Ұлттық тілдерде оқытатын мектептерде көптілді білім беру (Шымкент қаласының Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің мысалы негізінде)
Нуралиев Бахадир Усманалиевич, Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің директоры, Шымкент қ-сы, Казақстан
№107 мектеп-лицейі республикадағы ұлттық тілдерде білім беретін мектептер ішінде 2004/2005 оқу жылында көптілді білім беру бағдарламасының моделін құру бойынша экперимент бастаған мектеп болып табылады. Өзбек тілінде білім беретін мектептің көптілді және екітілді білім беру моделінің негізіне әсер еткен Еуропа елдері мен отандық көптілді білім берудің алдыңғы модельдері. Оңтүстік Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру мен педагогикалық кадрларды қайта даярлау институтының белсенді ғылыми-кеңестік көмегі арқасында ұлттық азшылық мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссарының пилоттық жобалары аясында көптілді білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.
2004-2016 жылдар арасында мектеп-лицейде көптілді білім берудің пилоттық бағдарламаларының ұйымдасқан, оқу-әдістемелік, тәжірибелік-экперименталды жұмыстары жүргізілді.
2009-2011 жылдарда мектеп «Оңтүстік Қазақстан облысында көптілді және көпмәдениетті білім беруді насихаттау» атты ұлттық азшылық өкілдерінің мәселелері туралы ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссарының пилоттық жобасы аясында мектеп-лицей көптілді білім беруді енгізу бойынша тірек мектебі болып есептелінді.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 19 өзбек және тәжік тілдерде оқытатын мектептерде көптілді білім беру бағдарламалары енгізілді.
Мектепте көптілді білім беруді дамытуға арналған бірқатар ұйымдастырмалы-педагогикалық шаралар іске асырылды:
2016-2020 жылдаға арналған стратегиялық даму жоспары құрастырылды және жүзеге асырылып жатыр.
мектеп іс-әрекетін модернизациялауға арналған 12 бағыт қарастырылды.
мектеп ұжымының іс-әрекетінің бастысы мектептің ғылыми тұғырындағы көптілді білім беру болып есептелінеді:
«Көптілді және екітілді білім беру негізінде функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы оқушыларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу және интеграциялау».
айына бір рет өткізілетін көптілді білім берудің ағымдық мәселелерін талқылайтын мектеп аумағындағы көптілді білім беру бойынша үйлестіру кеңесі іске асып жатыр.
көптілді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепшілік менеджмент жүйесі ұйымдастырылған;
мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді (тұрақты әрекет ететін ғылыми-көптілді білім берудің әдістемелік семинары бар);
теориялық және тәжірибелік сабақтар қарастырылған тіл мұғалімдеріне арналған 150 сағаттық ана тілін және екінші шет тілдерін коммуникативті тәсілмен оқытудың мектепішілік курсы ұйымдастырылған.
пән мұғалімдерге арналған пән мен тілді біріктіріп оқытудың әдістемесі бойынша 150 сағаттық курс бар.
2014- 2015 оқу жылдарында, мектепте тілдік білімді еуропалық жүйе негізінде бағалау негізінде оқушылар (1-11 сыныптар) мен пән мұғалімдердің тілдегі құзіреттілігін тексеру мақсатында жаппай мониторинг жүргізілді.
Мектепте көптілді білім беруді дамытуға арналған бірқатар ұйымдастырмалы-педагогикалық шаралар іске асырылды:
Мектеп көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқан білім беру ұйымдарымен тығыз байланысты орнатуда: Назарбаев зияткерлік мектептері; Шымкент қаласының қазақ-түрік лицейлері; Оңтүстік Қазақстан облысының С.Сейфуллин атындағы № 20 қазақ мектеп-гимназиясы; Шымкент қаласының А.С.Пушкин атындағы орыс №1 мектеп-гимназиясы; Алматы қаласының А.Розыбакиев атындағы № 153 ұйғыр мектеп-гиназиясы.
В школе осуществлены ряд
организационно-педагогических мер по продвижению полиязычного образования:
Мектепте көптілді білім беруді дамытуға арналған бірқатар ұйымдастырмалы-педагогикалық шаралар іске асырылды:
Көптілді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін мектеп басты назарының бірі ата-анасының функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады.
Мектепте 1000-нан астам ата-аналар қатысатын ата-аналар университеті жұмыс істейді. Тоқсанда бір рет университет өзінің сабақтарын өткізеді.
2015/2016 оқу жылындағы ата-аналар университеті аясындағы сабағының тақырыбы көптілді білім беруге арналған еді.
Мақсаты балаларды кітап оқуға тарту, оқушылардың оқылым мәдениетін қалыптастыру, балалардың рухани әлемін байыту, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, тұрақты түрде кітап оқу мен өзін-өзі дамыту дағдысын қалыптастыру болып табылатын мектеп «100 кітап» атты инновациялық бағдарламасын 2015/2016 оқу жылында жүзеге асырды.
Мектепте көптілді білім беруді дамытуға арналған бірқатар ұйымдастырмалы-педагогикалық шаралар іске асырылды:
- бастауыш мектептен бастап: - «Кішкентай білгірлер» байқауы.
- 5-7 сыныптарға арналған «Интеллект» атты байқауы; - Мемлекеттік, орыс, өзбек және ағылшын тілдерінде лигалары бар 8-10 сыныптарға арналған интеллектуалды дебаттар өткізіледі.
Мектеп және оның филиалдары негізінде жазғы тілдік лагердер ұйымдастырылады; - Түлектердің ҰБТ-дан сәтті түрде өту үшін 10-11 сыныптарда «Тест білгіші» байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шаралардың барлығы оқу жылының ішінде өткізіледі.
Сабақтан тыс іс-шараларды өткізу арқылы көптілді білім беруді қолдау:
Мұғалімдердің кәсіби-тілдік құзіреттілігін арттыруына көптілді білім беру бағдарламасын енгізу нәтижелігіне қатты әсер етеді.
Бұл «Өрлеу» БАҰО-ның және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҚ филиалдарының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысы осындай жетістікке жетті.
Біздің мектебіміздің 42 мұғалімі (бұл жалпы мектеп ұжымының 22 %) оқыту үрдісінде жаңа әдістерді қолдану бойынша З айлық деңгейлік курстардан өтті.
Мектепте «Өрлеу» и Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған курстарға қатысып жатқан мұғалімдердің шығармашылық лабораториясы жұмыс жасайды. Лабораторияда пән мен тілді біріктіріп оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдар құрастырылады.
2016 жылдың 1-ші қарашасында біздің мектепте пән мен тілді біріктіріп оқытудың семинар-треннигі (CLIL) өткізілді. Өзбек және тәжік тіл мұғалімдеріне арналған семинар-тренингті ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссары мен Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік басқармасы бірге ұйымдастырды.
Көптілді білім беру бағдарламасын енгізу нәтижелері келесідей болды:
мектеп оқушылардың саны 1,5 мыңнан 2 мыңға 300-ге деін ұлғайды;
соңғы 5 жыл ішінде ҰБТ балдарының көрсеткіші 100-ден асты
мемлекеттік оқу гранттарын игерушілердің саны өсті;
оқушылардың қазақ тілі мен орыс тілідері бойынша үлгерімдері жақсарды;
оқушылардың тәрбиесі мен психологиялық дамулары ұлғайды.
- мектеп имиджі мен беделінің асты;
- №107 мектеп-лицейінің ұжымы көптілді білім беруді тек мектеп аясында жүзеге асырумен шектелмейді.
біз шамамызға сай басқа ұлттық тілдерде білім беретін мектептерге оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетеміз;
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауылды аймақтары мен Алматы қаласының педагогикалық ұжымдарымен белсенді қарым-қатынастамыз.
Біздің мектебімізде халқыаралық, республикалық және облыстық конференциялар мен семинарлар өткізілді:
- «Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің инновациялық көптілді білім беру тәжірибесі: ұлттық тілдерде білім беретін мектептердегі мүмкіндіктер» атты облыстық семинар кеңесі өтті (Шымкент қ-сы, 2014 жылдың 24-ші мамыры );
- «Көптілді білім беру - оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудың тиімді құралы ретінде» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды (Шымкент қ-сы, 2015 жылдың 29-шы сәуірі);
«Көптілді білім беру аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруындағы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі» атты республикалық, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді (29-30 сентября 2015 жылдың 29-30 қыркүйегі).
Конференциялардың жұмысына Қырғыз мен Тәжік Республикаларының педагогтері мен білім саласындағы жұмысшылары ат салысты. Мектептер арасында тәжірибемен алмасу бағдарламасы жүзеге асады.
Қырғыз Республикасының білім және ғылым министрлігінің шақыруымен Шымкент қаласының №107 мектеп-лицейінің мұғалімдері 2015 жылдың 14-19 қыркүйегінде біліктілікті арттыру курстарының Ош және Джалала облыстарындағы мектептердің мұғалімдері мен тыңдаушылар үшін сабақтар, шеберлік сабақтар және дөңгелек үстелдер өткізді.
Республиканың, ТМД елдерінің және алыс шетелдегі БАҚ-та Шымкент қаласының №107 Сареми мектеп-лицейінің тәжірибесі туралы мақалалар жарияланып жазылады.
ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссарының мерейтойлық конференциясының 10 жылдығына орай Гаагтық азшылық ұлттардың білім алуға құқықтары туралы ұсыныстар өңірінде (2016 жылдың 21 сәуірі) №107 мектеп-лицейінің директоры Б. У. Нұралиевтің көптілді білім берудің тәжірибесі туралы «Көптілді білім беру контексіндегі тіл: бірегейлік пен интеграция» атты баяндамасы ерекше сенімге ие болды.
№ 107 мектеп-лицейінің көптілді білім беру бағдарламаларысының болашағын мектеп ұжымының 2016-2020 жылдарға арналған жаңа Жол картасына қарай нақты қадамдарын анықтауларына байланысты:
Көптілді білім берудің бейімделінген моделін жетілдіру мақсатында оған өзгерістер мен қосымшаларды енгізу;
Жарастылыстану бағытындағы жоғарғы класстарда сабақтарды ағылшын тілінде өткізу;
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырмалы-педагогикалық іс-шаралардың кешенін жүзеге асыру;
CLIL технологиясы бойынша мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін ұлғайту.
Біз жаңа Жол картасы Қазақстан жастарының біліміне, тәрбиесі мен дамуына жақсы әсер ететіндігіне сенеіміз, себебі олар Қазақстанның бәсекелестік қабілетінің құрылуына жауапты жаңа әлемнің көшбасшылары. Мектептегі көптілді білім берудің миссиясы болашақтары бір, өз елінің патриоттарын тәрбиелеу болып табылады.