Өздігінен білім жетілдіру деген не? Өздігінен білім жетілдіру


ЕСКЕРТУ Жас мамандарға арналған



бет6/7
Дата11.10.2022
өлшемі28,64 Kb.
#152617
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ

ЕСКЕРТУ

Жас мамандарға арналған:


∙ Оқыту ойындар тиімділігін көтеретін тәсілдер.
∙ Тыңдамайтын балаға қолданатын әдістер.


5 жылдан аса істейтін тәрбиешілерге:
∙ Нұсқаулық білім берудің жағдайларында және оның сапасы мен тиімділігін көтеру мақсатымен оқу-тәрбие үдерісінде жобалау тәсілдерін меңгеру.
∙ Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдауын қалыптастыру, алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін белсендіру.
Тәжірибелі шығармашылық жұмыспен айналысатын тәрбиешілерге:
∙ психолого-педагогикалық ғылымның және әлеуметтік қоғамның сұранысының дамуы ның беталысындағыөзінің іс-әрекетінің қайта жобалау қабілетінің дамуы.
∙ Педагогтың шығармашылық потенциасын көрсету.
∙ Өз жетістіктерін жариялау.
∙ Зерттеу іс-әрекетінің дамуы.
Арнайы білімі жоқ педагогтарға:
∙ Балалармен жұмыс істеу әдістемесін меңгеру.
∙ Педагогикалық іс-әрекеттің бейімделуі.Өздігінен білім жетілдіру тақырыбы болу мүмкін:
∙ Педагогқа қиыншылық туғызатын мәселе;
∙ Бар тәжірибе сін толықтыру.
Педагогтың мамандық өздігінен білім жетілдіруі табыстығы тікелей аға тәрбиешілердің көмегі және қолдауына байланысты. Тәрбиешіге әдістемелік жұмыс қажет:
∙ тақырып, мақсат пен міндетті таңдауда
∙ Өздігінен білім жетілдіру жоспар құруда
∙ Жоспарды жүзеге асыруда
∙ Өзінің жұмысының талдауы мен нәтижелілігінде


Тақырып бойынша жұмыс кезеңдері

Өздігінен білім жетілдіру тақырыбы жұмыстың кезеңдерін көздейді. Бірінші - өздігінен білім жетілдіружоспарын бес жылға жоспарлау. Жоспарда кезеңдер әр жылға бөліну, талдау жұмысы, ӘБ жиналған материалдардың презентациясын көрсету, семинарларда, конференцияларда, пән бойынша баспа өнімдерінің нәтижелері көрсетілу қажет.



І жыл – тақырыпты таңдау, еліміздегі, аймақтағы, қаладағы әріптестер жасаған АТҰ жұмысымен танысу;тақырып бойынша библиография ны бекіту; мақсат пен міндеттерді қою

ӘБ отырысында сөз сөйлеу

ІІ жыл – теориялық материалдар жинақтау; келесі жұмыстың ғылыми негізін құрастыру; практикалық бөлімге деген әдістерді жинақтау.

Педагогикалық кеңесте баяндама жасау

ІІІ жыл – нақты оқиғаға теориялық материалды жинау(сынып, пән бойынша); таңдаған әдісті практикалық түрде қолдану; мониторинг, сауалнама.

Қалалық ӘБ, семинарда сөз сөйлеу

ІҮ жыл – Теориялық материалға сүйене отырып, алған тақырыбы бойынша өзінің жұмыстарын құрастыру; қолдануы, коррекция, нәтижесінің жүйелілігі, ұсыныстар.

Қалалық, республикалық конференцияда сөз сөйлеу, ашық сабақтар.

Ү жыл – Тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, шығармашылық жұмыс түрінде құрастыру,ғылыми жетекшіден рецензия алу, қорғауға дайындалу.

Қалалық, аймақтық конференцияда сөз сөйлеу, ашық сабақтар.
Өз педагогикалық тәжірибесін көрсету: қалалық, республикалық конференцияда сөз сөйлеу, педагогтарға арналған шебер-класс, арнайы ғылыми-әдістемелік журналдарда басылу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет