31-32 АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
...Жайнар көңіл, қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса.
Шәкәрім
• Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Парасат майданы
(Үзінді)
Төлен Әбдіков
Өмiр – күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күресетiн болды. Одан
кейiн неше түрлi қару-жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды
жаппай қырғынға ұшыратты. Ендi, қатерi одан кем емес ақыл парасат
майданы шықты. Егер бұл майданда iзгiлiк жеңiске жетпесе, адамзаттың
рухани күйреу дәуiрi басталады. Одан құтқаратын күш жоқ.
... Сiз маған iзгiлiкке қалай сенсеңiз, зұлымдыққа да солай сенiңiз
депсiз. Құрбым-ау, олардың өмiрде бар екенiн мойындау сенiм емес
қой. Сенiм деген сол екеуiнiң бiреуiнiң адам үшiн қымбат екенiн, артық
екенiн мойындау. Достоевский: «Сенiм жоқ жерде – iзгiлiк те жоқ», –
дейдi. Сонда бұл қандай сенiм? Iзгiлiктiң болмыста бар екенiне ғана
сену ме? Жоқ, бұл – iзгiлiктiң жеңiсiне деген сенiм. Iзгiлiкке сенiм
артпаған адам ешқашан да жақсылық жасай алмайды.
Сiз тағы да ештеңеге «жақсы», «жаман» деп айдар тағуға болмайды
депсiз. Адам баласының хайуандар әлемiнен жоғары тұруы әлгi «жақсы»
мен «жаманды» айыра алатын парасатының арқасында ғана емес пе.
Егер бiз осы екi ұғымға лайықты айдар таға алмасақ, адамгершiлiк деп
аталатын ұлы шариғат та тумаған болар едi.
Адамгершiлiк – адами қарым-қатынастың қағидасы. Онсыз адам
өмiр сүре алмайды. (Рас, адамгершiлiк пен ардың заңын жиi-жиi
бұзатындар жеткiлiктi-ақ шығар, бiрақ оған қарап, адамзаттың бүкіл
болмысын жоққа шығару мүмкін емес).
...Жалпы, iзгiлiк пен зұлымдықтың табиғаттағы арасалмағы бiрдей,
тек сол тепе-теңдiктi сақтай бiлу қажет деген пiкiр, менiңше, жаңсақ
пiкiр.
Iзгiлiктiң көлемi зұлымдықпен ешқашанда тең болған емес. Себебi
146
iзгiлiктiң жолы жiңiшке. «Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат
жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол – тек қиянат жасамау» деген бiреудiң сөзi
бар. Сондықтан қолыңнан келсе, жасайтыныңды iзгiлiкке жаса. Ал
зұлымдық сенiң әлпештеуiңдi қажет те қылмайды. Бостандық деген
не? – Ар-ұяттың тазалығы», – деген бiздiң дәуiрiмiзден жетi ғасырдай
бұрын жер бетiндегi жетi дананың бiрi – Периандр Коринфский. Ғажап
емес пе! Яғни шын бостандыққа рухани кемелдену арқылы ғана жетуге
болады. Мiнеки, мұндай бостандықтың алдында бас киiмiңдi алып,
басың жерге жеткенше иiлу керек.
«Iзгiлiк қай ғасырда жеңiске жетедi? Анық дәлел бар ма?» – депсiз.
Iзгiлiктiң жеңiсiн жер бетiнен зұлымдықтың түп-тамырымен жойылып
кетуi деп түсiнсек, тым қарабайырлық болар едi, әрине. Iзгiлiктiң жеңiсi
– iзгiлiк туралы идеяның адамзат санасына берiк орнауы.
