Бұл Стокс формуласы.
Пуазейл формуласы. Сұйық дөңгелек түтікпен қозғалған кезде түтік қабырғаларындағы сұйықтың жылдамдығы 0-ге тең, ал труба осінде максимал болады. Ағысты ламинарлық деп есептеп жылдамдықтың түтік осінен ара өқашықтық r тәуелділігін табуға болады:
, (7.6)
мұндағы, vo – түтік осіндегі сұйық жылдамдығының шамасы, ал R – түтік радиусы
Ағысты ламинарлық деп есетеп сұйықтың ағынын Q есептеуге болады, бұл түтіктің көлденең қимасы арқылы бірлік уақытта өтетін сұйық көлеміне тең:
, (7.7)
мұндағы – трубаның бірлік ұзындығындағы қысымның түсуі. Бұл формула Пуазейль формуласыдеп аталады. Осы формулаға сәйкес сұйық ағыны қысымның түсуіне пропорционал.
Бұл формула сұйық тұтқырлығын анықтау үшін қолданылады. Сұйықты капиляр арқылы жіберген кезде қысымның түсуі мен сұйық ағысын өлшеп, табуға болады.
Тербелістердеп уақыт бойынша белглі бір қайталанушылықпен ерекшеленетін прцестерді айтады. Қайталанушылықтың мұндай қасиетіне мысалы, сағат маятнигінің тербелісі, шек тербелесі немесе, камертон аяқтары, радиоқабылдағыш контурындағы конденсатор орамалары арасындағы кернеу ие бола алады. Қайталанушы үрдістің физикалық табиғатына қарай тербелістер мынадай түрлерге бөлінеді: механикалық, электромагниттік, т.б.
Тербелуші жүйеге тигізетін әсерінің сипатына қарай еркін (немесе меншікті) тербелістер, еріксіз тербелістер, автотербелістер және параметрлік тербелістерді кездестіреміз.
Ең қарапайым тербелістерге гармоникалық тербелістер жатады, яғни тербеліс кезінде тербелуші шама (мысалы маятниктің ауытқуы) уақыт өте келе синус пен косинус заңымен өзгереді. Тербелістердің бұл түрі әсіресе мына себептерге байланысты аса маңызды: біріншіден, тербелістер табиғатта және техникада гармониялық түрге өте жақын сипатта болады, және, екіншіден, бөтен формадағы периодтық үрдістер (уақытқа басқаша тәуелділіктегі) бірнеше гармониялық тербелістердің қабаттасуы ретінде көрінуі мүмкін.