134
ұшырады. Екiншi мәрте – тағы да сәтсiздiк. Бiрақ ол өз мақсатынан
тайқып кетпей, қажымай-талмай еңбектене бердi. Ақырында, жеңiс!
Демосфен Ежелгi Грецияның ұлы шешендерiнiң бiрi болды. («Адам
мүмкiндiгiн бiлемiз бе?» Л.Рувинский)
Адам өмірдің бақытына, игіліктерге, ең бастысы
өзiн-өзi
танып, өз мүмкіндігі мен ерік-күшін ізгі мақсаттарға, оқып-
бiлуге жұмылдырып, дамытып, еңбектену арқылы жетеді.
Адамға табиғат берген қарапайым мүмкiндiктерiмен-ақ өзiн-өзi
кемелдендiрiп, бойындағы қабiлетiн дамытуда үлкен игі жетiстiктерге
жетуге болады. Әрине, нәтиже әркiмнiң өзiне байланысты. Адам өз
ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн, тiлегiн қажетiне қарай айқындап
ерiк-күшiн, жiгерiн соған бағындырса, оң нәтижеге жетедi. Дегенмен
де толық жеңiс үшiн бiлiм мен тiлек жеткiлiксiздеу, өйткенi бiлiм алуда,
қайсар мiнез бен барынша дамыған ерiк жоқ болса, тiлек орындалмаған
арман, қалықтап жүрген қиял боп қала бередi.
Абай атамыз айтқандай «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат»
болса, адам қандай еңбекте де өзін де, өзгелерді де қуанышқа бөлейді.
Достарыңызбен бөлісу: