Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Баяндауыштың бастауышпен қиысуы



бет24/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Баяндауыштың бастауышпен қиысуы. Қиысу–синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түірі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грамматикалық мағыналарына үйлесіп тұратын сөздер арасынд болады. Қиысуға тұлғалық үйлесімі бар сөздер тіркесінің бағыныңқы бөлегі басыңқы бөлегіне бейімделіп үйлесуі ғана енеді . Қиысу əр тілде əр түрлі екені белгілі. Мысалы: орыс тілінде бастауыш пен баяндауыш род, жақ, сан жағынан, анықтауыш анықтайтын сөзімен род, сан жағынан, септіктер арқылы қиысады да, бастауыш пен баяндауыш тек сан жағынан қиысады екен. Түркі тілдерде, оның бірі қазақ тілінде, қиысу, негізінде, біріне–бірі бағынышты тіркесті бастауыш пен баяндауыш арасында болады. Қазақ тілінде сөздер бір-бірімен орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы жақтық не көптік болады.
Жақтық қиысу. Баяндауыштың тиісті жіктік жалғауда тұрып бастауышпен бауланысу ережелерін айтудан бұрын бастауыш болатын сөздердің жақтылық мағынасын айқындап алу керек сияқты.
Баяндауыштың белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылыуы еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтылық мағынасын билейді. Бастауыш болатын негізгі сөздер зат есімдер мен жіктеў есімдіктері. Олардан басқа сөздер де субстантивтеніп, бастауыштық қызметте жұмсала береді. Сол сөздердің тек төртеўі – бірінші жəне екінші жақтық жіктеу есімдіктер (мен, сен, сіз) І, ІІ жақтық бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бəрі бастауыш қызметінде атек ІІІ жақтық мағынада айтылады.
Ескерту: Қазақ тіліндегі жоғарыда айтылғаннан ерекшелеу келетін, бастауыш қызметіндегі сөз тəуелдік жалғауының қай жағында тұрса, олардың баяндауыштары да сол жақта бастауышпен қиысатын бірнеше сөз бар, -өз деген есімдік. Ол есімдікке тəуелдік жалғауы жалғанып, бастауыш қызметінде жұмсалғанда, оның тəуелдік жалғауы қай жақта болса, бастауыштық мағынасы да сол жақта болады, баяндауыш сол жақ пен қиысады:
Өзім келдім, өзіміз келдік. Өзің келдің, өзіңіз келдіңіз. Өзі келді.
Неге өзім, өзің дегендер жолдасым, жолдасының сияқты ІІІ жақта айтылмайды деген сұрақ туады.
Олай болуы жоғарығы есімдіктің кімге де болса тəндік мағанасымен байланысты. Сондықтан оған тəуелдік жалғауының І жағы жалғанса, мен, біз, ІІ жағында сен, сіз, ІІІ
жағында ( ол деген мағынада) айтылады. Кейде екеуі қатар жұмсалады: Мен өзім келдім. Сен өзің келдің.Ол өзі келді.
Бұдан басқа бəрі, біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деген есімдік пен сан есімдерге тəуелдік жалғаулары меншіктілік жақтық ыңғайда үйлесіп тұрады:
Бəріміз барамыз, бəріңіз барыңыз. Бəріміз айтайық, бəріңіз жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет