Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет12/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

2-тапсырма.
Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық 
ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік 
айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» 
әдiсiмен талқылаңыздар.
3-тапсырма.
Сүйіспеншілік, шыдамдылық, жанашырлық, адалдық, 
жауапкершілік қасиеттері көрініс табатын өмірлік жағдаяттарды 
ойластырып, сахналаңыздар.
Дүниетаным – адам санасының қоғамдық өмірге, 
табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Адамдардың өмірлік 
позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті. 
Дүниетаным – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын 
түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы. 
Адам дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі үдеріс. 
Сондықтан да ол адам өмірін тұтас түгел қамтиды, нәтижесінде жеке 
көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке 
адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Сондықтан да әрқашан 
өмірде ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені 
дәл жеткізу маңызды. Ақиқатқа шындық, дұрыс әрекет, тыныштық, 
қиянат жасамау және сүйіспеншілікті күнделікті өмірде іс жүзінде 
көрсету арқылы жетуге болады. Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


19
сүйіспеншілік және қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, 
тұратын ортасына байланыссыз және уақытпен өзгермейтін мәңгілік 
жалпыадамзаттық құндылықтар.
Дүниені мәңгілік жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан тану – 
жер жаһан шындығын, күш-қуатын парасат білімімен пайымдау, ұғыну, 
оны адам игілігіне айналдыру үшін оның бар болмысын ізгілікпен тану. 
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет