Әдебиеттік оқу
Бекітемін:_____________ Күні:____________
Тақырыбы: Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып, бірлескен жұмыс арқылы нәтижелі білім алу жағдайын қамтамасыз ету. Әңгімедегі негізгі ойды таба білу, оқиғаны қиялымен ары қарай өрбіту, сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, СТО, АКТ, рөлдік ойын, бағалау, сұрақ-жауап, «Топтастыру», «Иә-жоқ» әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, бұлақтың, су көздерінің суреттері, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
«Досыңа бөлінген уақыт» тренингі арқылы сергіту жасалады.
Топқа бөлу.1,2,3, сандарын таңдату арқылы.
Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап
«Самал» мысалын сахналап беру. Әр топтан мысал кейіпкерін шығару:
Автор, самал, сәуле, шық.
ІІІ.Жаңа сабақ
-Оқушылар ендігі кезекте сіздердің таңдаған сандардан суреттер құрастырайық.
«Табиғат» «Бұлақ» «Жолаушы»
-Осы сөздердің мағынасын түсіндіріңдерші.
Оқушылар жауабы тыңдалады
Табиғат-тіршілік нәрі.Қоршаған орта.Туған елім мен жерім.
Бұлақ-ағып жатқан таза,мөлдір су. Жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі.
Жолаушы-белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.
Достарыңызбен бөлісу: |