мен бiрсыпыра түсiндiрiп айтып едiм, түсiндi, қатесiн мойнына алды.


  • Наданбыз ғой, еш нәрсенiң жайын бiлмеймiз, елден қал-маймыз,— деп даурығып кеп күрсiндi.

  • Түсiндiрсе, үгiттесе ел елпеңдеп дайын тұр. Бiрақ, түсiндiрушi кем. Осындағы кеңес қызметкерлер ерте бастан елге түсiндiрiп, артык, астығын үкiмет орнына төккiзiп отырса жоспар әлдеқашан толып қалмай ма?.. Тән қараңғы. қатты жел. Боран. Кәртiк қар. қар астында өмiр бар. Кәртiк қардын ара-арасынан жылтыраған от көрiнедi. Бұл терезе сәулесi. Мал да, жан да үйде; жылы қорада ұйықтап, мүлгiп жатыр...

Қысқы ауылды бiраздан берi керген жоқ едiм, сағынып қалған сияқты болдым. Жылы төсекте, тастай қараңғы үйде жатып, ысқырған желдiң даусын тыңдап, маужырап ұйқыға шомдым».

Бейiмбет Майлин

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. «Қыпшақ Сейiтқұл» әңгiмесiнiң тақырыбы не және оның мазмұнын ашып бер.

2. Автор бұл әңгiме арқылы не айтпақ?

3. Қыпшақ Сейiтқұл әңгiмесiн мәнерлеп оқу.

4. «Қысқы ауылда» әңгiмесiн мәнерлеп оқу және баяндап беруге жаттығу.

5. Бұл әңгiменi Бейiмбет Майлиннiң басқа да әңгiмелерiмен салыстырыңдар.

6. Әңгiмелердегi кiдiрiстерге, екпiнге, кейiпкерлердiң iс-әрекетiне, қимылына, олардың мiнезiне, сәлеуiне кәңiл бөлiңдер.
МОНОЛОГ ЖӘНЕ ДИАЛОГТЫ ОҚУ

Мұхтар Әуезовтiң «Абай жолы» романындағы Дәрмен монологы

- Абай аға, қадiрлiм! Ол дәндерiң өлген жоқ, жойылған жоқ. Рас, бұл күнде бiр араға бiткен дүм тоғай болмасын. үлкен бақ боп тұрмасын. Бiрақ ен дала, мол сахараның бар бойында ол дәндерiң өсiп келедi.. Көп өсiп, көктей өсiп келедi… Өсе бермек, күн санап та, жыл санап..

Сол үшiн де өз өмiрiмде, өле-өлгенше асыл сөзiңдi сақтармын, ата тәрбиеңдi ақтармын, ағажан!
Б.Майлиннiң «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңi

Кеше:

- Уа, кiмсiз?

- Ыбыраймыз.

- Жаймысыз?

- Жаймыз.

-Уа, қайдан келесiз?

- Сайлаудан келемiз.

Төске таққан шенiмiз бар

Патшаға жаққан ебiмiз бар.

Құдайға шүкiр, қойдан жуас

Момақан ғана елiмiз бар…

Бiз – бай, бiз - құдай.

Күш сынасса жүн болады,

Кiм келедi сайма-сай.



Бүгiн:

- Уа, кiмсiң?

- Ыбыраймын.

- Жаймысың?

- Жаймын.

- Уа, қайдан келесiң?

- Соттан келемiн.

- Соттан емес-ау, оттан келемiн

- Бiлдiң бе?

- Бiлдiм ғой.

- Қалай екен?

- Арыз берген малай екен…

- Солай ма екен?

- Солай екен.

- Не дейдi?

- Ақы сұрайды.

- Қанша?

- Он мың сом.

- Он мың, сом.

- Нең қалады?

- Нем қалсын?

- Қатын қалады,

- Мен қалам.

- Шенiң қайда?

- Тозған.

- Елiң қайда?

- Күнi озған.

- Ендi не етпексiң?

- Бiтем!

- Бiтсең бiт, мен де соныңды күтем!


Сұрақтар мен тапсырмалар

1. М.Әуезовтiң «Дәрменнiң монологын» мәнерлеп оқып жатқа айту.

2. Б.Майлиннiң «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» атты диалогын рөлдерге бөлiп оқыңдар.

3. Жоғарыда берiлген шығармалардан тыс, одан басқа да монолог пен диалогтардан мысалдар келтiрiңдер.


Е Р Т Е Г I Л Е Р Д I О қ У

А я з б и

Ертеде Мадан деген хан болыпты. Оның ақылы, тапқырлығы өзiнiң заманындағы көп хандардан артық екен. Ханның қырық уәзiрi бар екен. Бiр күнi хан уәзiрлерiнен мәжiлiстес болып отырып:

- Уәзiрлерiм! Сендер қырқың да асып тұрған ақылды, данышпан едiңдер. Мен сендердi бiр жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегi адамның жаманын, құстың жаманын және шөптiң жаманын тауып әкелiңдер. Он бiр ай уақыт беремiн. Сол он бiр айдың iшiнде тауып әкелмесеңдер, жазалы боласыңдар, - дептi.

Хан бұйырған соң амал жоқ, уәзiрлерi өзара ақылдасып, iздеуге кiрiседi.

Көп iздеп, азап шегiп, шеңгел деген шөптi тауып: «Өзi – тiкен, арасынан жүрсе киiм жыртады, мал жемейдi екен, шөптiң жаманы осы ғой», - деп шеңгелдi алады. қырғауыл деген құсты тауып: «үстiнде жүнi жоқ, ұсқыны келiссiз, құстың жаманы осы екен», - деп қырғауылды атып алады. Ендi адамның жаманын таба алмай, қырық уәзiр келе жатса, таудың етегiнде үстiнде жыртық тоны, басында терi тымағы бар, ұсқынсыз бiр адам бес-он қойды бағып жүр екен. Уәзiрлер таңырқап: «Адамның жаманы, сiрә, осы болар -ау», - деп тұрғанда, әлгi адам:

- Уа, мырзалар, неге таңырқайсыңдар? – дептi.

Уәзiрлер ханның сондай бiр жұмысқа жұмсағанын, шөптiң, құстың жаманын тауып, ендi адамның жаманын таба алмай, ол адамның ұсқынын көрiп таңданып, «адам жаманы осы болар», - деп таңырқап тұрғандарын айтыпты.

Жаман тұрып:

- Болды, адамның жаманы керек болса, мен боламын. Ханға менi алып барсаңыз, сiздердiң жұмысыңыз бiтедi, - дейдi.

Уәзiрлер:

- Олай болса жарайды, - деп Жаманды аттың артына мiнгестiрiп алып, ханға жөнеледi. Ханға келе жатып, Жаман:

- Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бiрақ шөптiң, құстың жаманын таба алмаөан екенсiздер. Шөптiң жаманы – қара қоға, құстың жаманы – сауысқан едi, - деп уәзiрлерге қырғауыл мен шеңгелдi тастатып, олардың орнына қара қоға мен сауысқанды алдырады. Уәзiрлер мәнiсiн сұрайын деп едi ол:

- Хан алдында айтам, - деп сөйлемедi. Уәзiрлер келген соң, хан әкелген адамның ұсқынына қарап:

- Әкелген адамың жарайды. Мұнан жаман кiсi дүниеде жоқ шығар. қазiр аспазшыға апарыңдар, көже мен нан берсiн, сыйласын. Ертең ортаға алып, тамаша етемiз, - деп Жаманды ас үйге жiбердi.

- Бiрақ, құстың жаманы мен шөптiң жаманын таба алмаған екенсiңдер. құстың жаманы – қырғауыл, шөптiң жаманы – шеңгел едi. Осыны көре, бұларды әкелулерiңнiң не мәнi бар едi? – деп хан уәзiрлерiне қатулана бастады.

Сонда уәзiрлер:

- Тақсыр, айтқаныңыз дұрыс. Бiз шөп жаманы деп шеңгелдi, құс жаманы деп қырғауылды алып едiк, бiрақ жолшыбай әлгi Жаман: «Шөптiң жаманы – қара қоға, құстың жаманы - сауысқан», - деп бiзге оларды тастатып, қара қоға мен сауысқанды алдырды, - деп жауап бердi.

Хан аз кiдiрiп:

- Е, Жаманның не бiлгенi бар екен?! Шөптiң жаманы – қара қоға, құстың жаманы – сауысқан екенiн қайдан бiлдi? Алып кел, сұралық! – деп бұйрық еттi. Жаманды ханға алып келдi.

Хан Жаманның бетiне қарап:

- Мен құстың жаманы – қырғауыл, шөптiң жаманы шеңгел деп ойлаушы едiм, сен оларды уәзiрлерге тастатыпсың. Сен шөптiң жаманы – қара қоға, құстың жаманы – сауысқан екенiн қайдан бiлдiң? – дедi.

- Тақсыр хан, елу жасқа келiп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едiм. Өмiрiмде отын-су тасып, еткенiм кiсiнiң құлшылығы болды. Сол уақытта шеңгелдi әкелiп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңге дейiн сексеуiлдiң шоғындай жайнап жататын едi. Сол уақытта: «Киiм жыртып, мал жемейтiн шеңгел отын ретiнде пайдаға асады екен-ау», - деп ойлаған едiм. Ал ендi қара қоғаны алып отқа жақсам, отқа жанбайтын едi, үрлесем, жалыны мен шоғы бiрге сөнiп, күлi бұрқырап, үйдiң iшiн алып кететiн едi. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, мал жаманы сиыр екеш, сиыр да мұрнын шүйiрiп жемейтiн. Сонан соң қара қоға тiптi пайдаға аспайтын шөп қой деп ойлаушы едiм. қара қоғаның жаманын сонда бiлдiм, - дедi Жаман.

- Сауысқанның жаман екенiн қайдан бiлдiң? – дедi хан.

- Қырғауылдың жүнi жоқ болса да, қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын адал құс едi. Бiреудiң сиықсыз болуы – тәңiрдiң iсi. қырғауылдың айыбы – тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүнi ала болғаны сияқты, өзi де ала, бiрлiгi жоқ. Екеуi бiрiгiп ұшпаған, екеуi бiрiгiп қонбаған, адам пайдасына аспайтын арам құс едi. Сондықтан құс жаманы сауысқан деймiн.

- Хош, сауысқан мен қара қоғаның жамандығын бiлдiң. Ендi өзiңнiң жамандығыңды қайдан бiлдiң? – дедi хан.

- Уа, тақсыр! Менiң жасым елуге келдi. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрдi, келiн жұмсап, қызық көрiп отыр. Мен қайда болса сонда, әлi күнге дейiн әркiмнiң артына мiнгесiп, басқа бiреудiң құлшылығында жүрмiн. Ендi мен жаман емей, жақсымын ба? – деп Жаман ханға қарады. Хан басын шайқап:

- Апыр-ай, сен жаман болсаң жарар едi... құстың, шөптiң өзiңнiң жамандығыңа дәлел айттың, жарайды...
Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Ертегi дегенiмiз не?

2.Ертегiлердi оқу техникасының жүйесi бойынша келiстiрiп оқыңдар.

3.Ертегiлердiң жанрлық ерекшелiгiне көңiл бөлiңдер.

4.Ертегiлердi мәнерлеп оқығанда ондағы кейiпкерлердiң iс-әрекетiне байланысты жайттарды ескерiңдер.

ДРАМАЛЫҚ ШЫFАРМАЛАРДЫ ОҚУ

Дулат Исабековтың «Әпке» атты драмасы

Ә п к е

Екi бөлiмдi драма

(Ықшамдалып алынды)

Қамажай


Омар - iнiсi

Темiрбек, Тимур – iнiсi

Ермек – iнiсi

Нәзiла, Наз – сiңлiсi

Гауhар – Назиланың құрбысы

Кәмила, Кама – Тимурдың сүйген қызы, кейiннен әйелi

Сұлтан – Тимурдың досы

Сұлухан, Светлана – Сұлтанның қасындағы қыз

Қабен

Көршi әйел



Б i р i н ш i а к т

Үстел басында қамажай, сiңлiсi, сiңлiсiнiң құрбысы тамақ iшiп отыр.

Нәзила. Илансаң бар ғой, әпке, таңертеңнен берi Гауhар екеумiз дым сызған жоқпыз.

Қамажай. Немене, ақшаларың болмай қалды ма?

Нәзила. Гауhар да құр алақан емес. Уақыт жоқ. Ателъеге барып едiк, қырғын, адам көп екен, шаршап өле жаздадық. Так что, әпкешка, бүгiн алдымызға күнжара қойсаң да жей беремiз.

Қамажай. Ақшаларың болмаса, ателъеге неге барып жүрсiңдер?

Нәзила. Бұрынғы ақшалы кездерiм еске түсiп… Ателъеге ақшалы адамның баруы жаңалық емес. қолыңнан келсе, ақшасыз барып көр. (күлiп.) Жай айтқаным ғой. Әпке деймiн, Ателъеге маркизет түсiптi. Гауhарда азын-аулақ ақша бар екен, мен одан қарыз ала тұрмақ едiм. Жете алмадық. Жете алмағанымыз да дұрыс болды. Әйтпесе, кейiн қайдан тауып берер едiк.

Қамажай. Неге?... Тауып беремiз… Тимур ертең айлық алады.

Нәзила. Оның айлығы өзiнен артылмайтын болды ғой. Өткен жолы мен оны паркте бiр қызбен көргем. Менiңше, финанс жағын сол кiсi басқаратын болу керек. Ал, ендi iске кiрiселiк.

Екi құрбы сықылықтай күлiп, тамақтан тарбытып жеуге кiрiседi.

Қамажай. Ойбай-ау… Сендердiң қарындарыңның аш екенiн бiлмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едiм. Әлгi Темiрбек бiр жолдасымды ертiп келем деп едi. Сол екеуiнiң… Жарайды, сол екеуiнiң сыбағасын салып берейiн.

Гауhар. Жо-жоқ, апа, керек емес. Бiзге осы да жетедi.

Қамажай. Азаннан берi дым сызбасаңдар қайдан жетсiң. Оларға… котлет қуырып бере салармын. Әкелiңдер ыдыстарыңды.

Нәзила. Бiздiң әпкешка бала сияқты. Не айтсаң соған сене бередi.

Үйге Темiрбек және гитара көтерген бiр жiгiтпен екi қыз сау етiп кiрiп келедi. Бәрi көңiлдi. Қамажай тамақ қамын ойлап, аңырып тұрып қалады.

Нәзила. Әпкешка, котлеттi көбiрек қуыр.

Темiрбек. О-о, бiздiң үйде той боп жатқан-ау шамасы. Мамуля, мен бiлмейтiн бұл қандай той.

Қамажай. Ә-ә… той емес… Жай, өзiмiз. Жiгiттер. Қыздар, жоғары шығыңдар. Ермекжан, сен өз бөлмеңе бара ғой, кәне. (Ол кетедi.) Ал, төрлетiңдер.

Темiрбек. Мамуля, бiздiң үйде той жоқ дейсiң, неге той жоқ? Той бар. Ендi болады. Бүгiн екi жылдан берi бiр заводта iстеп келе жатқан менiң ең жақсы досым Сұлтанның туған күнi. Және ол бiздiң босағаны бiрiншi рет аттап отыр. Демек, бiздiң үйде бiр емес, екi той өтуi тиiс. Ал, Кәмила шығар сумкадағыларыңды.

Нәзила. құп болады!

Қамажай. Темiрбек-ау. Мынау… Күнi бұрын неге айтпадың? Ұят боп қалды-ау, ә? Ылғи да асығыс. Тым болмаса телефонмен бiр айта салсаң, еттi.

Темiрбек. Ничего, ничего, мамуля. қуаныш атаулының ойда жоқта болғаны жақсы. Күнi бұрын бiлген қуаныш- қуаныш емес. Эффектiсi аз болады. Ал, Сұлтан, бұл кiсi – менiң әпкем, өзiм мамуля деп атап кеткем. Мына қыз – қарындасым, оның қасындағы – подружкасы. Екеуi институтта бiрге оқиды. Ал, мына екi қыз – Кәмила және Светлана. қазақша аты – Сұлухан. Аты – не очень удачный ат. Сондықтан Светлана деп кеткенбiз. Все мы уже знакомы, моя миссия окончено, теперь прошу за стол.



Бәрi үстелге отырады.

Қамажай. Ал, туған күнiң құтты болсын, iнiшек. қуаныштымыз. Темiрбекжанның досы болсаң, менiң де туған iнiмсiң. Ал, өздерiң отыра тұрыңдар, мен барып котлет…iмм… тамақ дайындап жiберейiн.



Шығып кетедi.

Темiрбек. Наз, сен де осы үйдiң қонағымысың? Мамуляға көмек бермейсiң бе?

Нәзила. Мынау экстра ма?

Темiрбек. Болса қайтейiн деп ең?

Нәзила. Сағат жетiден кейiн арақ сатылмаушы едi ғой?

Кәмила. (жеңiлтек үнмен). Бiз оны рестораннан алдық.

Нәзила. У-у, неткен байлық! Ал бiз Гауhар екеуiмiз ақшаның жоқтығынан күнi бойы тамақ та iше алмадық.

Темiрбек. Байлық еш уақытта жұртқа бiрдей бөлiнбейдi.

Нәзила. Таба алмай жүрген асыңның

Ит жегенiн көресiн…

Ретсiз бөлген дүниенiң

Айтшы, құдай. Төресiн…

Темiрбек. Тоқтат! Тiлiңдi кесiп, язык отворный жасаймын.

Нәзила. Таптырмайтын деликатес. Менiң тiлiм, мiне (Тiлiн көрсетiп). Кiшкентай-ақ төртеуi жете қояр ма екен? Жарайды. Өзiм. закуска болғанша, ас үйге барып бiрдеңе әзiрлесейiн, жоғары мәртебелi тақсыр…(Иiлiп тағзым етедi.)

Темiрбек. Жоғалт көзiңдi!

Нәзила. құп болады. Көзiмдi жоғалтайын.



Лып етiп шыға жөнеледi.

Темiрбек. Сендер оның сөзiн көңiлдерiңе алмай-ақ қойыңдар. Ол былай… аздап… ненормальный-лау.

Светлана. Дегенмен, бiздi ұнатпай қалғаны анық. Тiлiнiң уы бар қыз екен.

Кәмила. Қазiргi заманда жұрттың бәрiне бiрдей ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестiң ғасыры ғана емес, субьективтi пiкiрдiң ғасыры. Бiреуге ұнау үшiн әрекет жасау бекершiлiк. (Сигарет тұтатады.)

Сұлтан. Бiреуге ұнамауды мақсат ету де адамды рухани тұйықтыққа итермей ме?

Кәмила. Сен менi түсiнбей қалыпсың. Бiреудiң қасқабағына қарап, соның ақылымен өмiр сүру, қайткен күнде де оған да өзiң жайлы жаман пiкiр қалдырмауға тырысу – адамды ой бостандығынан айырады. Ал, ой бостандығы болмаған жерде… айталық, сен қолыңа гитара ұстап, туған күнiңдi думандатып, маған қарсы дау айтып отырғанына қарамастан, тiптi он екi мүшесi сау, қаланың ортасынан алған үш бөлмелi пәтерiңе, жергiлiктi комитеттiң мүшесi екенiңе де қарамастан, мына сен… сыртын терiмен қаптай салған тұлып болар едiң.

Сұлтан. I-iмм. С-солай де. Ашулануға тұрарлық сөз екен. Бiрақ жақын досымның үйiне алғаш рет келiп отырғандықтан, шаңырақтың шырқын бұзғым келмей отыр. Дегенмен, айта қойшы, жұрттың бәрiне бiрдей ұнамауды мақсат еткен адам ғана ой бостандығының иесi санала ма? Объективтiк пiкiр деген бар ғой.

Светлана. Жоқ.

Сұлтан. қалайша? Объективтiк пiкiрдi жоққа шығарғың келе ме?

Светлана. Жоққа шығарғым келмейдi. Өйткенi ол болған емес. Объективтi пiкiр деген – субъективтi пiкiрлердiң жиынтығы. Сұлтан. Ал, әйтпесе, жиырмасыншы ғасырдың жойқын нигилисi арамызда жүр екен ғой. (Гауhарға қарап.) Бұған сiз қалай қарайсыз, қарындас?

Гауhар. Мен бейтаныс адамдардың алдында пiкiр айтпаймын.

Сұлтан. Бұл да өзiнше жаңалық екен. Калыс қалудың сәтi табыла кеткен түрi ғой.

Темiрбек. Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды өтiнемiн.

Светлана. Жо-оқ, жалғастыра берсiн. Мен үшiн өте қызық. Менiңше, дастархан басындағы адамдардың сөзiнен-ақ бүтiн бiр қоғам мәдениетiнiң даму деңгейi көрiнедi. Бiлiмдi жастардың айтысы да, тартысы да әлеуметтiк биiктен басталуы керек. Объективтi және субъективтi пiкiр дегендi мен күнде естiп, сол сөздi өзiм қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын. Сұлтан, ол жөнiнде сенiң ойың қалай ?

Сұлтан. Сен өз сұрағыңа өзiң жауап берiп отырсың ғой. Мен өз пiкiрiмдi айтсам, демек ол субъективтiк пiкiрiм, ал кҚпшiлiкке ұнайтын ойымды айтсам, ол объективтi пiкiр.

Кәмила. Бұл – слишком арифметикалық жауап. Екiнi екiге қосқанда төрт болады деген сияқты. Бұлай бастауыш мектебiнiң оқушысына ғана түсiндiру керек. Айтпақшы, жақында бiр бала мұғалiмнiң: «Екi алмаға үш Қрiктi қосқанда қанша болады?» - деген сұрағына ойламастан: «Компот болады», - деп жауап берiптi. Мен сенiң жауабыңа толық қанағаттана алмадым. Әлгi баланың жауабы сияқты жаңа тотировка жоқ.

Сұлтан (гитарасын қағып-қағып жiберiп). Мен үшiн бұл соншалық маңызды нәрсе емес.

Кәмила. Неге? Бiздiң әрбiр құбылысқа деген өз пiкiрiмiз болуымыз керек. Онсыз адам болудан қаламыз.Өз пiкiрi, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек, ол өз бақыты үшiн қалай күресудi, өз ғұмырын қалай құруды да бiлмейдi.

Нәзила келiп, үстелге ыдыс-аяқтарын қояды.

Сұлтан. Ал, сен, өзiң, сен өзiң бiлесiң бе?

Кәмила. Бiлемiн. О-о, мен жақсы бiлемiн. Мен өз бақытым үшiн күресе аламын.

Сұлтан. Ал, сен сол «бақыт» деген не екенiн бiлемiсiң?

Кәмила. Оны да бiлем. Бақыт деген… бақыт деген мына сендер түсiнетiндей ылғи қуаныш, ылғи сәттiлiк емес. Бақыт деген – азап.

Темiрбек. Аза-ап?.. (Күледi.)

Кәмила. Ия, азап. Бiрақ, ол бос сергелдең, күйбең тiршiлiк азабы емес, үлкен мақсатқа барар жолдағы азап. Циолковский, Достоевский, Королев… қалай ойлайсыңдар, солардың бәрi рақат тұрмыс кештi дейсiңдер ме? Олардың бүкiл ғұмыры азаппен өттi. Адамзат үшiн, ғылым үшiн азап шектi. Мiне, бақыт деген осы.

Сұлтан. Дұрыс. Олардың бәрi ұлы жаңалық ашты. Ал, сен ше? Сен қандай жаңалық ашасың?

Кәмила. Мен ешқандай жаңалық ашпаймын.

Сұлтан. Құдайдың мұнысына да шүкiр.

Кәмила. Ия, құдайға шүкiр, ашпаймын.

Сұлтан. Сондағы сенiң айтпағың не? Жаңалық ашпайсың, диссертация қорғамайсың, демек азаптанбайсың. Сөйте тұрып, өз бақытым үшiн күресе алам дейсiң? Ол қандай бақыт, ол қандай күрес?

Кәмила. Ол – өз дегенiнше өмiр сүру. Адам адам болып жаралғалы сол үшiн күресiп келедi. Олар не үшiн күрестi, не үшiн құрбан болды: сол күрес атаулыны – қарулысы бар, қарусызы бар – бәрiн жиып-терiп келесi ұрпаққа қалдыру үшiн ғана ма? Жо-жоқ. Сол кұрестер мен жеңiс атаулының жемiсi – мына, бiзбiз. Алдыңғы ұрпақ соңғы ұрпақтың бақыты үшiн мәңгi күресiп келедi ғой, солардың тыныш ұйқысы үшiн, солардың бейбiт тiршiлiгi үшiн, керек болса, солардың беғам өмiрi үшiн де күрестi ғой. Сол бақытты ұрпақ мына бiздермiз. Бiз қалауымызша өмiр сүруге тиiспiз.

Сұлтан. Тырнақтап жиғанды етектеп төгiп алмаймыз ба?

Кәмила. Төкпеймiз.

Нәзила. Өмiр көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан күдiктенемiн. Өйткенi. олар көп ретте жалған айтады. Менiңше, бақыт деген – сөз бен iстiң бiрлiгi, демек, жалған сөйлемеу. Бiз дастарқан басында ғана ақылдымыз, дастарқан басында сұлу сөйлеудi әбден меңгергенбiз. Ал, өмiрде сол айтқанымыздың бiр де – бiреуiн орындай алмаймыз. Сөзiмiз бен iсiмiз алшақ. Бұл – бақыт емес, сiрә.

Светлана. Бұл сiздiң өмiрден түйген философияңыздан гөрi бiзге деген күдiгiңiзге көбiрек ұқсайтын сияқты. Кама дұрыс айтады. Әңгiме жаңалық ашуда емес. Менiң атам 1918 жылы Ақтөбеде ақтармен шайқаста қаза тауыпты. Баланың бақыты үшiн дептi. Баласы, яғни менiң әкем Отан соғысында Сталинград түбiнде белгiсiз төмпешiк болды. Балаларымыздың бақыты үшiн деп мерт бопты. Ендi бiз неге бақытты тұрмыс құрмаймыз. Бүтiн бiр екi ұрпақ ғұмырын қиғанда келмейтiн ол не деген бақыт. (Осы кезде қамажай тамақ әкелiп үстелге қояды.) Келiңдер, жолдастар, бәрiмiздiң бақытымыз үшiн бакалдар шарапқа толсын.

Бәрi. Мiне, ғажап сөз.

- Ал, құйыңдар.

Сұлтан. Кәне, апай, қарындастар, сiздер де бокалдарыңызды толтырыңыздар. (құя бастайды.)

Қамажай. Жо-жоқ, мен мұндайды аузыма алған емеспiн. Болмайды, болмайды.

Светлана. Болады, болады. Осы уақытқа дейiн аузыма алмадым дегенде өз басым иланбаймын. Қазiр үйренбесеңiз, кейiн кеш болады. Мына iнi-қарындастарыңыздың бақыты үшiн алмауыңыз күнә…



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет