Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет26/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Толықтауыш. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін əрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғаулардың бірінде жұмсалады.
Қысқасы, толықтауыш-қимыл процесінің объектісі болатын мүше. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне жəне тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: Тура толықтауыш. 2. Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, əр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты- керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы: Көрдім сұлу Еділді, Еділдей еркін елімді.Баяндамашы баяндамасын аяқтады. Жас құрақтар көлдің суын сипап тұр. Бұл мысалдардағы етістіктердің қимылы басқа бір затқа ауысып түсіп тұрса, екінші жағынан сол зат етістіктің қимылдық мағынасын толықтырып тұр. Сондықтан олар бірне-бірі сабақтасып, бірінсіз-бірі жұмсалмайды десе де болады. Сабақты етістікті сөйлемде тура толықтауыш болмаса, сөйлем олқыланып, кейде түсініксіз болып тұрады. Мысалы: Мен көрдім дегенде кімді нені көргеніміз айтылмағандықтан, сөйлем олқыланып тұр. Сол сияқты, Сен бастадың дегенде де, нені бастағаны аталмай, хабарлайтын пікір көмескіленіп тұр. Олай болатыны-жоғарғы етістіктердің мағынасы тура толықтауыштармен тікелей сабақтас болуында. Сабақты етістіктердің тиісті аффикстер арқылы біржола затқа айналып кеткендері болмаса тіпті сын есімге айналып, бірақ етістік мағыналарынан біржола айрылмағандары да тура толықтауыштармен сабақтаса береді.
Тура толықтауыштар қазақ тілінде тек сабақты етістіктермен ғана емес, есімдер мен көмекші етістіктерден болған құрама баяндауыштармен де байланысты болып, соларды толықтап тұрады. Ондай құрама баяндауыштар мыналар сияқты болады: жақсы көру, жек көру, мақұл көру, артық көру, сөз ету, табыс ету, қабыл алу, қарсы алу. Тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы- табыс септігі. Одан басқа септік жалғауларда айтылған тура толықтауыш болмайды.
Кейде табыс жалғаудағы сөздің шығыс септіктің орнына не керсінше айтылатыны да бар: Ол оттан аттап өтті - Ол отты аттап өтті. Олар оттан айналды- Олар отты айналды. Олар таудан асып кетті- Олар тауды асып кетті, т.б.
Бұл тек қазақ тіліне ғана тəн өзгешелік емес, Н.К. Дмитриев «Гагаузские этюды» деген еңбегінде гагауз тілінде барыс септіктің орнына табыс септіктің жиі қолданылатынын көрсетеді.
Қазақ тілінде табыс жалғаулы сөздің салт етістікпен байланысты барыс септіктің қызметінде жұмсалуы гагауз тіліндегідей етек алмаған. Дегенмен ондай мысалдар ауызекі тілде, кейде көркем əдебиетте кездесіп отырады: Атқа міне шапты. Атты міне шапты. Атқа міндім. Атты міндім.
Тура толықтауыш өзі қатысты сөзден қашықтап тұрғанда, əр уақытта жалғаулы болады, ал ол сөзбен қатар тұрғанда, кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет