Талғаулы салалас сөйлем. Талғаулы салалас сөйлем компоненттерінде баяндаған əрекеттердің екшеліп, талғанып, əйтеуір біреуінін болатындығын немесе болу керектігін баяндайды. Талгаулы салаластың компоненттері, салалас құрмаластың басқа түрлеріңдей емес, тек интонациялық жағынан ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне тəуелсіз, дербес əрекеттерді баяндайды. Мысалы: Күн жылынып еді, көк қаулап өсе бастады деген салалас құрмаласта компоненттер бір-бірімен мағыналық жағынан ұштасып жатыр. Мұнда күннің жылынуы көктің өсуіне себепші болып тұр. Ал енді, Бүгін қар жауады немесе жаңбыр жауады деген талғаулы салаластың компоненттері арасында алдыңғы мысалдағыдай мағыналық қатынас жоқ. Мағыналық жағынан мұнда бір-біріне тəуелсіз екі түрлі əрекет баяндалган да, олар өз ара мағына іліктестігіне қарай емес, интонациялық бірлігіне қарай құрмаласқан.
Талғаулы салаластың өзіндік бір ерекшелігі мұның құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулықтар арқылы ғана құрмаласады. Талғаулы салаластың жалғаулықсыз түрінің болмауының бір себебі де, жоғарыда айтылғандай, компоненттерінің мағыналық жагынан бір-бірімен іліктес болмай, əрқайсыларының өз алдарына дербес əрекеттерді баяндауларынан. Мағыналарында іліктестік болмағаннан кейін, тек сыртқарғы, бір дəнекерлер арқылы байланысып тұрады да, ол дəнекерден айрылса-ақ, бастары бірікпей, бөлек-бөлек болып бытырап кетеді.
Сөйлемге талғаулық мағына беретін жəне жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар-не, немесе, я, яки, болмаса, əйтпесе, əлде, мейлі, құй деген талғаулықты жалғаулықтар. Бір топқа жатқызылып, бір ғана атаумен атала тұрса да, бұлардың ішінде өзіндік магыналық жəне қолданылу ерекшелігі бар жалғаулықтар жоқ емес. Оны мына мысалдардан байқауға болады. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, əйтеуір олармен қалай да хабарласу керек. Өзі кетіп құтылды, əйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. Мысалдың бірінші сөйлем компоненттерде айтылған əрекеттердің қайсысының болатындығын кесіп айтпай, болжау, əйтеуір, бірі болар деген мағынада баяндайды. Мұндай мағына не қар жауады, не жаңбыр жауады дегендер тəріздес сөйлемдерде айқынырақ байқалады. Мысалдың екінші сөйлемді сөйлеуші үшің компоненттердегі əрекеттің қайсысы болса да бəрібір екендігін сөйлеушінің ол əрекеттер турасында өзін бейтарап ұстайтындығын білдіреді. Мысалдың үшінші сөйлеміндегі компоненттердің бір-бірімен қатынасы алдынғы екеуінен де өзгеше. Бұл тəріздес сөйлемдер субъектіні компоненттердегі əрекеттердің бірін істеуге міндеттейді, соны істеуді екінші бір əрекетке шарт ретінде алады. Не ол, не бұл екінің бірі. Мысалы: Сен қазір жұмысқа кіріс, əйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын. Сен оны өлтір, болмаса өзің өлесің. Ал енді, бұл-əншейін келешегіне қарай қойылған ат, əйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ деген сөйлемдегі компоненттер арасында жоғарыда айтылгандай талғаулық мəн де жоқ. Мұндағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынасы талғаулықтан гөрі қарсылықтарға жақын. Талданган мысалдардағы компоненттердің мағыналық қатынастарына қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулықтар арқылы жасалатын салалас сөйлемдердің бəрін талғаулы деген бір ғана атаумен атаудың өте шартты екендігі байқалады.
Талғау мəндес жалғаулықтардың я, не, мейлі, құй, əлде дегн түрлері жай сөйлем сайын қайталанып та айтыла береді. Ондай қайталауларында бірінші жай сөйлемде бұлардың бірі келгенде, екінші жай сөйлемде талғау жалғаулығының басқа біреулері келуі де мүмкін. Мысалы: я мен барайын, я сен бар деуге де, я мен барайын, болмаса сен бар деуге де болады.
Талғау мəнді жалғаулықтар жай сөйлемдерді құрмаластырудан гөрі бірыңғай мүшелер арасында көбірек қолданылады, сондықтан да талғаулықты салалас сөйлем жазу тілімізде өте сирек ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |