Қозғыш тканьдердің физиологиясы


Қозу процесінің даму сатылары 2-сурет. Жүйке талшығындағы əре- кет жəне қозғыштықтың өзгеру сатылары (Ə)



бет5/5
Дата18.02.2022
өлшемі4,02 Mb.
#132336
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қозғыш тканьдердің физиологиясы

Қозу процесінің даму сатылары

2-сурет. Жүйке талшығындағы əре- кет жəне қозғыштықтың өзгеру сатылары (Ə):

1 - шектелген үйексіздену потенциалы;

2 - потенциал шыңы;

3 - іздік үйексіздену;

4 - іздік гиперүйексіздену;

5 - қозғыштықтың орнықты жоғарылауы;

6 - абсолюттік рефрактерлік;

7 - салыстыр- малы рефрактерлік;

8 - экзальтация сатысы;

9 - субнормалы саты; а - тыныштық тогы; б - қозғыштықтың бастапқы деңгейі (Л. Морган сызбасы).

Қозу процесінің даму сатылары


Абсолюттік рефрактерліктен кейін ұлпалардың қозғыштығы біртіндеп бастапқы қалпына оралады. Қозғыштықтың төмендеген осы кезеңін салыстырмалы рефрактерлік кезең деп атайды. Ол кері үйектенумен - əрекет потенциалы шыңының төмендеп, оның іздік үйексізденуге айналған кезеңімен сəйкес келеді (152-сурет, 3,7). Салыстырмалы рефрактерлік сатысы жүйке талшықтарында 1–10, ал ет талшықтарында 30 мс. дейін созылады.
Осыдан кейін экзальтация сатысы деп аталған қозғыштық- тың жоғарылау сатысы басталады (латын тілінен аударғанда exsaltatіo – күшті қозған деген мағына береді). Мерзім жағынан бұл кезең іздік үйексізденудің соңымен сəйкес келеді. Экзальта- ция сатысының ұзақтығы жүйкеде - 20, бұлшық етте - 50 мс ша- масында.
Экзальтация сатысынан соң ұзақ субнормалы саты бастала- ды. Бұл кезде ұлпалар қозғыштығы тыныштық сатысымен са- лыстырғанда, төменірек болады. Субнормалы кезең іздік ги- перүйектенумен сəйкес келеді.

Тәуелділік заңы


Ұлпалар физиологиялық тыныштық күйінен қозу жағдайына көшу үшін тітіркендіргіштің белгілі деңгейде күші, əсер мерзімі (уақыты) жəне əсер күшінің өсу шапшаңдығы (градиенті) болуы шарт. Осы тəуелділікті үш заңмен бейнелейді.
Күш заңы - тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым, (белгілі бір шекке дейін) ұлпаның жауап реакциясы да күшті болады.
Мерзім заңы - тітіркендіргіштің əсер мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) ұлпаның жау- ап реакциясы да күшті болады.
Градиент заңы. Қозу процесі туындау үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығының - градиентінің маңызы зор. Тітір- кендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі ұлпа реакциясы күшті болады.

Күш заңы

Бақылау сұрақтары


1. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық күйлерін атап, оларға сипатта- ма беріңіз.
2. Тітіркенгіштік жəне қозғыштық. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық қандай?
3. Тітіркендіргіш дегеніміз не жəне олар қалай жіктеледі?
4. Қозу процесінің дамуында қандай сатылар болады?
5. Тітіркендіру ырғағын игеру, оптимум жəне пессимум дегеніміз не?
6. Қозу процесі даму үшін қандай шарттар қажет?
7. Қозу процесінің белгілерін баяндаңыз.
8. Тыныштық потенциалы дегеніміз не жəне ол қалай пайда болады?
9. Əрекет потенциалы дегеніміз не жəне оның пайда болу механизмі қандай?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет