Сөздердің синтетикалық байланысы қалай жасалады?
Сөздердің аналитикалық байланысы қалай жасалады?
Сөздердің байланысу формалары қандай?
Пайдаланатын əдебиеттер
Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы. 1992.
Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006
Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
Сөз тіркесін топтастыру принциптері. Есімді сөз тіркесі
Жоспары
Сөз тіркесін топтастыру туралы
Есімді сөз тіркесі туралы түсінік
Есімді сөз тіркесінің түрлері
Тірек сөздер; cөз тіркесі, есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі, қабыса байланысқан, матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесі.
Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым-қатынасына қарай, сөз тіркесін “предикативті” жəне “предикативті емес” деп екіге бөледі де, соңғыдан “толықтауыштық”, “анықтауыштық” жəне “пысықтауыштық” сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін “сөйлем мүшелерінің тіркесі” деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл
–бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дəрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен-бірі тіркесу нəтижесінде белгілі мүшелі қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.
Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу обьектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек.
Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі обьектісі – сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі – олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде
жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен жəне өзара тіркесу қабілеті, байланысу тəсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жəне етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты əр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын жəне сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек – сөздердің байланысу формалары. Есімді жəне етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса жəне меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса жəне меңгеріле байланысады.
Соңғылар қандай сөздерден құралатынына қарай өзара тағы бірнеше топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |