Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Есімшелер: білгеннің сөзі, айтқанның жазығы, т.б. Тəуелдік жалғаулы есімдер де



бет34/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Есімшелер: білгеннің сөзі, айтқанның жазығы, т.б.

  • Тəуелдік жалғаулы есімдер де ілік септікті анықтауыш қызметінде көбінесе жалғаулы болады: жолдасымның кітабы, қарындасымның талабы, інісінің баласы.

    Егер ілік жалғаулы сөздер біріне-бірі сатылана құрылған анықтауыш болса, олрдың алдыңғылары тəуелдік жалғауда тұрғанмен, ілік жалғауы түсіріліп, ең соңғылары ғана жалғаулы болуы мүмкін.

    1. Зат есімдердерден болған ілік жалғаулы анықтауыш бірыңғай мүшелі бірнеше сөге қатысты болса да, анықтауыш үнемі жалғаулы болады. Үйдің есігі, терезелері ашық тұр екен.

    Күрделі жəне үйірлі анықтауыштар. Анықтауыштар, басқа сөйлем мүшелері тəрізді, əлденеше сөзден де құралады. Олар өз ара берік байланыста тұрған сөз тіркестері болады: ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, ши барқыт қамзолды келіншек, өңі сұп-сұр адам, жасы үлкен кісі.
    1-топтағы күрделі анықтауыштар (ұзын бойлы ақ сақалды, ши барқыт қамзолды) күрделі сын есімдерден жəне зат есімдер мен туынды сын есімнен құралған. Ол анықтауыштардың құрамындағы сөздердің алдыңғылары соңғыларын анықтап барып, сол сөз тіркесі түйдекті тобымен басқа зат есімді анықтайды. Сондықтан мұндай күрделі анықтауыштарды өзара атрибуттық қатынастағ сөздерден құралған күрделі анықтауыштар деп араймыз. 2-топтағы анықтауыштар зат есім мен сын есімнен құралған. Бұлар өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірі бастауыш, екіншісі оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Сөйтіп тұрып олар сол тобымен басқа заттарға тікелей катысты болып тұр. Ондай анықтауыштарды предикаттық қатынастағы сөздерден құралған үйірлі анықтауыштар деп қараймыз.
    Атрибуттық қатынастағы күрделі анықтауыштар анықталатын заттардың шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: ұзын бойлы кісі, ат жақты жігіт.
    Предикаттық қатынастағы үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа заттардың сапалары арқылы анықтайды: бойы ұзын кісі, малы көп колхоз, сен көрген бала, ұяты бар келіншек, т.б.
    Күрделі анықтауыштар тобындағы сөздер өз ара кабыса жəне матаса байланысқан əр түрлі сөз таптарынан құралады: ақ орамалды, ұзын бойлы, майда жалды, төрт қырлы. Осылар сияқты, күрделі көбінесе екі-үш сөзді болып келеді.
    Күрделі жəне үйірлі анықтауыштар дауыс ырғағы жағынан да бір ритмикалық иоп болып келеді. Бұл сөйлемде тізбектеліп айтылған бірнеше анықтауыштардың жігі сол дауысталу тұтастығына қарай айрылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет