3)Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Сабақтас құрмаластың кейбір трлерінде бір жай сөйлемдегі əрекет, жай күй екінші жай сөйлемдегі əрекетпен, жай күймен салыстырыла, теңдестіріле айтылады. Мысалы: Майдандағы сіздердің халдеріңіз қандай болса, мұндағы біздің халіміз де сондай. Кең бөлменің ауасы жетпегендей, оның демі таралып кетті.
Бұл мысалдың бірінші сөйлеуші адам өзінің хал-жағдайын майданындағы жауынгерлердің ҳал-жайымен салыстыра, теңдестіре көрсетсе, кейінгі сөйлемде біреудің демінің тарылуы ауа жетпеген уақыттығы адамның демінің тарылуына салыстырылған. Оның демі қалай тарылып кетті?-Бөлменің ауасы жетпегенде, адамның демі қалай тарылса, оның демі де солай тарылып кетті.
Осылар тəріздес, компоненттерінде баяндалатын оқиға, жай-күй бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле көрсетілетін сабақтас құрмалас сөйлемдер салыстырма бағыныңқылы сабақтас бағыныңқылы сабақтас сөйлем болады.
Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде, негізінде, соңғы, тиянақты жай сөйлемдердегі оқиға, жай күй алдыңғы бағыныңқы жай сөйлемдегі оқиғамен, жай күймен салыстырылады.
Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер мынадай тəсілдер арқылы жасалады. 1. Бағыныңқы компонентті шартты рай формалы етістікке аяқталады да, оның құрамында міндетті түрде қандай, қанша, қалай дегендер тəріздес сұрау есіvдігінің бірі айтылады. Ал басыңқы компонент құрамында алдыңғы бағыныңқы
компоненттегі сұрау есімдіктеріне қарай айтылған сондай, сонша, солай дегендер тəріздес сөздердің бірі келеді де, бұл сөзер басыңкы компонентте баяндалған оқиғаның, жай-күйдің бағыныңқы компоненттегі оқиғамен, жай-күймен теңдестігін, бірдейлігін білдіреді. Сіздің үйдегі Сəду ағай маған қандай жақын болса, Келдібай да сондай бауырым еді. Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанган еді.
2. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем, сондай-ақ бағыныңқы компоненттің баяндауышы қызметінде-дай, дей жұрнақты өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады. Мысалы: Сондай өмір өзіне еліктіргендей, Дəулет ауылдағыдан əлдеқайда сауықшыл боп кеткен сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |