Қозғалмалы ойындар. Оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Ойын туралы түсінік


Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі40,02 Kb.
#97229
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ
Протокол, Инструкция по АзияКредитБанк, Инструкция по АзияКредитБанк, Инструкция по АзияКредитБанк, ПП 288 от 30 11 2016 10 01 2017-утвержденный, ПП 288 от 30 11 2016 10 01 2017-утвержденный
3. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу.
Ойынды өткізуге даярлау.
Ойынды өткізуге даярлау егер ойын алғаш рет ұсынылса және оның барысында қалыптасуы мүмкін барлық жағдаяттарда педогок алдын-ала көре алмайтың кезде өте маңызды.
Ойынды таңдау ең алдымен сабақтың жалпы міндеттеріне тәуелді, оларды құру кезінде негізгі критерийлер оқушылардың жас ерекшеліктері, олар дамуы, дене даярлықтары, қатысушылардың саны болып табылады.
Ойынды таңдау кезіңде сабақ формасын (сабақ, қоңырау, мереке,қыдыру) ескеру қажет. Сабақ пен қоңырау уақыт бойынша шектелген; сабаққа қарағанда қоңыраудағы ойын мазмұны мен міндеттері өзгеше; мереке кезінде негізінен әртүлі жастағы және әртүрлі дене даярлығы бар балалрдың бәрі қатыса алатын көпшілік ойындар мен аттракциондар қолданылады.
Ойынды таңдау оның өткізілу орнына тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар залда немесе аланшада сызықтық сапқа тұруы бар ойындар, кезектесіп қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залдарда немесе алаңдарда бытырап жүгіруі, спорттық ойындар элементі, үлкен және кіші доптарды лақтыруы бар ойындар өткізген жақсы. Қыдыру және экскурсия кезінде жер қолданылатын ойындар ойналады. Алаңда қыс болғанда шаңғыдағы, конькидегі, шанадағы ойындар өткізіледі.
Ойынды көшеде ұйымдастыру кеінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн (әсіресе қыс күндері). Егер ауа температурасы төмен болса, қатысушылардың белсенді қозғалысы бар ойындар таңдалады. Өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын ойындарды қолдануға болмайды. Қатысушылардың ойын тапсырмасын кезектесіп орындайтын аз қозғалмалы ойындар ыстық ауа-райы кезінде өте қолайлы. Көмекші құрал мен инвентардың болуы ойынның таңдалынуы әсер етеді. Сәйкес инвентардың болмауы немесе оны сәтсіз ауыстыру кезінде ойын құрылмауы да мүмкін.
Ойынға арналған алаңды даярлау.
Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау.
Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды алдын-ала талдау.
Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет.
Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек.
Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
ОЙЫНҒА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ.
Сонымен, ойынды өткізу кезінде жетекшіге келесі аспектілерді ойлап тауып, есепке алу ұсынылады:

  1. Балалар ойнайтын ойын ережесі және талаптармен танысу. Ол басталмас бұрын барлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау.

  2. Балалардың даму деңгейін, олардың талаптарын, қолдарынан келерлері мен келместерін ескеру. Балалардың бойы, күші, өмірлік тәжірибесіне сәйкес берілген жастық топтың қол жетерлік ойындарды ғана ұсыну. Өздері күрделі болатын қатысушыларды ойыннан сәтті шығара білу.

  3. Ойыншылар бойында жоғары энтузиазм қатты қозу болуына қамту.

  4. Қарапайым ойыншы ретінде ойынға қатысуға даяр болу, үлкендер жасауға болмайтын да ережелерге бағыну.

  5. Компенетті емес және координацияланбаған балаларға көмектесу, олардың машықты деңгейлерін есепке ала отырып жаттығу орындауға мүмкіндік беру немесе орындауға тапсырма беру. Белгілі бір кемшілігі бар бала сот – хронометрист, ұпайлар есепшісі немесе өзі қатыса алмайтын ойында бас сот болғаннан қанағаттану сезімін алады. Кейбір балалардың қателеріне көңіл бөлмеу қажет немесе ойынды тоқтатпастан оларды байқап түзету. Егер бала ережені бұзса немесе ойынды қателесе басқалардың алдында оған ұрсып-зекімеу.

  6. Әрбір ойын ережесін уақытында түсіндіру және балаларға белсенді ойын басталмас бұрын бір немесе бірнеше рет машықтануға рұқсат беру. Егер баллар жетекші ұсынған бірінші ойынды қабыл алмаса, қорда алдын-ала даярланған альтернативті ойындардың бір қатары және қажетті құралдарға ие болу.

  7. Балалардың жастары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ойындар арасында демалыс уақытын беру.

  8. Курделену мүмкіндіктерін есепке ала отырып ойынды таңдау: қарапайымнан бастап, машықтандыра отырып, балалардың ептілігін жақсарту шарасы бойынша үнемі күрделендіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет