Себептессалалас сөйлем. Өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер. Өйткені, себебі деген жалғаулықтар арқылы құрмаласатын жай сөйлемдердің соңғысы іс-əрекеттің себебін біліреді де, алдыңғысы сол себептен туган нəтижені, салдары білдіреді. Мысалы: Оның толқығанын Əмір байқаған жоқ, өйткені ол аң-таң болып барлық назарын Əбдірахманның түрінің жан танымастай өзгеріп кеткеніне аударды. Деревняга кештетіп кірген отрядтың Белов бастаған ат, азық жинаушы топ екеніне ол шек келтірген жоқ, өйткені сол маңда бұлардан басқа қараулы солдаттар болмайтын. Сəдірбайға мен жақтым, өйткені құранды бірсыдырға əдемі оқитын дауысым бар. Бұл кезде Шейін ағай тігумен ғана шұғылданады, өйткені ол ел ішінде «құдайдан безген» атанды. Оның бұл сөзді не үшін айтқанын, не үшін оның дір ете қалғанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сəуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді.
Бұл мысалдағы салалас сөйлемдердің барлығында да əуелі болған, істелген іс- əрекет,жай-күй айтылады да, соңынан оның солай болу себебі, ненің нəтижесінде, неліктен солай болғандығы баяндалады: Оның бұл Əмір неліктен, не себептен байқаған жоқ? Оның байқамауының себебі-барлық назарын Əбдірахманға аударғаннан. Деревняға кештетіп кірген отрядтың Белов бастаған топ екеніне ол неліктен, не себептен шек келтірмейді? Оның бұлай ойлауының себебі-бұл маңда Белов бастаған топтан басқа қараулы солдаттардың жоқтығы. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінің мағыналары да осылар сияқты. Сөйтіп, өйткені, себебі жалғаулықтары болған, болатын я болып жатқан іс-əрекет, жай-күйдің солай болу себебін білдіретін жай сөйлем алдында келеді де, соның құрамына енеді. Сондықтан бұл жалғаулықтар себеп жалғаулығы деп аталады. Кейде себеп жалғаулығы мағынасында олай болатын себебі, олай дейтін себебі, неге десең, олай дейтінім дегендер тəріздес тіркестер де, болмаса алдыңғы компонент баяндауышының есімше формалы түрде қайталанып айтылған түріне себебі жалғаулығының тіркесіп айтылған түрі де қолданылады. Мысалы: Олар қанша асыққанмен де бүгін жүре алмайды, жүре алмайтын себебі жолды қар басып қалыпты. Мен қорықпаймын, қорықпайтыным əжем кеше сұрап алған т.б.
Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер. Жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы жағынан бұл екі жалғаулық осының алдында ғана сөз болған себеп жалғаулығымен бір топқа жатқызылады.
Дегенмен бұлардың себеп жалғаулықтарынан өзгеше өзіндік мағыналық ерекшеліктері де жоқемес.