«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Оқушының аты - жөні: Орындау уақыты: 20 минут
Тыңдалым және айтылым Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста:
– «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.
Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен болады. Бұл жазуды сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма, сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
– Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп түсінемін,- деп жауап беріпті.
|
|
|
|
Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікірлерін тауып, сәйкестендір.
|
|
|
Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе.
Бірінші жолаушы
Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.
Үшінші жолаушы
Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда
мұратыңа жетесің.
|
|
Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолданып, өз ойыңды жаз.
|
|
[6]
|
Балл қою кестесі
Үш бала орманға барды. Орманда жеміс-жидектер, құстар көп. Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды. Енді үйлеріне қайтып келе жатыр. Ата-анасына не деп айтарын білмей, қорқып келеді.
– Үйдегілерге не дейміз? – деді балалардың бірі.
Олар жол бойына тұра қалып, ақылдаса бастады. Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ?
– Мен орманда қасқырдан тығылып отырдым деп айтамын. Сонда әкем маған ұрыспайды, – деді бірінші бала.
– Мен жолда атамды кездестірдім деймін. Сонда анам ашуланбайды, –деді екіншісі.
– Ал мен шынымды айтамын, – деді үшінші бала. –Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)
Мәтінге ат қой. __________________________________________________________ Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тауып, қоршап сыз.
Балалар қандай сұраққа жауап іздеді? _______________________________________ Оған не әсер етті? ________________________________________________________ Мәтін бойынша «неліктен?» сөзін қатыстырып, 1 сұрақ құрастырып жаз.
_______________________________________________________________________
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |