Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет75/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

4-тапсырма
Сіздер болашақтағы мамандықтарыңызды 
қалай таңдайсыздар? Бұл таңдаудың қандай себептері бар?
Кестені дәптерде толтырыңыз. 
Төменде берілген сұрақтар бойынша сыныпта пікір алысу 
ұйымдастырыңыздар. 
• 
Бейімділіктің, әуестіктің адам өміріндегі орны мен маңызы 
қандай?
• 
Сіздің өмірдегі мақсатыңыз, жүрек қалауыңыз, таңдауыңыз 
қандай?
• 
Өз мұратыңызға, арман-мақсатыңызға жетіп, қабілеттеріңізді 
ашу үшін сізге не қажет?
Жасампаз еңбекпен айналысқан адамның қандай 
кемелдікке жетіп, биік асуларды бағындырғанын сол 
адамдардың өмірінен көруге болады. Ол адамдарда 
болашаққа зор үміт, өзінің күшіне мол сенімі болған. Өзі 
таңдаған кәсіппен шұғылданып, бар ынта-жігерімен кіріссе, 
ол көздеген мақсатына жетпей қоймайды. 
Ұлы ағартушылардың бірі Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, 
«... тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі 
бір нәрсені тілемей тұрмайды; көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей 
тағы тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ал тілеуінің жолындағы қамалы 
да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым 
мақсаты да зор болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу 
адам баласын теңгеріп, арасына әділдік орнатып, дүниеден жұмақ жасау 
талабында болып, өмірін сонымен өткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай 
болу мақсатымен өмір өткізеді, әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ. Аз 
болсын, көп болсын әркімнің мүддесі бар; ұлы болсын, ұсақ болсын 
әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң талассыз, 
Себептің аталуы
Жан қалауы
Дарындылық
Қызығушылық
Қабілеттілік
Мүмкіндік
Еліктеушілік
Басқа да себептер
Себептің мазмұны
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚУАНЫШЫ


115
тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тартысады. Талас-
тартыс – табиғаттың негізгі заңының бірі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет