Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет23/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Есім баяндауыштар. Есім баяндауышты сөйлемдер Европа тілдерінде көмекш іетістік арқылы жасалады. Қазақ тілінде есім сөздердің (зат,есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Соны мен қатар есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тəн ерекшеліктеріде бар. Оларды басқа тілдердің, мысалы: орыс тілінің фактілерімен салыстырғанда, дұрыс түсінуге болады. Мен студентпін- Я есть студент. Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ та, сөйлемге бас мүшелердің өзара байланысу амалдарына қарасақ та, елеулі айырмашылығы барлығы байқалады. Егер мен студентпін дегенді- Я студент деп аударсақ, ондағы айырмашылық баяндауышқа қазақшада жіктік жалғаудың жалғануында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың баяндауыштық мүшелік дербестігі сақталып, сөйлемдік құрылысының берік болуында. Сондықтан баяндауышты бастауышсыз айтуға болмайтынындай, Я ученик дегенді де бастауышсыз айтуға болмайды., ал оқушымын, студентпін деп сөйлемді бір құрамды етіп айта бере аламыз. Сонда сөйлем құрылыс жағынан ықшамдылық қасиетке ие болады. Бұл- қазақ тілінің артықмашлығы емес., өзгешелігі.
Ал есім баяндауыштардан кейін тұтатын көмекші етістіктер баяндауышқа ондай тек шақтық мағына қосып қана қоймайды., сөйлемнің тұлғасын тұрлендіретін де қызметте жұмсалады.
Сондықтан Мен оқушымын, Сен оқушысың, Ол оқушы дегендері таза есімді сөйлем деп қарасақ, Мен оқушы едім, Мен оқушы болатын болдым. Сен оқушы болатын болдың дегендері есімді жəне етістікті сөйлемдердің екі арасынан орын
алатын, бірақ есімді сөйлем болу қасиеті басым, жай сөйлемнің ерекше бір есім –
етістікті құрама баяндауышты түрі деп қараймыз.
Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орындарда тұрады: баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек: Ол-студент, Рəбиға- инженер, Абай- ақын. Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметірақ ондайда қатар айтылған тұралы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын –дауыс ырғағы. Бұл айтылғандар –есімдердің III жақта тұрып баяндауыш болуының шаттары. Ал, I, IIжақта (баяндауыштық)жалғаулар жалғанады. Ондайда есімдерден болған баяндауыштарға тиісті жіктік есімдерді баяндауыш етуге дауыс ырғағының көмекшілік қатысы болмайды жəне бастауыш пен баяндауыштың əр уақытта қатар тұруы да шарт емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет