Қозғыш тканьдердің физиологиясы


Қозу процесінің даму сатылары



бет4/5
Дата18.02.2022
өлшемі4,02 Mb.
#132336
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қозғыш тканьдердің физиологиясы

Қозу процесінің даму сатылары

  • Ұлпаларда пайда болатын қозу процесі - тұтасқан, толассыз құбылыс емес, ол үздік-үздік, белгілі бір ырғақпен пайда болатын процесс. Оның себебі, қозудың пайда болып, дамуы кезінде ұлпалардың қозғыштық қасиетінде сатылы өзгерістер байқалады. Ұлпада үйексіздену (деполяризация) процесі жүріп, шектелген, таралмайтын қозу процесі пайда болған кезде аз уақытқа қозғыштық жоғарылайды (152-сурет, 1,5).
  • Шектелген қозу таралатын қозуға айналғанда, натрий иондары торша ішіне ығысады да, əрекет потенциалының шыңы байқалып, ұлпаның қозғыштығы күрт төмендейді (152-сурет, 2,6).
  • Бұл кезде ұлпалардың тітіркендіруге сезімталдығы уақытша жоғалады (абсолюттік рефрактерлік құбылысы), олар тітіркендіруге жауап бермейді (латын тілінен аударғанда rеfrаcta деген сөз - қабылдамау деген мағына береді). Абсолюттік рефрактерлік кезең əрекет потенциалы шыңының өрлеу тұсымен сəйкес келеді. Ол жылы қанды жануарлардың миелинді жүйке талшықтарында 0,5–1 мс, бұлшық етте 2,5–3 мс, ал жүрек еттерінде 300–400 мс уақытқа созылады. Абсолюттік рефрактерлік сатысында күрделі биохимиялық процестер жүріп, қозуды тудыруға қажет энергия бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет