Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс



бет10/12
Дата04.11.2016
өлшемі3,24 Mb.
#295
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қ ы с

Ақ киiмдi, денелi, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тiрi жанды.

Үстi-басы ақ қырау, түсi суық,

Басқан жерi сықырлап, келiп қалды.

Дем алысы – үскiрiк, аяз бен қар,

Кәрi құдаң – қыс келiп, әлек салды.

Ұшпадай бөркiн киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екi көзiн,

Басын сiлкiсе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етiп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көрiп жүгiрген жас балалар,

Бет-қолы домбығып, үсiк шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай терiс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бiрге тұмсығын салды қасқыр.

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып, күзетiңдер,

Ұйқы өлтiрмес, қайрат қыл, бұз қамалды!

Ит жегенше қондыбай, қанай жесiн,

Құр жiбер мына антұрған кәрi шалды.
Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат

Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат,

Екi түрлi нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтiн, шын күлерлiк

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбiреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбiреу қояр көңiл ұққанынша.

Сөз мәнiсiн бiлерлiк кейбiреу бар,

Абайлар әрбiр сөздi өз халынша.


Шын көңiлмен сүйсе екен, кiмдi сЇйсе,

Бiр сөзiмен тұрса екен, жанса-күйсе.

Қырмызы қызыл жiбек бозбалалар,

Оңғақ пұлдай былғайды, бiр дым тисе.


Керек iс бозбалаға талаптылық,

Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.

Кейбiр жiгiт жүредi мақтан күйлеп,

Сыртқа пысық келедi, көзге сынық.


Кемдi күн қызық дәурен тату өткiз,

Жетпесе, бiрiңдiкiн бiрiң жеткiз!

Күншiлдiксiз тату бол шын көңiлмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткiз!


Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып,

Бiрiңнiң бiрiң сөйле сөзiң тосып.

Бiрiңдi бiрiң ғиззәт, құрмет етiс,

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.


Жолдастық, сұхбаттастық – бiр үлкен iс,

Оның қадiрiн жетесiз адам бiлмес.

Сүйiктi ер бiлген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бiр ауыз сөз айтып күмес.


Күйлеме жiгiтпiн деп үнемi ойнас,

Салынсаң, салдуарлық қадiр қоймас.

Ер жiгiт таңдап тауып, еппен жүрсiн,

Төбетке өлекшенiң бәр бiр бас.


Бiреудi көркi бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсеқызар нәпсiге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркiменен,

Мiнезiне көз жетпей, көңiл берме!


Көп жүрмес жеңiске қойлық, әл-ақ тозар,

Жаңғырар, жеңiске құмар, жатқа қозар.

Күнде көрген бiр беттен көңiл қайтар,

Қылт еткiзбес қылықты тамыршы озар.


Толқынын жүрегiңнiң хаттай таныр,

Бүлк еткiзбес қалайша соқса тамыр.

Жар көңiлiне бiр жанын пида қылып,

Бiлместiгiң бар болса, қылар сабыр.


Шу дегенде көрiнер сұлу артық,

Көбi көпшiл келедi ондай қаншық.

Бетiм барда бетiме кiм шыдар деп,

Кiм паңдау келедi, кiм тантық.


Ақыл керек, ес керек, мiнез керек,

Ер ұялар iс қылмас қатын зерек.

Салақ, олақ, айнасшы, керiм-кербез,

Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.


Қатыны сенi сүйсе, сен де оны сүй,

Қоржаң суық келедi кей сасық ми.

Ерi ақылды, қатыны мiнездi боп,

Тату болса, риаз үстiндегi үй.


Жоқ болса қатыныңның жат өсегi,

Болмаса мiнезiнiң еш кесегi.

Майысқан, бейне гүлдей толықсынған,

Кем емес алтын тақтан жар төсегi.


Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.


Үйiңе тату құрбың келсе кiрiп,

Сызданбасын қабақпен имендiрiп.

Ер сүйген кiсiнi о да сүйiп,

Қызмет қылсын көңiл таза жүрiп.


Құрбыңның тәуiр болсын өз мiнезi,

Абыройлы қалжыңмен келсiн сөзi.

Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,

Қатыныңда болмасын оның көзi.


Кей құрбы бүгiн тату, ертең бату,

Тiлеу, жақындығы – бәрi сату.

Көкiрегiнде қаяу жоқ, қиянат жоқ,

Қажымас, қайта айнымас қайран тату!


Пайда деп, мал деп туар ендiгi жас,

Еңбекпен терiн сатып түзден жимас.

Мелiш сауда сықылды күлкi сатып,

Алса қоймас, араны тағы тоймас.


Асық ұтыс сықылды алыс-берiс –

Тiрi жанның қылғаны бүгiн тегiс.

Бiр көйтке таласып, бiр арам қып,

Төбелескен, дауласқан жанжал-керiс.


Жас бала әуелi тату бола қалар,

Ата-анадан жақын боп, ертiп алар.

Бiрiн бiрi құшақтап шуылдасып,

Ойын тарқар кезiнде ұрыс салар.


Бiреуi жылап барса үйге таман,

Ата-анасы бұрқылдар онан жаман.

Татулығы құрысын ойыны мен,

Дәл соларға ұқсайды мына заман.


Жаман тату қазады өзiне ор,

Оған сенсең, бiр күн боларсың қор.

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өз зордың болады ығы да зор.


Қазақтың қайсысының бар санасы?

Қылт етерде дап-дайын бiр жаласы.

Пысықтықтың белгiсi – арыз беру,

Жоқ тұрса бес бересi, алты аласы.


Поэма

Е с к е н д i р

Осы жұрт Ескендiрдi бiле ме екен?

Македония шаhары – оған мекен.

Филипп патша баласы,ер көңiлдi,

Мақтан сүйгiш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлдi, Ескендiр патша болды,

Жасы әрең жиырма бiрге толды.

Өз жұрты аз көрiнiп, көршiлерге

Көз алартып қарады оңды-солды.

Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.

Көп елдi күтiнбеген қырды, жойды,

Ханды өлтiрiп, қаласын тартып алды.


Жазасыз жақын жердiң бәрiн шапты,

Дарияның суындай қандар ақты.

Шапқан елдiң бәрiн де бодам қылып,

Өкiметiн қолына тартып апты.


Ескендiр елде алмаған хан қоймады,

Алған сайын көңiлi бiр тоймады.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердiң жүзiн алуға ой ойлады.


Қан iшер қаhарлы хан ашуы көп,

Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.

Сол күнде қошеметшi айтады екен,

Ханның ханы, патшаның патшасы деп.


Атағы талай жерге оның жеттi,

Жердiң жүзiн алуға талап еттi.

Есепсiз әскер ертiп, жарақтанып,

Есiткен елдерiне жүрiп кеттi.


Алдынан шыға алмады ешкiм мұның,

Бәрiн де алды, қорқытты жолда¬ының.

Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,

Жер жүзiн жеке билеп алмақшының.


Жүре-жүре бiр елсiз шөлге түстi,

Алып жүрген суының бәрiн iштi.

Адам, хайуан бәрi де бiрдей шөлдеп,

Басына құдай салды қиын iстi.


Сандалды сар далада су таба алмай,

Шөлдеген жұрт қайтедi бос қамалмай?

Қызметкердiң бәрiн де өлтiрмекшi

Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.


Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты,

Ескендiр де атының жалын құшты.

Жалтырап сәуле берген бiр нәрсеге

Патшаның ат үстiнде көзi түстi.


Барса, бiр сылдыр аққан мөлдiр бұлақ,

Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.

Түсе сала Ескендiр басты қойды,

Iшсе, суы өзгеше, тәттi тым-ақ.


Кепкен балық келтiрттi сонда тұрып,

Сол суға балықты алды бiр жудырып.

Иiс, дәм өзгеше болып кеттi,

Таң қалды, мұның бәрiн суға жорып.


Ескендiр қолына айтты: “Бұл неткен су?

Бәрiн де iшiп, бұл суға бетiңдi жу!

Бiр бай елден осы су шыққан шығар,

Өрлеп барып үстiне тiгелiк ту.


Бұл салқын тәттi суға қаныңыздар,

Шақ келер маған жан жоқ, наныңыздар.

Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,

Талқан қылып шаhарын алыңыздар!”


Жарлық шашты, қол жүрдi суды өрлей,

Шаhарына жеткенше дамыл көрмей.

Көкпеңбек темiр киген өңкей батыр

Тарттырып жөнеледi сырнай-керней.


Сол әскер суды өрлеп талай жүрдi,

Судың басы бiр құзар шатқа кiрдi.

Шаттың аузын бекiткен алтын қорған,

Қақпасы бекiтулi, көзi көрдi.


Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,

Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.

Аша алмады қақпаны, үмiт үздi,

Ақылдасып тәуiр-ақ амал қылды.


Ескендiр тоқтау көрмей өскен жан ғой,

Келмей ме тоқтаусыздың бәрi даңғой?

Дел-сал болып бәрi де қайта шықты,

Алысып әлi келмесiн байқаған ғой.


Долдықпен хан Ескендiр ашуланды,

Ашуланып қақпаға жетiп барды.

Қақпаны дүбiрлетiп қағып – қағып:

-Қақпаңды аш! – деп барынша айғай салды.


Қақпаның ар жағынан бiреу келдi,

Күзетшiсi сол екен – дыбыс бердi.

Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,

Бұл – құдайға бастайтын қақпа, - дедi.


-Бiлмесең, мен Ескендiр патша деген,

Жер жүзiнiң соғыста бәрiн жеңген.

Қақпаңды аш, хабарыңды айт, бiлдiр маған,

Қорлығым өзiм туып, көз көрмеген.


- Мықтымын деп мақтанба, ақыл бiлсең,

Мықты болсаң, өзiңнiң нәпсiңдi жең!

Iшi тар, көре алмастың бiреуi сен,

Ондай кiсi бұл жерге келмейдi тең.


Талпынған талаппенен мен де бiр ер,

Көп жүрдiм, кездей келдi көрмеген жер.

Ең болмаса, халқыма көрсетейiн,

Сый қылып, белгi болар бiр нәрсе бер.


Қақпадан лақтырды бiр орамал,

Сыйым – осы, падиша, мынаны ал!

Iшiнде бiр нәрсе бар ақыл берер,

Апар дағы ойланып, көзiңдi сал!


Орамалды қуанып қолына алды,

Сый алдым деп халқына қайта салды.

Қараса, iшiндегi бiр қу сүйек,

Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.


Ашуланып сыйына болды кектi,

- Ең болмаса бiлмедi сый бермектi.

Осы менiң теңiм бе? – деп ақырып,

Лақтырып жiбердi сол сүйектi.


Жолдасы Аристотель ақылы мол,

Лақтырған сүйектi алады сол.

Ханға айтты: “қасиет бар бұл сүйекте,

Көзiңе көрсетейiн, хабардар бол”.


Сол күнде Аристотель жеке дара,

Ақыл сөзiн тыңдамай бар ма шара:

- Таразыны әпкел де, сүйектi сал,

Бiр жағына алтын сап, өлшеп қара!

Бұл сөзге Ескендiр де қарай қалды,

Таразыны құрдырып, ортаға алды.

Қанша алтынды күмiспен салса-дағы,

Бiр кiшкентай сүйектi аудармады.


Мұны көрiп Ескендiр аң-таң қалды,

Бар қарауын алтынға қоса салды.

Ендi қайтер екен деп қарап едi,

Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.


Аристотель хакiмге патша келдi:

  • Мына сүйек қазынаның бәрiн жеңдi.

Бұл сүйектi басарлық, нәрсе бар ма?

Ақылыңмен ойланып тапшы! – дедi.


Хакiм жерден топырақ алып барды,

Бiр уыстап сүйекке шаша салды.

Ана басы сылқ етiп жерге түсiп,

Сүйек басы жоғары шығып қалды.


Ескендiр мұны көрiп аз тұрады,

Хакiмдi аулақ жерге шақырады.

-Таң қаларлық iс болды мұның өзi,

Мәнiсiн айтып бершi, - деп сұрады.


-Бұл – адам көз сүйегi, - дедi ханға.

Тоя ма адам көзi мың мен санға?

Жемтi көз жер жүзiне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзiне құм құйғанда.


Кәпiр көздiң дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тiрi жүрсе де, өлген күнi

Өзге көзбен бiрдей- ақ болады екен.


Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат.

Алтын қақпа бермедi сiзге рұқсат.

Сый сұрадың, бергенi – бiр қу сүйек,

Мұны көрiп, алыңыз сiз де ғибрат!


Ойлап-ойлап патшаның мойны түстi,

Құдайым көрсеттi деп бұл бiр iстi.

Бекерлiк екен менiң бұл iсiм деп,

қолын алып жұртына қайта көштi.


Аз-ақ сөз айттым, бiттi бұл әңгiме,

Мұны бiр өзге сөздiң бiр деме.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшiн,

Тоймас көзiң толар деп қайғы жеме.


Қу өмiр жолдас болмас, әл-ақ өтер,

Өз күлкiңе өзiң қарық болма бекер!

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.


Мақтанасың бiреуге мақтасын деп,

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп.

Сен кеткен соң артыңнан күлiп қалар,

Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.


Ақылсыз өзiн мақтап былжырайды,

Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кiм көрмейдi,

Өз бағаңды өзiңнен кiм сұрайды?!




Бiр адамға

Бiр үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсеттi бәрiн бiзге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Бiздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырмақ, тенге алыпты!


Суреттер және көрдiм жүзi жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқым!»

Соншама құны толық болды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!


Дедiм мен: «құтты болсын шекпенiңiз,

Артқыға қандай егiн еккенiңiз?

Жусақ та денемiзден кетер емес

Сондағы тұқым шашып сепкенiңiз».


Көргенде күмiс кесе, алтын аяқ,

Бiр сөздi тамағыма қойдым таяп:

«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»

Демейiнше болмады, қарап жай-ақ!


Отырдым, көрсем жекiп тастар ма деп,

Шал айтты: «Көрiңiздер, жасқанба!» - деп,

Кесенi қолыма алып қарай бердiм,

«Iшiнде нақақ көзден жас бар ма?» - деп.


Шәкiрт ойы

Қараңғы қазақ көгiне Надандық теңiзi тартылар.

Өрмелеп шығып, күн болам! Орны отайып, көгерер,

Қараңғылықтың көгiне, Қызығын жайлап ел көрер.

Күн болмағанда, кiм болам? Тұрмыс, тағдыр – бiрi де,

Мұздаған елдiң жүрегiн Бұл мақсаттан бұра алмас,

Жылытуға мен кiрермiн! ҚаҺарман Рүстем, Әли де,

Еңбек, бейнет тарауы, Бұрам деп жолда тұра алмас.

Рақатқа сарқылар. Сыланған жардың - күлiсi,

Қыздырып күннiң қарауы, Алдандырмас бiр iсi.



Сұлтанмахмұт Торайғыров

Мен кiм?

Арыстанмын, айбатыма кiм шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кiм тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмiн гулеген,

Жер еркесi – желдiң жөнiн кiм сұрар?
Көкте – күнмiн, көпке нұрым шашамын,

Көңiлге алсам, қазiр ғарышқа асамын,

Шетi, түбi жоқ теңiзбiн қаракөк,

Ерiгемiн – толқып, шалқып, тасамын.


Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемiрiлсiн жер, уайым жоқ,

Көз қырымен күлiп қана қарармын...


Мен жастарға сенемiн

Арыстандай айбатты, Жұмсақ мiнез жiбектер,

Жолбарыстай қайратты, Сүттей таза жүректер,

Қырандай күштi қанатты, Қасиеттi тiлектер –

Мен жастарға сенемiн ! Мен жастарға сенемiн !

Көздерiнде от ойнар, Тау суындай гүрiлдер,

Сөздерiнде жалын бар, Айбынды алаш елiм дер,

Жаннан қымбат оларға ар, Алтын Арқа жерiм дер,

Мен жастарға сенемiн ! Мен жастарға сенемiн !

Жас қырандар – балапан, Қажу бар ма тұлпарға,

Жайып қанат ұмтылған. Талу бар ма сұңқарға,

Көздегенi көк аспан, Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн ! Мен жастарға сенемiн !..


Өнер-бiлiм қайтсе табылар
Ер жiгiт өнер табар ерте тұрса,

Ерiнiп. шаршамаса, белiн буса.

Ыртың-жыртың, жоқ-барға көңiл бермей,

Перiште боп анадан қайта туса

«Жақын, туған, бауыр» - деп, айналмаса,

Қатын-сатын дегенге байланбаса.

Тынықбай, дамыл алмай, ертелi кеш

Iзденсе, кiдiрмесе, жайланбаса.

Дүниенiң қайғысына зарланбаса,

Көз қысып, күлгенiне алданбаса,

Қақ жарар қара қылды тура бөлiп,

Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.

