Тірі ұлпалардың биологиялық қасиеттері. Қозу процесінің даму сатылары
Тітіркенгіштік - тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік сипатсыз, жалпылама реакциялармен - зат жəне энергия алмасу процесінің өзгеруімен, беретін жауабы. Бұл реакцияларға шек- телген сипат тəн, олар тірі құрылымның белгілі бір учаскесінде шоғырланады, басқа учаскелерге таралмайды.
Жануарлар ұлпасына тітіркенгіштік қасиетпен қатар қозғыштық тəн. Қозғыштық деп тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіне тəн телімді реакциямен, таралатын əрекет потенциалымен (тітіркеніспен) жауап беруін айтады.