Үстеулі сөз тіркестері. Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын сөздер деп қараймыз, сондықтан олар етістіктермен тіркесу үшін жаратылған сөздер деуге болады. Үстеулер етістіктердің алдында қабыса байланыста жұмсалып өте жиі кездесетіндіктен, ондай сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, мекен, себеп, мақсат т.б. мағыналарда жұмсалады.
Еліктеуішті сөз тіркестері. Еліктеуіш сөздер – өзіндік ерекшеліктері бар сөз табынының бірі. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші, не негізгі етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамында қолданылады. Мысалы; (мылтық) тарс етті, (жарық) жылт етті, (бала) жалт қарады. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер tтістіктерді мəнерлі түрде еліктеу тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-əрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-тарс соғу.
Көсемшелі сөз тіркесі. Көсемшелер-синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы, баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады. Соңғы екі жағдайда да көсемшелік тұлғалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Солай болатындықтан көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердің модальдық, шақтық, видтық т.б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе əр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің ұстіне бірі жамалып, өз ара қат-
қабатала береді. Мысалы: асықпай оқыды,-асықпай оқып отыр еді,-асықпай оқып кетіп бара жатыр еді; осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауш мұште қызметінде дербес қолданылған да қалған көсемшілер тұтас бір түйдекті тіркес қураған. Кейде осы тəрізді қат-қабаттаулдың нəтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жүмсалатын тіркес қүрамында бес етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер қурамында он етістікке дейігн болады. Мысал:1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді, 2.Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп жығылып қала жаздап еді. Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар қүраған: соңғы төрт сөз баяндауш қызметінде қалған үш топ əр түрлі пысықтауш қызетінде айтылған: 1) асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп жығылу.
Достарыңызбен бөлісу: |