... Жалпы ерлiк дегеннiң өзi не
нәрсе? «Кеселдi кiсiнiң ер келетұғыны
несi?» – дейдi Абай. Қарап отырсаңыз,
бiздiң көбiне ер дейтiнiмiз кеселдi
iске жүрек жұтқандар. ...Ал рухани
ерлiктi қайтемiз? Мәселен, өз мiнiңмен
қателiгiңдi мойындаудан қорықпау, өзгеге қаталдық емес (одан оңай
не бар), өзiңе қаталдық көрсете бiлу, өзiңдi жазалай бiлу, қысқасы, ең
алдымен өзiңдi өзiң жеңе бiлу – мұның бәрi ерлiкке жатпай ма? Өзiнен
әлеқайда күштi жаудың аузына өз еркiмен түсуге жүрегiн даулата
бiлген жаңағы торғайдың ерлiгiн арыстанның қайталай алмауы әбден
мүмкiн. Бәлкiм, осы тұрғыдан кейбiр ұғымдарды қайта қарауға тура
келетiн шығар. Сiздiң бүкiл идеяңыз «iзгiлiк мұраттары жер бетiндегi
адамдардың кемелденбеген өмiрiне сәйкес келмейдi» деген тұжырымға
негiзделген. Рас, анық өмiрде кемелiне келген мүлтiксiз ештеңе жоқ. Бар
болса, ол әрi қарай дамымас та едi. Жер бетiндегi тiршiлiктiң мәңгiлiгiнiң
өзi мәңгi дамуға негiзделген. Сондықтан кемелiне жеткен мүлтiксiз
ештеңе болуға тиiстi емес. Бiрақ суретшi иә мүсiншi өз туындысын
жасағанда мiндетті түрде жаңағы өмірде жоқ кемелдікке ұмтылады.
Оған ешқашанда жете алмасын өзi де бiледi. Алайда соның арқасында
талай тамаша өнер туындыларының дүниеге келетiнi белгiлi.
Емделмейтiн ауруларды емдеу арқылы, алынбайтын қамалдарға
жасалған шабуылдар арқылы, сол жолдағы жеңiске бергiсiз жеңiлiстер
арқылы адамдар ғажайып рухани биiктерге көтерiледi, адами
мүмкiндiктiң көкжиегiн кеңейтедi.
Ендеше мұраттың қарабайыр тiршiлiкке сәйкес келмеуi оның
кемшiлiгi емес, керiсiнше, артықшылығы болмақ.
Өмiрдi жақсартуға болатын iзгi сезiмдер мен iзгi шарттарды құдай
Адамгершiлiк – адами
қарым-қатынастың
қағидасы. Онсыз адам өмiр
сүре алмайды.
АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
147
бәрiмiздiң бойымызға берген. Ендi сол шарттар мен ойға алған ниеттердiң
iске аспағанын өзiмiздiң табансыздығымыз бен жiгерсiздiгiмiзден
көрудiң орнына, ар-ұяттың құдiретiмен жасалған қасиеттi ұғымдарды
тәрк етiп, бүкiл адамзаттың парасатын жоққа шығарғымыз келедi.
Адами өмiрдiң заңын адам жасайды. Ол заңның iске асуы өзiмiздiң
құлқымызға байланысты. Рас, табиғаттың iрге тасында бiздiң қасиеттi
сезiмдерiмiздi қорлайтын қатал заңдар көп. Бiрақ, табиғаттың ол
заңдарымен өмiр сүретiндей, оны өзiмiзге тiршiлiк шарты етiп
алатындай – бiз хайуан емеспiз ғой.
...Кіршіксіз тазалықты талап ететін ұғымдар бар. Мәселен: махаббат,
арұждан, мұрат, әділдік, адалдық т.с.с. Сәл-пәл арамдық араласқан
адалдық, сәл-пәл әділетсіздік араласқан әділдік, сәл-пәл алаяқтау
махаббат болмайды. Олар я бар, я жоқ. Мұны абсолют десең де, демесең
де, негізгі мағынасы осы. Ал ізгілік мұратының табиғаты туралы өткен
хатта өз дәлелдерімді толық келтірген болатынмын. Оны қайталап
жатпаймын. Айтарым, ізгілік мұраты күн сайын өзінің орындалуын
талап етіп отыратын заң емес, ол заң секілді жағдайға қарай өзгеріп,
кезең сайын толықтырылып отырмайды.
Мұрат – баратын жерді емес, жүретін бағытты көрсетуші темір
қазық іспетті рухани жұлдыз. Сондықтан адамның өзінің кемшілігінен
туындайтын жердегі берекесіздікті көктегі жұлдыздан көрудің реті жоқ.
Жердегі өмірді жақсарту үшін
мұратты емес, адамды жөндеу керек,
адамды.
Екіншіден, ізгілік пен зұлымдық
атауын өзгерту тек күнәһарлар мен
қылмыскерлерге ғана тиімді болуы мүмкін. Өйткені бұл оларды
маңдайларына басылған қара таңбадан бір-ақ сәтте құтқарар еді. «Мейлі,
ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты
зұлымдық деп өзінің атымен атаңдаршы», – дейді Федор Достоевский.
Осы кісінің айтқаны дұрыс секілді.
... «Күнәһәрмен емес, күнәнің өзімен күресу керек», – деген М.Ганди.
Күнәдан жиіркенбейтіндер күнәмен ешқашанда күреспейді.
Адамның ар-ұятына байланысты ұғымдардың мойындалмай, тіпті
мүлде керісінше сипат алуы мені ұзақ ойландырды. Ақыры бір тоқтамға
келгендей болдым...
Мәселен, ұрлық жасау барлық елдің ұғымында масқара болып
есептеледі. Бірақ ұрлықтан дәм татып дәніккен адамға ол ешқандай
да масқара емес... Яғни белгілі бір табалдырықтан аттағаннан кейін,
саған әлдебір хайуани бостандық келеді, жиіркенуден арыласың. Бәрі
де бой үйренуден басталады: темекі де, маскүнемдік те, нашақорлық
Мұрат – баратын жерді
емес, жүретін бағытты
көрсетуші темір қазық
іспетті рухани жұлдыз.
АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
148
та. Әлдебір қылмысқа батыл қадам жасасаң болды, әрі қарай өзінен-
өзі майға түскен пышақтай жылжып кете береді екен. Өйткені ар
табалдырығынан аттағаннан кейін-ақ, жамандыққа бой үйренеді.
Табалдырықтың ар жағында тұрған адамға ештеңе де ұят емес.
Ештеңеден де қысылмайды. Өйткені басқа территорияда тұр. Ол тек
осыны неге ертерек жасамадым деп өкінуі мүмкін. Алайда, бір затты
естен шығармаған жөн. Табалдырықтан аттау – аттамағаннан жүз есе
жеңіл. Аттау үшін үлкен күш жұмсаудың қажеті жоқ. Iшкі жеңілтек
(хайуани) сезімдеріңе ерік берсең болды. Ал аттамау үшін үлкен
қайрат керек... Ондай жігерің болмаса, «табалдырықтан аттай салғанда
тұрған ештеңе жоқ» деп өзіңді-өзің алдап, жұбатқаннан басқаға шамаң
келмейді. Олай болса, адамгершілік деген қалаған кезде кіре салатын
есігі ашық тұрған иесіз үй емес, үлкен рухани жігерді, төзімді қажет
ететін, шарты қатал, кіруі қиын сәулетті ғибадатхана. Ал қиындыққа
төздіретін, жігеріңді құм қылудан сақтайтын жалғыз нәрсе өмірге
рухани мән-мағынаны ізгілік қана бере алатынын арыңмен, жаныңмен
сезінуің ғана.
•
Мәтіндегі «Iзгiлiкке сенiм артпаған адам ешқашан да жақсылық
жасай алмайды» деген сөзді қалай түсіндіңіздер?
•
Автордың «Шын бостандыққа рухани кемелдену арқылы ғана
жетуге болады» деген ойын қалай түсіндіңіздер?
•
Адамды жамандыққа не итермелейді? Ал жамандаққа қадам
бастырмайтын не деп ойлайсыздар?
•
Ар-ұяттың адамның адал күзетшісі болуының себебі неде?
•
Осы мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |