Қалпағының диаметрі 3 – 25 см, оның төмен жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұзындығы 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің
Қалпағының диаметрі 3 – 25 см, оның төмен жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұзындығы 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің жағымды иісі бар.
Қозықұйрық жылыжайда ауа температурасы 11 – 14°С, ылғалд. 80 – 90% болғанда 1,5 – 2 айда пісіп жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі споралы Қозықұйрық – жеуге жарамды, оның құрамында 45%-дай белок болады. Қозықұйрықтың 2 түрі улы саңырауқұлақтың қатарына жатады.
Cаңырауқұлақ өсірудің тәсілдері Контейнерде қозықұйрық өсірудің ерекшелігі сол, онда саңырауқұлақ өсіру үшін арнайы жасалған және арнайы өңдеуден өткен ағаш контейнерлер қолданылады. Бұл жүйенің кемшілігі сол, ол қымбатқа түседі. Саңырауқұлақты сөрелерді өсіру әдісін голландтық әдіс деп аталады. Бұл жүйенің кемшін тұсы сол, аурулар мен зиянкестер сөрелермен және және тігінен тарайды - жоғары сөрелерден аққан артық су, құрамында қандай да бір аурулар немесе зиянкестер болса, төменгі сөрелерге тез тарап кету қаупі бар. Ал жүйектерде өсіру әдісі, әдеттен жерасты жайларында, мысалы: шахталарда, кейде бос тұрған көкөніс сақтау қоймаларында, т.б. жерлерде қолданылады. Дайын тыңайтқыш жерге, полиэтилен пленканың үстіне жүйе етіп төселеді. Бүгінде бұл әдіс сирей бастады, себебі бірқатар кемшіліктері бар. Атап айтқанда, жүйектерді тек қол жұмысымен жасалатындығы, жайдың ішін жинаудың қиындығына байланысты тыңайтқыштың құрамында бактериялардың, зиянкестердің болу ықтималдығы, және бір учаскеге инфекция жұқса, оның тез тарап кету мүмкіндігі.