Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет6/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Есімшелі тіркестер. Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы
– есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы; орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кіс, айтар сөз.
Есімдікті тіркестер. Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау жəне жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан?
Үcтеулер. Үстеулер-өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Үстеулердің есім сөздермен тіркесуё кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім жəне бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды.
Матаса байланысқан сөз тіркестері. Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланыс формаларының бірі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы; Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары ілік жалғауда, екінші сыңарлары тəуелдік жалғауда айтылған.
Сөйлемдегі сөздердің осылай байланысуы – қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы ерекшелігінің бір. Ондай сөз тіркестерінің байланысын бірқатар авторлар қиысу деп қарайды. Енді бірқатар авторлар басқа тілдерде бар байланыс формасының, əйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру деп таниды. Дұрысында, біздің матасу дегеніміз бен қиысудың кейбір сыртқы ұқсастығы бары рас. Бірақ екеуі бір емес; екеуінің мазмұны да, сөз тіркесін құраудың қызметі де екі басқа. Оның соңғыдан негізгі айырмашылығы мынау; егер меңгеруде өзара байланысқан сөздердің бірі екіншісіне бағынып тұлғаланса, матасуда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас байланысады. Басқаша айтқанда, бір сөздің белгілі жалғауда тұруын керек ететін сөз оның жетеінде айтылып, оған бағынып тұрады. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптік мағынасына лайық, белгілі грамматикалық тұлғада айтылса, матасуда керісінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық мағынасымен үйлесіп, тісті граматикалық түлғада айтылса, матасүда, керсінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық мағынамасы мен үйлесіп, тиісті граматикалық түлғада «тəуелдікжалғауда) жүмсалады. Сөйте түрып, ол бағыныңқы сөздің тиісті жалғауда «ілік септікте) айтылыуын керек етеді:
Менің қарындасым келді, Сенің қарындасың келді, Оның қарындасы келді.
Мұнда тəуелдік жалғаулардағы бастауыштарға баяндауыштар бағындырылып, ілік септікті сөздер олардың анық тауыштары болып түр. Ортадағы сөздің бірде I жақтық, бірде II жақтық, бірде III жақтылық түлғада айтылыуы оның бағыныңқысының ерекшелігіне қарай түрленетін болады да, олардың қай жақта болыуымен байланысты. Сонда тəуелдеулі сөздер өзіне бағыныңқы сөздердің мағыналық байланыслы айқасқан байланыс болады. Оны қиысумен салыстыра стрелкамен көрсетсек, былай болар еді.
Қиысу Матасу
Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Анықталушы
Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау қазақ тілінің, сонымен қатар басқа түркі тілдерінің де сөйлем қурылысында бар синтаксистік ерекшелікті дұрыс тануға себепкер болады. Олай етпей, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақтық, сандық қиысу тұрғысынан карағанда, ондай топтағы басыңқының тұлғаланыуы ескеріледі де, ілік жалғауындағы сөздерге бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны ескерілмеген болады. Шынында да, олардың екі жағын бірдей ескеріу керек.
Матасу деген терминді қлдануда изафеттік қурылыстағы (Темірбектің інісі тəрізді) тіркестін сол сияқты басқа сөз тіркестермен де тізбектеліп, шиыршықтана беретінін ескеру қажет. Мысалы: Темірбектің інісі; Темірбектің інісінің пальтосы; Темірбектің інісінің пальтосының түймесі; Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің бауы;
Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байланысқа еніп, 3-4 сатылы шумақты топ жасалған. Ол топтың бірінші жəне соңғы сөзінен басқалары да анықталушы, əрі анықтауыш болып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан бір синтаксистік шумақ болып тұрады.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерімен өзара матастырып тұратын грамматикалық тұлғалар – ілік, тəуелдік жалғаулары. Сонда ондай сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауында айтылады да, екінші сыңары тəуелдік жалғауда болады. Тек біз, сіз деген екі есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін сөз жалғаусыз да айтылады; біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала, сіздің ауыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет