Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет48/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Жақсыз сөйлемдердің түрлері. Жақсыз сөйлемдердің түр-түрі олардың баяндауыштарына қарай айрылады. Олардың баяндауыштары көбінесе күрделі болады да, мынадай құрамда жұмсалады:
1.-у, -мақ жұрнақты тұйық рай тұлғалы қимыл есімі мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады: Бізге көбірек оқу керек. Əркімге де тезірек өту керек. Бұл жұмысты тез қолға алу керек. Осы мысалдардағыдай, керек сөзі бар жақсыз сөйлемдерді «жақты» етіп те айтуға болады.
2. Барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістікке есімше, көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Тұқымды құрғатпай – ақ себе беруге болады. Отырықшы дегендердің өздерін де көшпелі деп есептеуге болады.
Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістіктен кейін тура келу көмекшісі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады. Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер. Сендермен хош айтысуға тура келіп тұр.

  1. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады:

Сан жүзіндегі адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді. Əріне, мұндай жағдайда маған мұнда оқытушы болып қалуға мүмкін емес еді.
Кейбір есімді сөйлемнің құрамында барыс жалғаулы толықтауыш болса да, сөйлем жақсызға айналады. Мысалы: (Ол) жұмаққа бармақ шығар – Оған қайдағы жұмақ!

  1. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулы –ма ме шылау жəне көмекші – е (ді, дің) етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады.

Бұл сөйлемдерің баяндауыштарына кім шабар ма еді? Кім жатар ма еді? деп сұрақ қойып бастауышын іздесек, онда мен, сен, ол, біз, сіз дегендердің бірі алдымызға көлденең тартыла қалмайды. Олардың бірінің орнына кім болса сол, мен де, сен де, ол да деген ұғым пайда болады да, ол тек ойда сақталып, көпке тəн мағыналық бастауыш болады. Сол сияқты, Өзін барып көретін екен! -Əкем-ай, айтуға да ұят, айытпауыма да болмай тұр деген сөйлемдер де – сондай жақсыз сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет