Жақсылық жаса адамға
Сағындық Ордабеков
Қай қоғамда болмасын адамзат үшін ең қажетті, ең киелі екі ма-
мандық иесі бар: біріншісі – дәрігер, екіншісі – ұстаз десек, тәжірибелі
де білімді дәрігер – нағыз құнды маман. Өйткені, денсаулықтан артық
бұл жарық дүниеде қазына-байлық жоқ. Дәрігер күректеп ақша таппаса
да, өз еңбегінің, білімінің арқасында сырқаттарды жанына батқан
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚУАНЫШЫ
112
ауруларынан айықтырып, олардың өмірін ұзартуға себепкер болып
жатқанына іштей риза болып, қуанады, жүрегі жылып, жаны семіреді.
Сондықтан, дәрігер мамандығын адамдарды жақсы көретін жандардың
ғана таңдауын қалар едік. Адамдарды сүйген адамдар ғана жақсы
дәрігер бола алады.
Қазақтың ұлттық академиясының алғашқы президенті Қаныш
Сәтбаевтың қызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Қаниса Қанышқызы дәрігерлік мамандық туралы былайша толғанады:
«Алғашқы дәрісімнен бастап өз шәкірттеріме медицина қыз-
меткерлерінің еңбегі әрі құрметті, әрі жауапты екендігін әркез айтып
отырамын. Мен үшін бұл – бұлжымас заңдай. Екінші бір есте ұстар
мәселе – бұл салада білімге үстірт қарауға болмайды. Дәрігер болам
деген адамның институтта жүрдім-бардым оқуына жол жоқ. Өйткені,
өмір мен өлімнің белдесуінде кімнің жеңіске жететіні көп жағдайда
дәрігердің білімі мен білігіне байланысты. Ол қандай қиын жағдайға
тап болса да асып-саспай өз парызын өтеуге – адам жанын аман
алып қалуға тиіс. Міне, осындайда дәрігердің мамандығы бойынша
жинақталған тәжірибесінің мәні аса зор болмақ». Осы сөздерді оқыған
сәтте менің көз алдыма өзі¬нің дәрігерлік қызметін жанындай сүйетін,
ізденуден жа¬лықпайтын әріптестерім келеді. Солардың бірі Денсаулық
сақтау министрлігінің бас ангиохирургі болған, «алтын қолды оташы»
атанған, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Уалихан Жақыпов болатын. Ол сонау студенттік
шағынан еңбекке ерте араласып, ғылыми орталықта санитарлық
қызметтен бастап, елімізге белгілі ғалым-хирург деңгейіне жеткен
жаны жайсаң, көңілі жарқын, көпшіл,
азаматтық қасиеті жоғары азамат еді.
Сол қасиеттерімен елдің есінде қалды.
Ол операцияны ерінбей-жалықпай
орындап, сәтті аяқтап шығатын.
4-5 сағат аяғынан тік тұрып, жаны
қиналып шыққан кезде маңдайындағы
терін сүртіп отырып, латын тілінде:
«Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім, басқалар одан жақсы жасай
алса, қолға алсын» – дейтін. Сол азамат басқаларды ажал тырнағынан
арашалай жүріп, өзі жазылмас дертке шалынды. 2008 жылы дер
шағында о дүниелік болып кете барды... Иә, дәрігердің қызметі солай
– өзге жандарға денсаулық, қуаныш, бақыт, өмір сыйлай жүріп, кейде
өзі қалай сөніп қалғанын білмей де қалады. Бірақ олар¬дың адамдық
Өзге біреуге жасаған
жақсылығың ертең
өзіңе, ұрпағыңа қайтып
оралатынын естен
шығармалық, қадірменді
ағайын!
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚУАНЫШЫ
113
жарқын бейнесі, игілікті істері көптің көңілінде, халықтың ойында
қалады, әріптестерінің ардағына айналады.
Ғұлама әл-Фараби: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде біз
өз бойымыздан, әрі өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті
табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгілікті, қайырымды бо-
ламыз» депті. Осы асыл қасиеттерді көптің бойынан тауып жатсақ несі
артық!
«Ұлтқа қожалық жасауға болмайды, оған тек қызмет ету керек» –
деп Мұстафа Ататүрік қалай тауып айтқан. Адамдардың алдында ары
таза болып, елге беріле қызмет ету қасиеті бастықтың да, байдың да,
шенеуніктің де бойынан табылып жатса қандай ғанибет!
Таяуда қазақтың дегдар азаматы Дінмұхамед Қонаевтың естелік
кітабын оқып отырып, оның мына парасатты сөздеріне көңіл аудар-
дым: «...Мен бірде-бір адамның, мейлі ол кім болсын, қай ұлттан бол-
сын, меселін қайтарып көрген емеспін. Үміттің аяқасты болуынан
артық қорлық жоқ. Жердің үстімен келіп, астымен қайтқаннан асқан
азап болмайды. Жақсылығыңды адамға жаса, сол үшін жаса, сол үшін
елдің сенген тізгінін ұстап отырсың. Күнде жұмысқа келе жат¬қанда
осы ой жетелеп кеп табалдырықты аттаттырады» – деп жаз¬ған екен ол.
Осы дана сөздерді оқып отырып, еріксіз ойға бері¬лесіз: осындай ұстам
қазіргі билікте отырған кейбір шенеуніктердің бойынан табыла бере ме
екен? Қайдам, менің оған күмәнім мол...
Сөзімнің соңында жазушы Виктор Гюгоның өз заманында адам-
затқа арнап: «Қайырымдылық жасауға асық!» деген сөзіне жүгін¬сем
деймін. Неге десеңіз, бұл сөз әлі де құндылығын жоғалтқан жоқ. Сон-
дықтан, қолдан келгенше біреуге жақсылық сыйлауға, қиналғанға
қол ұшымызды беруге, қайырымдылық көрсетуге әрдайым асығып
тұралық. Өзге біреуге жасаған жақсылығың ертең өзіңе, ұрпағыңа
қайтып оралатынын естен шығармалық, қадірменді ағайын!
•
Автор неліктен дәрігер мен ұстаз мамандығын киелі мамандық
дейді?
•
Өзгелерге қызмет ету адамды қандай игіліктерге жеткізеді?
•
Сізге мәтіндегі қай кейіпкердің ойы ұнады? Неліктен?
•
Адам неліктен өз жасаған жақсылығынан қанаттанып,
рақаттанады деп ойлайсыздар?
•
Өзіңізге өзгелердің жасаған жақсылығы есіңізде ме? Сол кезде
қандай сезімде болдыңыз?
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚУАНЫШЫ
114
Достарыңызбен бөлісу: |