109
қойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отырысында айтып едім,
көпшілік қолдады. «Сөз анасы – сәлем» демей ме қазақ, сол асыл сөзді
кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең – Жамбыл Жабаев түсті.
Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде
қасыма
ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз
адамдарды ертіп Жәкеңнің аулына келдік.
...Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы,оның
айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын
алдыртып, шанағын қағып-қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды
нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын
қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын
аңдып дайын отыр. Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік
дүниеге айналып жатты…
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Шамы Күндей
жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл
құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы
оралдық. Қуанышымыз шексіз.
Тез арада Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс
ақындары аударды. Артынша қарағандылық кеншілер хатын, Жамбыл
өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем-сауқатты алып
Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті.
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚУАНЫШЫ
110
Жәкеңнің
өлеңі көп кешікпей
Бүкілодақтық радио арқылы оқылды,
сан мәрте плакат болып басылып, қала
көшелеріне ілінді. Сол кезді көзімен
көрген көрнекті орыс жазушысы,
публицист
Всеволод
Вишневский
«Правда» газетіне былай деп жазды:
«…қалаға тез тараған плакаттан
Жамбыл
ақынның
«Ленинградтық
өренім» өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып
қайта-қайта оқыдық. Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне
шексіз риза болдық. Алыста жатса да арқа сүйер тірегіміз барына
қуандық».
Ағынан жарыла айтылған бұл
сөздің құдіреті Жәкең жырында,
жыр құдіретінде жатқанын түсіндік. Және орыс әдебиетінің аса ірі
өкілдерінің бірі Николай Тихонов Жамбылды – «Ақындар атасы» деп
атағанда өз халқына деген адал пейіл, таза жүректі бағалағаны болуы
керек. Шынында да «Ленинградттық өренім» деген бір ауыз сөздің
өзінде қаншама жылылық, нағыз жанашырлық пейіл жатқан жоқ па?!
Жәкең өлеңі тоңғандарды жылытты, қажығандарға әл берді, зұлым
жауға қарсы бітіспес күреске шақырды. Соғыс түнегіне көмілген ұлы
қаланың зеңгір аспанында найзағайдай ойнап,
қыспаққа алған жауға
сес көрсетті…».
...Адамдарды осылай достыққа, бауырмалдыққа шақырып,
қиындықта жаныңа жылылық құйып, рухыңды көтеретін жақсы
идеялар жан-жақтан туындап жатса, «Соғыс!» деген суық сөз жер бетін
кезбес еді-ау. Амал қанша, қазіргі адамзатқа жетіспей тұрғаны да осы
– бауырмалдылық, жанашырлық, қамқорлық. Дәрменсіздіктен «амал
қанша?» дейміз де қоямыз. Амал қанша…
•
Ленинград халқына Жамбыл ақын қамқорлықты қалай
танытты?
•
Жамбыл жырының Ленинград халқының еңсесін көтерту себебі
неде деп ойлайсыздар?
•
Айналаңыздағы адам, Отан игілігі үшін қызмет етіп жүрген
жандар жайлы не айтасыздар? Олар сіздерді несімен
қызықтырады?
•
Өзгелерге қызмет етіп, қуанышқа бөленген кездеріңіз бар ма?
Әңгімелеп беріңіздер.
...Адамдарды
осылай достыққа,
бауырмалдыққа шақырып,
қиындықта жаныңа
жылылық құйып, рухыңды
көтеретін жақсы
идеялар жан-жақтан
туындап жатса...
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚУАНЫШЫ