Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет89/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

1-тапсырма.
Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, ерекше 
торкөзден «Адам» сөзін оқуға болады. Тапсырманы дәптерде 
орындаңыздар. 
1. Бүкіл адам баласы.
2. Адам бойындағы таза ниет, адамның сана-сезімі мен ар-
ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер. 
3. Адамға тән ізгі қасиет-болмыс.
4. Адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами 
қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарта білу
оларды жақын санап қамқорлық көрсетуі. 
1.
2.
3.
4.
АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА


139
2-тапсырма. 
Өсиет әңгімені оқыңыздар. Ондағы кейіпкердің өз 
ойы, сөзі, ісіне қатынасын білдіретін сөздері мен істерін іріктеп алып, 
кестені дәптерге толтырыңыздар. 
Үлкен бір ақсақалдан біреу сұрапты:

 Ақсақал, бұрындары жасап әлі де өкінетін қатеңіз болды ма?
– 
Иә, деді ақсақал, кезінде үлкен қате жасаған едім, ол жүрегімді 
отыз жылдан астам күйдіріп келеді. Ол қатемді есіме алған сайын 
өзіме жер таппай қаламын. 
Бәрі аң-таң:

 Қандай қате еді ол? Соншалықты не жасаған едіңіз?
– 
Отыз жыл бұрын қаламызда үлкен өрт шыққан. Жанған 
базардың ішінде менің де кішкентай дүкенім болатын. Ол кезде мен 
қала сыртында едім. Елдерден барлық көршілерімнің дүкендері жанып, 
тек менің ғана дүкенім аман қалғанын естідім. Қуанып «шүкірлер 
болсын!» деп, құдайга шүкір еттім. Бірақ бірден жәбірленген басқа 
бауырларымды ұмытып, жеке басымның қамын ойлағаным үшін 
ұялдым. Дереу қатемді түсініп, өкінгенімнің белгісі ретінде дүкенімдегі 
барлық заттарды кедейлерге тараттым. Алайда уақыт өткенімен, 
сол кездегі бір мезеттік өзімшілдік жүрегімде дақ болып қала берді, сол 
күнәнің өрті жүрегімде әлі де жанып тұр, – деді. («Жасаған қатесі» 
өсиет әңгіме).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет