97
Отбасында ата-әжеге, әке-шешеге, бауырларға риясыз, адал қызмет
етуіміз – бұл отбасылық өмірдің іргетасы, ондағы бақыт пен бірліктің,
отбасы өркендеуінің негізі болмақ. Сол себепті әр қайсысымыздың ең
жоғарғы борышымыз бен міндетіміз –
өз ата-аналарымызға, отбасы
мүшелеріне адал қызмет ету.
Әке туралы жыр
Сөзі Мұхтар Шахановтікі
Әнін Нұрғиса Тілендиевтікі
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен
мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде
мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН