3. Фиброздық гиперплазия (эпилипсияда дифенилгидантоинды қабылдауға байланысты) - Фиброматоздың тұқым қуалайтын формалары
4. Ерін және таңдай жырығы (жүктіліктің 1 триместрінде сәулелену не гормональды әсер, токсикоздың ауыр түрі) - тұқым қуалайтын ерін және таңдай жырығы (50 –ден астам синдромдар)
Фенокопиялар тұқым қуаламайды.
Модификациялық өзгергіштік (реакция нормасы)
Белгінің модификациялары минимумнан максимумға қарай реакция нормасының шегінде өзгеретін вариациялық қатар түзеді. Модификациялық өзгергіштіктің генотиппен анық талатын шегі реакция нормасы деп аталады. Реакция нормасы генетикалық факторлармен бақыланып, тұқым қуалайды.
Мысалы: ағаш жапырақтарының мөлшері
Адамның сандық белгілерінің өзгеруі. Адамның сандық белгілері:
2. Генотиптік өзгергіштік - генотиптің (генетикалық материалдың) өзгеруімен байланысты өзгергіштік сыртқы ортаға факторларына тәуелсіз және тұқым қуалайды.
Генотиптік өзгергіштік
Комбинативтік өзгергіштік
Мутатциялық өзгергіштік
Комбинативтік өзгергіштік –ата- аналар гендерінің қайта үйлесуіне (комбинациясы) байланысты өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштікте ата-аналарының гаметаларының қосылуының нәтижесінде гендердің жаңа комбинациялары пайда болады, бірақ ол гендер және хромосомалар ешқандай өзгеріске ұшырамайды.