Өсектен ат-тонымен алыс қашса,

Естiсе, ұялғаннан бетiн басса,

Жамандық – атты өшкiрге жақын жүрмей,

Аяғын күндiк жерден байқап басса.

Өзiнен басқа жанды кем көрмесе,

Құтырып, шағыстырып жел бермесе,

Табылмас аузына су тамызу үшiн,

Өзiнiң тар етiгiн кең көрмесе

Көзi ашық адамдарға жақын жүрсе,

Олардың әрбiр сөзiн үлгi көрсе,

Естiген сөз, көргендi бос тастамай,

Құлақ тiгiп, көз салып. жиып-терсе.

Көңiл көзi ашық жанды дос деп бiлсе,

Мылқау, меңiреу адамды қас деп бiлсе,

Бейнеттiң мұнарланған шөл даласын

Жұмақта қорлар тiккен қос деп бiлсе.

Наданды қатқан жансыз тас деп бiлсе,

«Өнер-бiлiм – қарны ашқа ас» - деп бiлсе,

«Дүниенiң теңiзiнде адасқанға

Тура жол көрсетейiн, бас» - деп бiлсе,

Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,

Басқаға мойын бұрып көз салмаса

Өнер-бiлiм жер астында болса-дағы,

Iздесе оны талпынып, бос қалмаса.



Мағжан Жұмабаев
Өзiм туралы

Өзге емес, өзiм айтам өз жайымда,

Жүрегiм, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйдi

Тербетiп, тулатып бiр қозғайын да...

Аманжол – Рақымжанның қасымымын,

Мен қалған бiр атаның ғасырымын.

Бiреуге жұртта қалған жасығымын,

Бiреуге аспандағы асылымын.

Шарлаған жолым жатыр жер бетiнде,

Көрiнер көлеңкесi келбетiмде.

Қай жерде үзiледi қайран сапар,

Түйiн боп өмiрiмнiң бiр шетiнде.

Сол жерге қалармын ба мәңгi тоқтап,

Жоғалып жер бетiнен сүрлеу – соқпақ,

Немесе бастармын ба екiншi бiр,

Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.

Дүние, жалт-жұлт еткен мекенiм,

Көре алмай көп жерiңдi мен кетемiн.

Арпалыс ала құйын заман алар,

Арбасып тұрып алды, мен не етемiн.

Өмiр жоқ түскен жерде бiр арнаға,

Көп күттiм, көп тiледiм құмарлана.

Қайтейiн, жетер емес қысқа өмiрiм,

Алыстан көрiнгенмен мұнарлана.

Сен неткен бақытты едiң келер ұрпақ,

Қараймын елесiңе мен таңырқап.

Жанғыртып жер сарайын сен келгенде,

Көрпеңдi мен жатармын қырда қымтап.

Жүзiнде кәрi жердiң әжiмi көп,

Iзiмдi табарсыңдар әзер iздеп,

Оқырсың сонда мүмкiн бұл жырымды,

«Досың да, туысың да бiздермiз»,- деп.

Ризамын туғаныма адам болып,

Өкiнбен қаламын деп бiр күн солып.

Адамзат Сапарының мейманымыз,

Бiр мезет жер бетiне кетер соғып.

Екi көз – екi жұлдыз маңдайдағы,

Көрушi ең құбылысты қай-қайдағы.

Япырмай, сен де бiр күн сөнермiсiң

Қап-қара түнек болып маңайдағы.

Өкiнбен мен де бiр күн өлемiн деп,

Өкiнем ұқсата алмай келемiн деп.

Күнiне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзiммен бiрге өлмесiн өлеңiм деп...

Қасым Аманжолов
Отан туралы

Мен оның түнiн сүйем, күнiн сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлiн сүйем,

Мен оның қасиеттi төлiн сүйем,

Мен оның құдiреттi үнiн сүйем.
Бар жәндiгiн сүйемiн қыбырлаған,

Бәрi маған Отан ! деп сыбырлаған

Жаным менiң,

Кеудемдi жарып шықты,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!

Отан!


Бәрiнен биiк екен.

Мен оны мәңгiлiкке сүйiп өтем.



Мұқағали Мақатаев

Туған жер

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзiп iштiм сендегi

Алтын арай таңғы жүпар самалдың.

Сәл үмытсам, қарға менi, кешiрме,

Қайда жүрсем өзiң тұрдың есiмде.

Өзiң тұрдың қарды окоптан сығалап,

Сонау қатаң қаҺарлы жыл кешiнде.
Мен қатерге қарсы бардым сен үшiн,

Көкiрегiмнен қан төгiлдi жер үшiн.

Саған жетер қасиет бар ма жиһанда,

Сен ұлысың, адам сенiң жемiсiң.


Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегi,

Сен ұрпақтың күлiп атар ертеңi.

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

Көркейтуге мiндеттiмiн мен сенi.



Әбу Сәрсенбаев
Домбыра

Екi шектiң бiрiн қатты, бiрiн сәл-сәл кем бұра.

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!


Бiлгiң келсе бiздiң жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежiре, одан асқан жоқ дана.


Ақиқатты айтқандардың бәрi осылай сорласын

Деп бiр хаhан шанағына құйған оның қорғасын.


Жалған сөйлеп көрген емес бiрақ соның өзiнде:

Аппақ жалын күйдiң жанын жалап жатқан кезiнде.


Бiр шегiнде биiктiк бар, бiр шегiнде тереңдiк,

Ол мақауды сөйлетедi, жылатады кереңдi.


Көкiрекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,

Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт.


Көкiрекке толған кезде бар қасiрет, бар қайғы,

Бозiнген боп боздайды ол, бозiнген боп сарнайды.

Бiлгiң келсе бiздiң жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежiре, одан асқан жоқ дана.


Екi шектiң бiрiн қатты, бiрiн сәл-сәл кем бұра.

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!

...........................................


Бабамыздың басқан табанымен

Бiрдей екен жақсысы жаманымен:

Бiр жаманы – тынымсыз көше берген,

Бiр жақсысы – қимаған даланы кең.


Бiр жаманы – жел сөзге ерген екен,

Бiр жақсысы – тiлге ерiк берген екен.

Бiр жаманы – кетпенге орашалақ,

Бiр жақсысы – найзагер, мерген екен.


Бiр жаманы – кешiгiп әлiппе ашқан,

Бiр жақсысы – күйлерi көбiк шашқан.

Бiр жаманы – қыздарын малға сатып,

Бiр жақсысы – сүйгенiн алып қашқан.

Бiр жаманы – шаруасын маңдытпаған,

Бiр жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған.

Бiр жаманы – үйленiп жеңгесiне,

Бiр жақсысы – жесiрiн қаңғытпаған.


Тату-тәттi көршiлер шыр бұзбаған,

Бiрге тоңып суықта, бiр мұздаған.

Бiр жаманы – сонда да үй салмаған.

Бiр жақсысы – абақты тұрғызбаған!..



Қадыр Мырзалиев
Бiр тойым бар

Бiр тойым болатыны сөзсiз менiң,

Дәл қай күнi екенiн айта алмаймын.

Бiрақ, бiрақ ешкiмдi де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай,

қайта алмайды қартың да бiр ән салмай.

Жиырма бестiң бәрiн де сабылдыртам,

Кемпiрлерге қыз күнiн сағындыртам.

Жеңтейлердiң толтырам гүлге етегiн,

Iнiлерге ағаны үлгi етемiн.

Менiң жарым бұл күнi кiрпiк iлмей,

Ақ көңiлмен ақ қайың бүртiгiндей,

Омырауынан бiр сәуiр шайқап есiп,

Ажырасқандарды жүредi қайта қосып.

Мен өзiм де ән салам түн ауғанша,

Менiң жаным бұл күнге құмар қанша?!

Бәйгi берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезiлiп тұрар болса.

Жанам деген жүрекке от беремiн,

Қыз қуатын деген жiгiтке ат беремiн.

Мен әйтеуiр бар жиған-тергенiмдi,

Бiр тамаша той қылып өткеремiн.

Бiздiң үйдi сол күнi бетке ал, қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын

Мен бұл тойдан тiлеймiн жылап тұрып,

қазанымда бiр асым ет қалмауын.

Мен сөйтiп бар шаңнан бiр сiлкiнемiн,

Мен сөйтiп рақаттанып бiр күлемiн.

Кiм бiлсiн, талай түнгi тiлегiм ед,

Мәңгiлiк тарқамауы да мүмкiн оның.



Төлеген Айбергенов

Төрт ана

Тамырынан тамырсыздық iндетiнен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдiреттi төрт ана:

Туған жерi – түп қазығы, айбыны,

Туған тiлi – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы- тiрегi,

қадамына шуақ шашар үнемi.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрi қасiреттi болса да.

Төрт анаға әнiн жалғай алмаған

Пенделердiң басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ-жұлдызы жанбаған.

Қасиеттi бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!

Мұхтар Шаханов
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Өлеңдердi мәнерлеп оқу және жатқа айту.

2. Әрбiр ақынның өлеңдерiнiң тақырыбы мен мазмұнын ашып бер.

3. Ақындардың өлеңдерiнен қандай әсер алғаныңды түсiндiрiп бер.

4. Ақындар өз өлеңдерiнде ненi айтқан және идеясы не?
Ә Ң Г I М Е Л Е Р Д I О Қ У

Қыпшақ Сейiтқұл

Қыпшақ Сейiтқұл отыз үйлi тобырымен, жұрттың тегiс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейдi қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бiр күндерде жау да бiзден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуiнше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрiн де шамалап қарап, ақыр бiр қиялға түсiп, Сейiтқұл әуелi мекен еткендей бiр орын iздедi. Көп жерлердi кезiп жүрiп, ақырында Торғай төсiндегi қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргенiш, қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетiрек және жаманшылық болса, қалың қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жердi ұнатып қайтқан соң, қысты өткiзiп, жаздың жылы уақытында кедейлердi жалаңаш-жалпы көшiрiп, қабырға бойына алып келдi. Сейiтқұлдың бiр ағасы бар едi, жол жүрiп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; iнiсiнiң қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескi орны Түркiстан жағында қалды.

Қабырғаның бойына келген соң, Сейiтқұл қолына кетпен алып, отыз үйлi кедейiне де кетпен берiп, жер тегiстеп, егiн егуге кiрiстi. Түркiстан жағында көрген үлгiсiмен судан арық қазып шығарып, егiнге су жiбердi. Егiнi пiскен соң орып, жиып алып, артығын төңiрегiндегi көшпелi елге сатып, мал еттi. Жаңа мекен еткен жерiне орныққан соң, Сейiтқұл егiндi жылдан-жылға күшейтiп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егедi) артығын төңiректегi елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейiп, бай болды. Мұны көрiп әрбiр көшпелi елдегi жарлы-жақыбайлар да келiп, Сейiтқұлға қосылып келiп, бес-алты жылда Сейiтқұл елi деген төрт жүз үйге таянды дейдi.

Қош, Сейiтқұлдың өзi де, жиылған халқы да малдары көейiп, бай болды, ел жиылып Сейiтқұл ағасы болды, ендi сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай терiмен тапқан дәулетiн аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөрiден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшiн, Сейiтқұл жұртын жиып кеңесiп, судың бiр қолайлы жерiне шымнан биiк қорған салдырды, малдарына ретпен бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргiздi. Бұлардың былайша бiр ауызға қарай бекiнген халық екенiн байқаған соң малға қызыққан сырттағы көшпелi халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңiлi тыныш болған соң, Сейiтқұл ендi Бұхара, қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әр түрлi тауар алдырып, жылда егiн пiскен уақытта манағы қорғанда жәрмеңке реуiштi базар болды. Көшпелi халық белгiлi уақытта малын, жүн-жабағысын, терi-терсегiн келтiрiп, егiншiлер оларға астығын, тауарын айырбас етiп, осы қалыпша бiр жағы егiн, бiр жағы саудамен Сейiтқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты. Манағы Сейiтқұлдың ағасы жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, қоңырат жағында қолға түсiп, кiм екенi де белгiсiз, бiреу өлтiрiп кетiптi; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркiстан әкiмдерi талап алып, жамағаттарын Сейiтқұл көп жылдар iздетiп, таптырып, қасына алыпты-мыс.

Сейiтқұл, құрметтi Тiлеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830 жылдарда өтiптi-мiс. Сол данышпан кiсiнiң ақылымен егiндi әдет еткен халық қабырға суының бойында әлi көп. Жарлы болып, бөтен кәсiбi жоқ кiсiлер Торғай жағында дереу егiнмен айналысады, ерiнбей азаптанса, бiрнеше жылда түзелiп, халық қатарына қосылады.

Ыбырай Алтынсарин



Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет